.
.
Күні: Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс жасау
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4344 | Размер: | Автор: гостьПәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 2 Сабақ №: 11
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты: Графикада қолданылатын материалдар туралы түсінік қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімдік.Оқушыларға бейнелеудің графика жанры, оның материалдар туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Бейнелеу ережелерін түсіндіре отырып, көркем шығармада штрих түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Типі.Жаңа білім беру.
Түрі. Фантазиялау (қиялдау) сабағы.
Әдісі:Түсіндірмелі, иллюстрациялы.
Қажетті құралдар: Қара , түрлі-түсті қаламсаптар, қарындаштар .
Көрнекілігі: Слайдтар, плакаттар, А3, А4 қағаздар, үлгі полиграфиялық ашық хаттар,өшіргіш, түсті қарындаштар, пасталы қаламсаптар.насихаттық плакаттар, т,б.
Пәнаралық байланыс: Математика:Пішіндер, қашықтық, пропорция.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Жұмыс орнын дайындау.
Ә)Оқушыларды түгендеу.
2.Білімдерін жан-жақты тексеру.
Өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ :
Графикалық материалдар: графит, қарандаш, сангина, стеклограф, қара бор, пастель, сепия, акварель материалдары, көмір, соус, ақ бор, тушь, рапидограф, фломастер, маркер.
Графит – минерал, ол көміртектін аллотропты модификациясы. Құрылымы қабат – қабат. Графит – минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит (грекше grapho – жазамын) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде кездеседі.
Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда май сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр.
Қарындаш – (түрк. «кара» - қара және «даш» - тас) - өзекше тәрізді құрал, жазу материалдан дайындалады (көмір, графит, қурғақ бояғыштардын және т.с.), жазуға, сурет салуға, сызуға арналған.
Сангина – (фран. sanguine, лат. sanguis) – сурет салуға арналған материал, каолиннен және темір тотығудан таяқша тәрізді жасалынған.
Пастель – (лат. pasta - қамыр) – көркем материалдардың тобы, графикады және кескіндемеде қолданылады. 1) сырты қапталмаған, құрғақ әрі жұмсақ түрлі-түсті қаламмен салынатын кескіндеме. Пастель ұнтақталған пигменттерге желімді зат, бор, сүт,гипс, т.б. қосындыларын араластыру арқылы жасалады;
2) Пастель тесілмен салынған сурет. Пастель қаламмен суреттерді қатырма және қожырлы қағаздарға, жақпа қабатты кенепке, пергаментке салуға болады. Пастельде кескіндеме, графика әдістері де кеңінен қолданылады.
Сергіту сәті. Оқушылар жылдам әуен ырғағымен бір - біріне әзіл сурет орындайды.
Сарамандық жұмыс:
Сурет салуды үш деңгейлік оқыту теориясы бойынша орындаймыз.
І.Репродуктивтік деңгей.
Ең алдымен қажетті қағаз пішінін өлшеп ,қиып дайындап аламыз. Қажетті өлшемдермен керек жерлерін өлшеп қиып, бұрыштық шығарамыз.
ІІ.Эвристикалық деңгей:
Қағаз бетіне қиялдау арқылы композициялап өрнектер, мерекелік суретер саламыз.Сурет салуда заттарды орналастыру, салыстыра отырып пішіндерді қағаз көлеміне есептеп орналастырып, пішіндерін шығарамыз.
ІІІ.Шығармашылық деңгей.
Өрнектің, заттардың мерекелік пішіндердің реңін табу, штрихтау арқылы барлық композициясының шешмін табу.
Қорытындылау
Графика дегеніміз не?
Графиканың қандай түрлері бар?
Графика өнерінде қандай материалдар қолданылады?
Бағалау
Үйге тапсырма: Осы ертегіні аяқтап келуді тапсыру.
Толық бір жылға арналған (34 сағат) осы пәннен, тарихтан және басқа пәннен сабақ жоспарлары арзанға сатылады. Мына сайттан толық мағлұмат ала аласыз:
Sabaktar.mya5.ru
Sabaktar.ucoz.ru
Тел:+7 705 269 74 11
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.