.
.
Тақырыбы: «Қыс көрінісі» Қыс көрінісі
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1830 | Размер: | Автор: нартайСыныбы: 3
Пәні: Композиция
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қыс туралы табиғатты дұрыс бейнелеуге, суретті қамтып, бояу түстерін үйлестіріп әр бояудың түстерін ажырата білуге үйрету. Бейнені парақ бетіне толық орналастыра білуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ағаштарды түрлі-түсті бояу арқылы бояп, шеберліктерін арттырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Оқушылардың байқағыштық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұзақтылыққа дұрыс бейнелей білуге, эстетикалық қабылдауын, шығармашылыққа қабілеттерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, жұмбақ шешу, венн диаграммасы, ойын.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, сызу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы, төрт кезеңдік сурет салу үлгісі, сабақ ұраны, шырша, ойыншықтар, есіңде сақта ережесі, сұрақ жасырылған конверт.
Сабаққа қажетті құралдар: А3 формат,гуашь, акварель бояуы, қылқалам, қарындаш, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабаққа даярлық
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Қорытынды
V. Бағалау.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, құрал-жабдықтарын алдырып, сабақта жоқ оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа ааудару.
ІІ. Жаңа сабаққа даярлық:
Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Жылдың әр мезгілі өзінше тамаша!». Олай болса, қане бәріміз мына шыршаның қасында тұрған конвертке назар аударып, ішіндегі шартты оқып шығайық. Мұнда былай жазылған: «Жердегі жатқан шырша ойыншықтарымен, жұмбақты шеше отырып безендіру керек».
1. Шелек қалпақ басында, сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын, тауып көрші сен оны. (Аққала)
2. Қолы менен қаламы жоқ, бірақ сурет салады көп. (Аяз)
3. Қоймасын қыс атқарып, жерді жапты ақ мамық. (Қар)
4. Зулап түсіп төменге, шықпас менсіз төбеге. (Шана)
5. Қыста шыны боп қатады, жылыда су боп жатады. (Мұз)
6. Әуеде ақ мамық қалбалақтап ұшады, қанаты талып жерді барып құшады. (Қар)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Міне, балалар бәріміз жұмбақтың жауабын тауып, шыршаны безендірдік. Сонымен, балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Қыс көрінісі» деп аталады. Қыс кезінде жапырақтар әбден түсіп, сидиған ағаштарға назар аударайықшы. Олар өте қызық және әртүрлі. Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік әрі жуан болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды әдемі етіп көрсетеді.
Еліміздің елді мекендерінде алуан түрлі ағаштар өседі. Мысалы: таулы аймақтарда қарағай, шырша, арша, ал шөлді аймақтарда қарағаш, сексеуіл, т.б. кездеседі. Сонымен қатар аққайың, терек, тал секілді ағаштар да бар. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Қыста ағаштарды бейнелеу өте қызық әрі әдемі. Сондықтан бүгін қыс көрінісін бейнелеуді үйренейік. Қане, олай болса мына кезеңдерге мән беріп қарайық. Әр кезең өзінің сипатына қарай бейнеленген екен.
1-кезең, 2-кезең, 3-кезең, 4-кезең. Енді бәріміз парағымызды алып, бейнелеуге кірісейік. Ол үшін, ең алдымен көмекші сызықтар арқылы белгілеп, ағаштарымызды бейнелейміз. Көмекші сызықтар бізге суретіміздің дәл әрі нақты етіп көрсетуге керек болады.
Қағаз бетіне бейнені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау үйлесімділіктің бастапқы негізі болып табылады. Нұсқаның жеке бөліктері бір-бірімен байланысты болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Композициядағы басты нәрсеге назар аударайық. Есіңде сақта ережесі: Композициядағы басты нәрсе:
1. Пішіні
2. Өлшемі
3. Түсі
4. Орналастыру көмегі айқын болу керек.
Бейнелеу өнерінің барлық жанрында да композиция басты роль атқарады. Себебі, біз суретті әдемі етіп бейнелеп, әдемі бояу түстерін бергенімізбен, картинадағы үйлестіру орталығы дұрыс болмаған жағдайда суретіміз дұрыс болмайды. Себебі, суреттің үйлестіру орталығы,компоновка дұрыс болу керек.
Пейзаж-француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж жай ғана айнытпай бейнелеу емес, онда суретшілердің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндігі жатыр. Адам өмірін салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бір нақты көрінісін білдірсе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.
Пейзажды салу үшін біз ең алдымен перспектива заңдарына тоқталамыз. Перспектива-бейнелеу өнерінде кеңістіктегі нәрсенің біздің көру нүктемізден алыстаған сайын кішіреюіменен түсіндіріледі. Бұл табиғи заңдылық. Яғни, өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрміз. Ал, бейнелеу кезінде өте ұқыптылықты қажет етеді. Үлкен жол алыстаған сайын жіңішке сызыққа айналады. Ағаштар алыстаған сайын ауа перспективасы көрінеді.
Жұмыс барысында сергіту сәті: «Ғажайып палитра» ойыны.
Шарты: 6 түрлі бояудың артында сұрақ жасырылған, оқушы бояу түсін өзі таңдап алады.
1. Қыста қандай өзгерістер болады?
2. Қар ханшайымына киімнің қандай түсі қауіпті?
3. Жаңа жылда пайда болатын дорба, қай адамның дорбасы?
4. «Ақ киімді денелі, ақ сақалды. Соқыр мылқау танымас тірі жанды»,-деген өлең шумағы кімнің шығармасы?
5. Қыс несімен ерекшеленеді?
6. Қыс мезгілін бейнелеу үшін қандай бояуларды көбірек пайдаланамыз?
IV. Қорытынды:
Венн диаграммасы
жақсы жағы жаман жағы
V. Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын талдап, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.