Түстер туралы түсінік
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 9572 | Размер: | Автор: ПубликаторСабақтың тақырыбы: Түстер туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түстану ерекшелітері жайлы теориялық тұрғыда
кеңінен мәлімет беру;
Білімділігі: Оқушылардың төменгі сыныптарда алған білімдеріне қоса теориялық мәліметтер бере отырып, білімдерін арттыру;
Дамытушылығы: практикалық сабақ барысында оқушылардың пән бойынша сурет салуларын ұйымдастыру;
Тәрбиелілігі: сабақ барысында оқушылардың ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын ұйымдастыру.
Көрнекілігі: кітап, иллюстрациялық материалдар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
А) оқушыларды түгелделдеу
Б) оқу құралдарын тексеру
В) өткен материалдарды қортындылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түсті реңіне байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттеу түр-түстану ғылымы деп аталады. Адамның көру қабілетін, түр –түске деген психикалық реакциясын анықтау көркемдік білім беруде оқушылардың эстетикалық сезімін оятады. Табиғаттағы әралуан түр-түсті адам баласы екі жолмен танып біледі.
- ғылыми жолмен.
- халықтың дәстүр-тәжірибе бойынша.
Түс –живопистің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық пен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Заттардың «дәл өзіндей» түстік бояуын табиғи түрде беруге үйрену керек. Оны картинада дұрыс үйлесімді табылған түстердің қатынасы делінеді. Белгілі бір заттың жарық түсін тұрған және көлеңке бірліктері жарықталумен қатар жылы және суық түстік реңдермен ерекшеленеді. Егер жарық жылы болса онда көлеңке суық түстік реңге ауысады. Ал жарық суық болса, көлеңке жылы реңді болады. Жылы және суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьтік әуен туғызады. Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. «Палитра» сөзі екі ұғым береді. 1. суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, 2. суретші бояуларының жиынтығы.
Суық түстермен жұмыс жасауда оқушылар төменгі сыныптардан меңгеріп келеді. Суық түстермен жұмыс практикалық жұмыс болғандықтан оқушылардың практикалық жұмысындағы нәтижелері мен білім дәрежелерін ескере отырып тапсырмалар берудің маңызы зор. Живописьтік жұмыс орындауда мынандай кемшіліктерді жібермеуге мән беру қажет:
- Белгілі бір тәсілден екінші тәсілге көушге үйрену;
- Алдыңғы заттан гөрі артқы заттың кейбір бөліктерінің шамадан тыс көрінуі;
- Кейбір солғын түстердің айқын болып келуі;
- Натюрмортты басыңқы түстің көрсетілмеуі, түс шешімінің табылмауы.
Натюрморт бірнеше заттар мен әр түрлі нәрселердің жиынтығынан тұрады. Әрбір жеке заттарды бояу түсімен бейнелеуде алдымен жүргізуіміз қажет. Ең алдымен заттың өзіне тән түстік ерекшелігін оны қоршаған ортаға байланысты байқау. Мысалы, қоңыр нәрсенің артына көк шүберек ілсек, онда суық түс басым болады, ал қызыл түсті шүберек ілсек, жылы түс басым болады. Суық түстерді табуда түстер градациясын меңгерген жөн, яғни түстерді дұрыс, кірлетпей араластыруды үйрену керек. Бояу түстерін бір-бірімен араластыруда табиғи өз түсін қолдану керек. Акварель бояуымен жұмыс істегенде ашық түстерді шамадан тыс қолдануға болмайды. Әрдайым таза, өте ұқыпты жұмыс істеуге үйренген жөн. Алдымен заттың өзіне тән түсін солғын бояй отырып, біртіндеп қоюлата жағуға көшу керек. Заттың түсін анықтау үшін ең алдымен бояу түстерін шағын ақ қағаз бетінде (палитра) іздеу керек. Ойдағыдай болған жағдайда ғана бояу түстерін қолдануға болады. Натюрморт орындалуда заттың түстік реңін, кеңістіктегі ауқымды көлеміне табуға үйрену керек
Жылы түстермен жұмыс жасағанда оқушыларды ең алдымен түстерді ажырата білулеріне дұрыс бағыттап, үнемі жаттығулар жасап отырған жөн. Түстердің жалпы сипаты оқушылардан білімділік пен сезімталдықты, ішкі жан дүние байлығын, түсінік-түйсік молдығын талап етеді. Жылы түстермен жұмыс жасағанда, жалпы балалардың түс туралы түсінігін дамыту үшін оларды табиғат көрнісіндегі әралуан түстерді байқап көруге дағдыландырады. Түсті меңгерудің ең алғашқы қадамы-негізгі түстерді дұрыс таңдау, қылқаламмен жүйелі жұмыс істеу. Жылы түстер-көруге жақын түстер. Түрлі-түсті бояуды іздеуде, бояуларды бір-біріне араластырып білуде палитра қолданған жөн. Жылы түстермен жұмыс істегенде су неғұрлым көп болса, жағылған бояу соғұрлым мөлдіреп түседі. Бояумен қағазды дұрыс таңдап, олардың өзіндік ерекшеліктерін акварель бояумен жұмыс істеуде ұтымды қолдана білген жөн. Бояуды пайдаланғанда беткі қабатын қылқаламға жеңіл жұғыу үшін оның бетін сулап алған жөн. Бояуды түсті бояулар (хроматикалық) және түссіз бояулар (ахроматикалық) болып екіге бөлінетіні белгілі. Жылы түспен жұмыс жазуда ең алдымен бейнелейтін нұсқаның жалпы түс құрамын зейінді екенін алған жөн. Ең қараңғы және ең жарық жердегі түс дақтары мен түстерінің негізгі айырмашылығы қандай екенін айқындау арқылы негізгі түс қатынастарын шешуге болады. Суретті бояумен бояғанда оны күндізгі жарықта салу қажет. Жасанды жарықта бояумен сурет салуға болмашы. Өйткені түстер өзгеріп кетеді.
Қортындылау
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша басталған жобаны аяқтау, нобайлар жасау.