Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңа оқыту технологияларын  қолданудың  алғышарттары -

Жаңа оқыту технологияларын қолданудың алғышарттары

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4771 | Размер: | Автор: нартай
. Жаңа оқыту технологияларын қолданудың алғышарттары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалуы керек» деп атап көрсеткен. Сонымен қатар елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуге, оқшыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әрбір ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педегогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттілігі туындайды.
Білім беруді дамытудың жаңа бағыттарының бірі – білім мазмұнын толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру.
«Оқыту технологиясы» - алға қойылған мақсатқа ең тиімді жолмен жетуде оқу жоспары бойынша оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы әдістер мен құралдар жүйесі. Бұл термин оқу үрдісінің барлық саласына техникалық құралдарды және бағдарламамен оқыту оқу әдістерін пайдалануға байланысты анықталды. Бұл бағытты кейде « білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды. Көптеген зерттеушілер «оқыту технологиясы» - оқыту мақсаттарын ескере отырып, оқу үрдісін дұрыс жоспарлап, оны жүзеге асыру деген пікірмен келіседі. Ғалым Г.Хайруллин «Педагогикалық технология – педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы» деген тұжырымды жақсы айтқан.
Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағыт алған. Қазіргі уақытта білім мазмұзын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50- ге жуық түрі ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, оның іске асуының екі ғана жолы бар.
Біріншісі теориялық негізде орындалуы(В.Беспалько, В.Данилев, В.Дьяченко және т.б. екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі(Е.Ильин, С.Лисенкова, В.Шаталов.)
Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионов, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, С.Көңілбаева және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары қамтылды. Жоғарыда келтірілген Ғалымдарымыздың еңбектерімен таныса отырып, оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады.
Оқытудың технологиясы оқытудың мазмұнын өңдеуге көлемімен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан,
оқытушыны құралдарын пайдаланып, оқушыға әсер ету әдістерін зерттейді.
Мектептегі оқытылатын басқа пәндермен бірге бейнелеу өнері пәні сабақтары да

оқушыларға эстетикалық тәлім- тәрбие беру, сұлулықты түсінуге, әлемдік және ұлттық өнер туындыларын танып білуде қосар үлесі мол.
Осыған орай бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық тілдегі шығармашылық жұмыстар жасату, оқушылардың сурет өнеріне деген қызығушылығын ояту және дамыту - бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің басты міндеті деп білемін.Өзімнің сабақтарымда оқушының өз бетімен ізденісін іштей дамытуға үйретіп, қағаз, картон бетіне әр түрлі әдіс-тәсілдерді және әр түрлі құрал жабдықтардықолдана отырып жоғары деңгейдегі сурет салғызуға тырысамын.

4

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы оқу пәндері, соның ішінде бейнелеу пәндері үшін тиімді.
Себебі, бұл технологияның мақсаты өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгерістерге бейімделетін баланы дамыта отырып үйрету, тәрбиелеу.
Бұл технологияның маңызы сол, оқытудың әр кезеңінде оқушы өз білімін жүйелейді және өзіне- өзі есеп береді. Бұл оқушының алдына мақсат қоюының алғы шартына жол ашады. Бейнелеуге машықтануда оқушыда ынталану пайда болады. Ынталану оның пәнге деген, білімге деген құштарлығына жол ашады. Қызығу оның басты құндылығы.
Оқушының пәнге қызығушылығы оянған соң мұғалімнің жұмысы жеңілдейді. Мұғалім тек ұйымдастырушы ғана. Бұл жүйемен оқығанда ешбір оқушы қалыс қалмайды, берілген 45 минутты тиімді пайдалану, уақытылы үлгеру міндеті өзінен-өзі қалыптасады. Оқушылар сабаққа ерекше жауапкершілікпен келуі және сабақтың тез басталуын күтеді. Мұғалімге құрметпен, сүйіспеншілікпен қарым-қатынасы ерекше білініп тұрады. Мұғалім үшін де сабаққа келу ерекше құрмет. Тіпті үлгерімі төмен оқушының өзі мұғалім алдында өзін еркін ұстап, өзіне деген сенімін көрсетіп тұрады.
Деңгейлік тапсырмалар орындау кезеңіндегі 4- деңгей – шығармашылық деңгей. « Мен» мазмұнына бұл технологияда үлкен мән берілген.Бұл деңгейдегі бүкіл еңбектің нәтижесі жеке тұлға бойындағы құндылықты көрсетуге мүмкіндік береді.
Ерекшелігі мына төмендегілер:
- Әр балаға жеке дара қарау;
- Тұлғаның әрекетіне сатылы орналасқан басшылық жасау;
- Әр тақырып бойынша оқушы білімінің бағалануы;
- Әр баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуын қамтамасыз ету.
Оқу әрекетінің мақсаттылығы мен мазмұндылығына бұл технологияда үлкен мән берілген. Оқушының ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал – тәсілдерін , дағдыларын меңгеріп қана қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі – оқу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады. Бұл технологияны өзім беретін бейнелеу өнері сабақтарында қолданып жүрмін.
Ж.Қараевтың технология теориясы негізін және Ж.Кобдикованың әдістемелік нұсқауларын басшылықа алып, әдістемелік кешенді құралдар жобасын құрастырып алғанмын.
Мақсатым – оқу-әдістемелік кешендер арқылы әлеумет, мәдениет, қоғам, әлем туралы мүмкіндігінше белгілі бір көлемде шынайы мағлұматтар беру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Ғылыми әдістемелік кешендерді ұйымдастырудың мақсатты жобасы
1) Тақырыптық жоспарланған сабақ:
2)Бейнелеу өнері жанрларына құрылған тақырыптық иллюстрация;
3) Пішім А3 қағазы мен бейнелегіш құралдар .
Осыларға сәйкес 4) Көркемдеуші құралынан тұру керек деп есептеймін.

БІЛІМ + ДАҒДЫ + ҚҰНДЫЛЫҚ + ӘДІСНАМА
ОҚУ ЖОСПАРЫ; ТАҚЫРЫПТЫҚ ИЛЛЮСТРАЦИЯ; ПІШІМ А3; КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАР.
І.Оқу жоспары «Бейнелеу өнерінің жанрлары », оның ішінде графика , натюрморт, кескіндеме болып табылатын теориялық концепциясының негізін бөлім бойынша оқуға негізделген. Одан кейінгі материалдар осы теорияға сүйеніп қарастырылады. Себебі , бейнелеу өнері жанрлары , оның көркемдегіш құралдарымен жұмыс жасау бүгінгі күн оқушысына еш

қиындықсыз , нақты әрі тез түсінуіне , табиғатпен, айналадағы сұлулықпен етене байланыс жасауына мүмкіндік береді.
ІІ. Әңгімелесуші көркемдік құралы – бейнелеудегі ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында оқу әдістемелік кешендер ішінде білім берудің негізгі құралы .
ІІІ. Тақырыптың теориялық негізі натураны жұмыс қағазына орындау арқылы бекітіледі.
5

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық тренинг. Амандасу. «Маралдар қалай амандасады?»
( Дөңгеленіп тұрып , мүйізбен , мұрынмен , қарама-қарсы құлақпен, иықпен, тіземен амандасамыз). Мақсаты: Оқушыларды ұжымдастыққа , татулыққа шақыру.)
ІІ кезең.Теориялық негіз . Бейнелеу өнері жанрлары ,натюрморт, оның құрастырылуы әсемдігі, натураны қағаз бетіне орналастыру төрт кезең бойынша орындалады.
ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгей. Көркем суреттердегі әдемілік . Алдымызда тұрған «Қобыз бен құмыраның» ұлттық негізге сай иллюстрация жасауы. Композициялық орталықты табатын - репродуктивті деңгей.
ІІ Деңгей. Шығарманы әр бала өзі отырған жерден қарап қағаз бетіне оймен дұрыс орналастыру.
ІІІ Деңгей. Қалыптасқан дағдысын пайдаланып , суреттің шешімін табу.Композициясын табатын тапқырлық- эвристикалық деңгей.
ІҮ Деңгей.Оқушының білімін , білігі , дағдысы, қабілеті ерекше аңғарылып, жұмыс нәтижесі көрінетін шығармашылық деңгей.


Дағды

Тақырыптық
жоспар


Білім
Тақырыпқа
құрылған
иллюстрация
Қағаз А3,
Көркемдегіш құрал

Бұл технология шығармашылылық жұмыспен айналысатын мектептегі өнер пәндері бейнелеу, технология, музыка т.б. үшін өте тиімді.
Технологияны жүйелі түрде қолдану үшін :
Оқу жоспары , оған сәйкес бейнелеу өнері жанрлары туралы мәліметтер мен Қазақстан және басқа халық суретшілерінің шығармаларындғаы табиғаттың адамға сыйлайтын мол ризығын ,адам қолынан шыққан бұйымдардың сұлулығын бейнелеп нақыштайды.
Оқушылардың бойында күн сайын көріп жүрген бұйымдардағы біздің көз алдымызда бұрын байқалмай келген ерекше жарастықты байқау арқылы сол сұлулықты қағаз бетіне орналастыруға асығып, қызығушылықпен кіріседі.
Шығармашылық жұмыстың жоғары деңгейде орындалуы үшін оқушының эстетикалық талғамы мен өнерге деген қызығушылығын оятып қана қоймай , қоршаған ортадағы бояу құбылыстарын
Әсерлерін суретшілердің шығармаларын көрсету арқылы айқындап алу керек.
Оқушыны шығармашылық жұмысқа әкелу үшін үлкен дайындықты қажет етеді.
- Тақырыпты таңдау, тани білу, өмірмен байланысы;
- Оқушының өзі салатын жұмысы арқылы өзін- өзі шыңдауы және рухани күш алуы;
- Жазықтық бетіне дұрыс түсіру (компоновка);
- Түстерді таңдауы;
- Жалпыдан- жалқыға қарай жұмыс мәнері.
Мен өзімнің іс-тәжірибемді журнал оқырмандарымен бөлісу мақсатында Ырғыз аудандық мұражайда өткізілген ашық сабақта мұражай экспонаттары- қобыз бен құмыраны негізге ала отырып шығармашылық жұмыс істеу сызбасын ұсынамын.

6

1.Керекті құралдар:
*Қағаз Ф. А2, А3
* Қарындаш,өшіргіш.
*Акварель,қылқалам түрле
рі
2.Дайындықжұмыстары:
*Шығарманың көлемін анықтау.
*Эскиздер жасау. 3.Қосымша материалдар :
*Суретшілердің жұмысы,
(Қосымша)
*Дайын слайдтар
*Иллюстрациялар


І кезең ІІ кезең




ІІІ кезең ІV кезең

7




Жүйелі кешен қажеттіліктен туындайды, яғни қажеттілік бар жерде нәтиже болады. ІҮДеңгей.
Бейіндік

Шығармашылық сатыда туады.

Талант

Белгілі бір шығармашылық қабілеттілік таныту

Жалпы -арнайы

Іс-әрекет етуде тұлғаның жеке дара ерекшелігі.

+ +
«Білгім келеді» «Жасағым келеді»


Қажеттілік
Жоғарыда айтылған тұжырымдардың барлығы оқушының танымдық іс- әрекетін , шығармашылығын белсендіруге жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ж.Караев.Теоритическое основы развития школьного образования в Казахстане.
Алматы.1999г.2Ж.Кобдикова. Педагогическая технология уровней дифференциации обучения школьников. 2002г.
3.Бейнелеу өнері.Дидактикалық материалдар . 5- класс . Алматы 2002ж. З.Айдарова,М. Сауғабаева
4.Бейнелеу өнері. Дидактикалық материалдар . 6- класс. Алматы.2002ж . З.Айдарова, М.Сауғабаева.

8



14


16

Ертегіге, көркем шығармаға құрылған иллюстрация.
Ашық сабақ
Дүйсенқұлова Шарбану Рафихқызы
Пәні: Бейнелеу. Класы: 6
Сабақтың міндеті:
Балаларға арналған кітаптар бойынша жасалған ірі суретшілердің ертегілерге, көркем әдеби шығармаларға арналған суреттерінен өмір шындығын ертегі мәтініндегі кейіпкер әрекетін елестете білу,көркемідік талғамын қалыптастыру, жақсы қасиеттерін үйреніп, жаман қасиеттерінен жиреніп,ертегідегі кейіпкерлерге сүйіспеншілігі мен жанашаырлығын ояту.Ертегі , көркем шығармаға қатысты сюжетті құрып сурет салуға машықтану.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ертегі, әдеби
шығармалар кейіпкерлері туралы мағлұмат
бере отырып әдеби көркем шығармаларды
иллюстрация арқылы қабылдауға үйрету.

Дамытушылығы: Өзіндік ой- қиялын дамыту,
ұшқыр ойлылығын, эстетикалық қызығушылығын
дамыту. Әдебиет , ертегі, көркем шығармаға
қызығушылығын арттырып, кітап тарихы,
кітапқа қызығушылығын оятып, оны оқу арқылы
сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілігі: Көз алдына елестету,арқылы көркем
шығарма, ертегіден өмірді қабылдау жақсы –
жаманды айыру, Өмір мен айналадағы қоршаған
орта мен табиғатты тануға, ондағы әдемілікті
көре білуге халқымыздың ұлттық ертегілерін
сүюге , арман –тілегін, баға жетпес рухани
тәрбиесін ұрпаққа ертегі арқылы бере
білгенін сезініп , оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:
Әдебиет : Әдеби көркем шығармалар, ауыз әдебиетіндегі ертегілер, тақпақ, өтірік өлеңдер, мысалдар, т,б.
Биология: Тірі табиғат иелері мен адамдардың дене пропорциясы.
Эстетика: Әсемдікті ,елді, жерді сүю, жақсы –жаманды айыру.
Тарих: Батальдық көркем шығармаларды насихаттау.
Информатика: Көркем бейнені ақпараттық технология арқылы қабылдау.
Технология: Шығарманы бейнелеуде қол машықтығын дамыту.

17

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Аукцион , Көрініс,Сарамандық
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, мазмұнын , өз ойларын айту шығармашылық әңгіме,
шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі :
Мұғалім үшін:
Плакаттар , суреттер (А4) , «Айгөлек» журналы, ертегіге, көркем шығармаға құрылған сюжетті көшірмелі суреттер, көрініс сахнасы, ,кітаптар, плакаттар, карточкалар, т,б.
Оқушы үшін:
Альбом парақтары, «Айгөлек» журналы, қарындаш, түсті акварель, өшіргіш, қағаздар топтамасы, үй жұмыстары, су құтысы, т,б.
Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру сәті:Құралдарын тексеріп, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Оқушы ұшқырлығы  (Жеті пәннен жеті құпия сұрақ)
Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін және үйден орындап келген жұмыстарын тексеріп бағалау, мадақтау.
1.Бейнелеу. 1Кеңістіктегі нәрсенің біздің көру нүктемізден алыстаған сайын кішірейіп көрінуін қалай атаймыз ? (Перспектива.)
2.Технология. 2 Перспективаның үй ішін бейнелеу түрін қалай атаймыз? (Интерьер)
3. Тарих. 3 Тарих мұқабасындағы Әйгілі «Турксиб» картинасысындағы алыстап бара жатқан вагондар ше?Бұл кімнің жазған картинасы? (Ә.Қастеев)
4. Математика.4 Көше перспективасындағы әсем ғимараттардың нобайын неге ұқсатамыз?(Параллилипипед)
5. География. 5Әуедегі ұшқан құс, алып лайнер –ұшақтардың суретін салғанда перспектива заңдылығының қандай түрін қолданамыз? ( Ауа перспективасы)
6. Қазақ әдебиеті. 6 Мініп алып құртқа ,
Ұшып бардым бұлтқа.
Бұлттан сәлем жолдадым,
Жердегі бар жұртқа. – Қандай жанр? ( Өтірік өлең.)
7. Өзін –өзі тану. Мына суретке мақал құра.( Қыз – жердің көркі, Гүл – елдің көркі. )

ІІІ. Жаңа сабақ.1. Мағынаны таны. Сабақ мазмұны.
2. Көрініс. Сахналық қойылым.
ІҮ. Сарамандық жұмыс .
1.Ертегілерден бір тақырыпқа сурет салу. Ертегінің басты кейіпкерін жеке парақта іздеу.
2.Ертегі ішіндегі ең қызықты оқиғадан сюжеттік көрініс салу.

ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгей. Көркем суреттердегі әдемілік . Алдымызда тұрған «Қожанасыр туралы аңыздар» ертегілер топтамасына иллюстрация нобайын (Эскиз)жасау. Композициялық орталықты табатын - репродуктивті деңгей. Шығарманы әр бала өзі отырған жерден қарап қағаз бетіне оймен дұрыс орналастыру.
ІІ Деңгей. Қалыптасқан дағдысын пайдаланып , суреттің шешімін табу, негізгі түстік гамманы табу.Композициясын табатын тапқырлық- эвристикалық деңгей.
ІІІ. Деңгей.Оқушының білімін , білігі , дағдысы, қабілеті ерекше аңғарылып, жұмыс нәтижесі көрінетін шығармашылық деңгей. Шығарманы толық аяқтау.
Ү. Бекіту сұрақтары.
ҮІ.Оқушыларды үй тапсырмасы мен жаңа сабақты бірге қорытындылай отырып бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
18

Жаңа сабақ. Мағынаны таны:
1,Балалар, ауыз әдебиетіне нелер жатады?
Осы аңыз әңгімелер , көркем әдеби шығармаларда, ертегілерде , өздерің сүйіп оқыған басқа да балаларға арналған кітаптарда алдымен қолға алғанда одан не байқадыңдар?
Қолыңа жаңа кітап түскенде алдымен оның суреттерін қарап шығасың.Егер суреттері ұнаса бірден сол кітапты оқып шыққың келеді. Демек бұл кітапты жақсы суретші безендірген. Ондай суретшіні безендіруші деп атайды. Ал кітаптың мазмұнына салынған суретті иллюстрация деп атайды.
Бұл латын сөзі екен, мағынасы «ЖАРЫҚТАНДЫРУ» деген мағынаны береді.
Иллюстрациялар тек кітапты безендіріп қана қоймай , оны оқырмандарға тартымды етіп, мағынасын ашып береді.
Сонымен қатар кітаптың мазмұнын , кейіпкерлердің мінез-құлқы мен бейнесін ашуда үлкен рөл атқарады.
Қолыңа кітап алып, оқымай- ақ иллюстрацияларын қарап шыққанда, не туралы екенін жобалап айтқан, ондағы басты кейіпкерді көз алдыңа елестеткен сәттерің есіңде болар.
2. Осы аралықта кітаптың шығу тарихына кішкене тоқтала кетейі. Бұл деректі оқуға оқушымыз Ғаббасқа және Еркежанға кезек берейік.
4. Енді біздің тақырыбымызға орай иллюстрацияға тоқталайық.
Табиғат күштерін қайткенде басқару жайын , әлемде туындап жатқан сансыз құбылыстардың мәнін қалай ұғыну, жағдайын адамзат сонау бағзы заманнан бері арман еткен, еркін еңбекті әділдікті, бақытты көксеген. Барлық елдердегі адамдардың арманы бір- біріне ұқсас болды. Алайда әр халық оны өзінше бейнеледі. Әрбір халықтыңүміт-тілегі , аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілер әлемі пайда болды. Яғни ертегі – адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Ертегіден халықтың көркем творчествоға , өзінің шығармашылық ұшан- теңіз қиялын бейнелеп беруге деген суреткерлік дарынын аңғаруға болады. Ол өзінің тыңдаушысынан қанатты қиял мен шығармашылық елестету күшін талап етеді. Ертегінің шындыққа айналған кездері де бар.Мысалы аспанда ұшатын ұшақтың (сомолёттің) ертегіден алынғанын біле бермейміз. Бұдан бірнеше жүздеген
Жылдар бұрын жер бетінен бірде бір адам көтеріліп көрмеген заманда, адам қиялымен ертегілерде кілемге мініп ұшу болған. Ертөстіктің Самұрыққа мініп ұшуы, Толағайдың тау арқалауы да осы халқымыздың қиялының жемісі еді.
Ертегіні құруда жазушылардан А.С.Пушкин, Ершов, Некрасов, француз ертекшісі Перро, Дат ертекшісіАндерсен, неміс жазушылары Ағайынды Гриммдер , атақты Мюннхаузен, т,б, сөз зергерлері халық ертегілерінің негізі бойынша өз ертегілерін шығарды.
Ертегілерде қиял-ғажайып та, өмір шындығы да болады. Мұндай ерекшеліктерді суретшілер иллюстрациялық суреттерде де өте нанымды бейнелей алады.
Ертегі , көркем шығармалар бізге қазіргі заманда да қажет. Ол тыңдаушыларын еліктіріп, қызықтырып, көңілін ашады, сонымен қатар жақсылыққа , әділеттілікке деген сезімін туындатады. Еркін ой мен қанатты қиялға баулиды. Бұлар адамзат баласы үшін барлық замандағы кезде де , тіпті ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі заманда да адам баласына қажет құнды қасиеттер.
Сонымен сөзімізді қорыта келгенде әдеби көркем шығармалар мен ертегілердің мәтініне құрылған суретті – ИЛЛЮСТРАЦИЯ деп атаймыз.
Қазақтың ұлттық ертегілерін алғаш жинақтаушылар – орыс оқымыстылары: Радлов, Потанин, қазақтан Шоқан, шығыстық – Диваев, кейіннен ақын Ақылбек Сабалов, Мақыш Тәтімов, Т,б жинақтады. Ақын Абай да шығыстың аңызы –ертегісі -«Әли», «Әзімді» өлеңмен аударды.
Осы ертегілерге көркемдеп сурет салушылар – Бейсен Серікбай, А,Ысқақов, Бейсебек Ақанаев, С,Дүзелханов т,б.
Шығыс халықтарының ішінде Қазақ, Қырғыз,Өзбек, Түрік т,б, Азия елдерінің бәріне ортақ аңыз –ертегі , күлдіргі әңгіме - Қожанасыр және «Мың бір түн ертегісі»,»Тотының тоқсан тарауы» т,б, ертегілер әлі толық зерттеліп болған жоқ.
19

Қазір дүние жүзінің флоьклористері финдік Аарне Антти орыс ертегісінен 2136 ертегіні, шығысертегілерінен 915 тей ертегіні катологке енгізген. Бірақ қазақ ертегілері көп зерттелмегендіктен,
Ертегіні классификациялау әдісі әлі қолданылмай келеді . Біздің білетініміз Қожанасырды түркі халықтарынан Өзбек халқы «біздікі», Қырғыз халқы «біздің ертегі», Түрік халқы да «Біздікі» , деуіне қарағанда Қожанасыр Барлық түркі халқыныкі екендігі, ал Алдаркөсенің Қазақ халқыныкі екенін білеміз. Бұл деректер М.Әуезовтың ертегілерді зерттеу лерінен алынды.

2. Көрініс. Сахналық қойылым.
ІҮ. Сарамандық жұмыс .
1.Ертегілерден бір тақырыпқа сурет салу. Ертегінің басты кейіпкерін жеке парақта іздеу.
2.Ертегі ішіндегі ең қызықты оқиғадан сюжеттік көрініс салу.

ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгей.
Көркем суреттердегі әдемілік . Алдымызда тұрған «Қожанасыр туралы аңыздар»ертегілер топтамасына иллюстрация нобайын (Эскиз)жасау. Композициялық орталықты табатын - репродуктивті деңгей. Шығарманы әр бала өзі отырған жерден қарап қағаз бетіне оймен дұрыс орналастыру.

ІІ Деңгей.
Қалыптасқан дағдысын пайдаланып , суреттің шешімін табу, негізгі түстік гамманы табу.Композициясын табатын тапқырлық- эвристикалық деңгей.

ІІІ. Деңгей.
Оқушының білімін , білігі , дағдысы, қабілеті ерекше аңғарылып, жұмыс нәтижесі көрінетін шығармашылық деңгей. Шығарманы толық аяқтау.

Ү. Бекіту сұрақтары.
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата?
2 .Иллюстрация дегеніміз не?
3Халқымыздың аңыз , ертегілерінен жағымды кейіпкерлерді ата?
4. Балалар әдебиетінің көркемдеуші – сурешілерін ата?
5Қожанасыр қандай кейіпкер? Ол қай халықтың сүйікті кейіпкері?
ҮІ.Оқушыларды үй тапсырмасы мен жаңа сабақты бірге қорытындылай отырып бағалау. Аукцион арқылы оқушыларға жетон таратып, бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
Қожанасыр туралы дерек жинақтап,
Суретті толық аяқтап келу.

20
Иллюстрацияның ережелері
І . Иллюстация әдеби шығарма, ертегінің мазмұнына құрылады.
ІІ. Ашық бояулар қолданылады.
ІІІ. Иллюстрация кітапты безендіру – эскизден басталады.
ІҮ. Форматы айқындалады.
Ү. Ішкі мазмұнына сай мұқаба, тақырыптарға кітап беттері безендіріледі.
ҮІ. Иллюстрация тұтас кітапқа немесе бір ертегі, шығармаға кейде мазмұны күрделі роман, повесть болған жағдайда сыртқы мұқабасына салынады.
ҮІІ. Кітапқа сурет салушы адам көркемдеуші - суретшісі деп аталады.

Ертегіге, көркем шығармаға құрылған иллюстрация.

Сабақтың жоспары:

І Ұйымдастыру сәті:Құралдарын тексеріп, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы: Аукцион.
Оқушы ұшқырлығы  (Жеті пәннен жеті құпия сұрақ)

ІІІ. Жаңа сабақ.1. Мағынаны таны. Сабақ мазмұны.
2. Көрініс. Сахналық қойылым.
ІҮ. Сарамандық жұмыс .
ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ү. Бекіту сұрақтары.
ҮІ.Оқушыларды үй тапсырмасы мен жаңа сабақты бірге қорытындылай отырып бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
Бекіту сұрақтары:
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата?
2 .Иллюстрация дегеніміз не?
3Халқымыздың аңыз , ертегілерінен жағымды кейіпкерлерді ата?
4. Балалар әдебиетінің көркемдеуші – сурешілерін ата?
5Қожанасыр қандай кейіпкер? Ол қай халықтың сүйікті кейіпкері?

21

№ Оқушының аты –жөні: Үй тапсырмасы:
Суретті аяқтау Сұрақ –жауап .
Бір сұраққа – 1 ұпай Жаңа сабақтағы белсенділігі Қорытынды баға
1 Әбдірай Нұрсұлтан
2 Бегімбай Ғалымжан
3 Ғанибекұлы Мейіржан
4 Дастанқызы Ақерке
5 Жеңісбекқызы Айшолпан
6 Қуанышбайұлы Дәулет
7 Қуандық Ердәулет
8 Мағжан Есенай
9 Нұрланұлы Қалижан
10 Ұлғайсынұлы Ғаббас
11 Төлеуханұлы Жансен
12 Хамит Еркежан
13 Шүкірбай Арайлым

Бағалау критерийі

Бейнелеу пәні мұғалімі: Ш.Дүйсенқұлова.

22

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ақши ауылы
Бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі: Дүйсенқұлова Шарбану
Ашық сабақ.
Сызу. 9- класс.
Сабақтың тақырыбы: Аксонометриялық проекциялар
Сабақтың мақсаты: Білімдік Оқушыларға аксонометриялық проекциялау, оның түрлері,
тіктөртбұрыштың үш көрінісін тіктөртбұрышты изометрияда
және қиғаш бұрышты фронталь диметрияда орындау жолын
түсіндіру.
Тәрбиелік. Сауатты сыза білу, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, кеңістіктегі
заттарды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
Дамыту. Оқушылардың шеберлігін,ойлау қабілетін, бейнелік ойлауын,
күрделі тетікбөлшектердің нақты көріністерін табуға,
логикалық шеберлігін дамыту.
Сабақтың түрі: Теориялық түсіндіру, практикалық орындау.
Әдісі: Психологиялық ұйымдастыру, сұраұ- жауап, сабақ мазмұнын, іс жүзінде тетікбөшектің көріністерін изометрияда және диметрияда орындау.
Пән аралық байланыс: Сызба геометрия, Технология, Бейнелеу, өмірмен байланыс.
Көрнекілігі: Сызба үлгілері, макет бұрыш, техникалық суреттер, картотекалар, Венн диаграммасы,
тетікбөлшек «Тірек».

Сабақ барысы:
І. Психологиялық ұйымдастыру: «Маралдар қалай амандасады?»
Мақсаты: Оқушыларды сабақты бір-бірімен, мұғаліммен етене байланыс
жасап, емін-еркін отыру, тапсыр маларды орындауда балаларға сенім ұялату.
Жоспар:
І.Психологиялық ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
ІІІ. Сабақ мазмұнын сұрау.
ІV. Практикалық тексеру.
V. Жаңа сабақ. Аксонометриялық проекциялар
2.Дамыта оқыту технологиясы
3.Венн диаграммасы
VI.Практикалық орындау
VIIБекіту сұрақтары
VIII.Үй тапсырмасы
IX.Оқушыларды бағалау.
І.Психологиялық ұйымдастыру. «Маралдар қалай амандасады?»
-Балалар, ортаға дөңгеленіп тұрамыз.
Бір-бірімізбен маралдарша амандасамыз . Қарама-қарсы құлақпен, мұрынмен, мүйізбен (Екі сұқ саусақты төбемізге мүйіз етеміз), тіземен, шынтақпен, барлық аталған дене мүшелермен түйістіріп амандасамыз.
Пауза- 3 рет шапалақ ұрамыз.
Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамыз.
-Қане, енді орнымызға отырайық.
- «Кім тапқыр?» Қайталау сұрақтары. Өткен тақырыпқа шолу жасайық.

ІІ.1.Шеңбердің проекциясы қалай жүргізіледі?
2.Проекция жазықтығына көлбеу шеңбердің тікбұрышты проекциясы қалай болып түседі?(Эллипс)
3.Проекцияға, нәрсе проекция жазықтығы мен бақылаушының арасында орналасатындай етіп қарағанда нәрсенің көрінетін сызықтары қандай сызықпен көрсетіледі?(Тұтас негізгі жуан сызықпен.)
4.Проекциялары бірігіп үсетін екі нүктені қандай нүктелер деп атаймыз?(Бәсекелес).
5.Берілген нәрсенің проекциясын салуды не деп атаймыз?(Сызудың тура есебі).
6.Нәрсені берілген проекциясы бойынша анықтау не деп аталады?(Сызудың кері есебі).
7.Кері есепті шешуге мүмкіндік беретін кескіндерді қалай атаймыз?(Қайтымды).
23

8.Кері есепті шешуге болмайтын кескіндерді қалай атаймыз?(Қайтымсыз).
9.Сызудағы қайтымды кекіндерді ата?(Аксонометрия және Монж Эпюрі).
10.Біздің елімізде Монж эпюрін не деп атайды? (Сызба).
ІІ .2. Ортақ қабырғасы бар (АВС ж/е АВД) екі үшбұрыштың проекциясын қарастырайық 38,ә-сурет.

ІІІ Жаңа сабақ
.Аксонометриялық проекцияға негіз болатын нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін өзара перпендикуляр х және у түзулерін жүргізеді. Олар О нүктесінде қиылысады.(40-сурет).Осы О нүктесін бас нүкте,Х түзуін обсциссалар осі, У түзуін ордината осі деп атайды. Кез келген М нүктесінің орны екі санмен анықталаты. Олардың біреуі М нүктесінің У осіне дейінгі қашықтыққа тең. Бұл санды М нүктесінің обсциссасы дейді. Екіншісі М нүктесінен Х осіне дейінгі қашықтыққа тең, оны М нүктесінің ординатасы дейді.М нүктесінің обсциссасы Х=/ОМх/=/ММу/,ал ординаталары У=/ОМх/=/ММу/. Алынған сандарды нүктенің координаталары деп атайды, ал Х пен У осьтерін ж/е О бас нүктесін біріктіріп жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі деп аталады
Нүктенің кеңістіктегі орнын анықтау үшін ОХУ жүйесін О нүктесі арқылы өтетеін ж/е Х пен У-тің әрқайсысына да перпендекуляр болатын Z осімен толықтыру керек. Үшінші Z осін аппликата осі деп атаймыз. Енді нүктенің орны үш санмен анықталады: Х абсциссасы, У ординатасы және Z оппликатасы.
Координаттар жүйесі Охуz бас нүктеден (О), үш остен (Х, У және Z) және өзара перпендекуляр үш жазықтықтан тұрады.
Аксонометриялық проекциялар жазықтығының бұрыштық орналасуына ешқандай шек қойылмайды.
Тік бұрышты аксонометрия үшін U2+V2+W2=2 болады. Сондықтан бұрмалану көрсеткіштерінің екеуін қалауымызша тағайындауға болады. Сондықтан аксонометрияның өте көп екенін аңғаруға болады. Біз олардың екеуімен ғана танысамыз. Олар тік бұрышты изометрия мен қиғаш бұрышты фронталь диметрия.
Аксонометриялық проекция изометрияны анықтауда натурал координаталар жүйесінің остері аксонометриялық проекция жазықты ғана (а=В=g) бірдей бұрыштармен көлбесін. 46 а-сурет. Натурал остердің жазықтығымен қиылысу нүктелерін Х,У жәнеZ әріптерімен белгілесек, Х У Z тең қабырғалы үшбұрыш екенін, ал бас нүкте Х У Z үшұрышының биіктігінің қиылысу нүктесі О-ға проекцияланатын аңғарамыз. Олай болса, аксонометриялық остер арасындағы бұрыштар 1200 болады.Изометриялық проекциядаU=V=W болатыны туралы жоғарыда айтқан болатынбыз. Ал тікбұрышты аксонометриялық проекциялар үшін U2+V2+W2=2
z z

х 900 1350 1200 1200
О
1350 х 1200
у
х
2. Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушыларға қарапайым өмірмен байланыстырып, координаттық жүйені түсіндіру, жазық қағазға өз бетімен ойша салу әдісі.
Координаттық жүйедегі аксонометриялық проекцияны қарапайым өмірмен де байланыстыруға болады. Мысалы:
оқу бөлмесінің барлық қабырғасы, төбесі, табаны мысал бола алады. Оқу бөлмесінің бір бұрышын алсақ, аксонометриялық проекцияға негіз бола алады. Аксонометриялық проекцияларды өз бетімен ойша салып орындау.

Аксонометриялық проекцияда қарама-қарсы қабырғаны V- фронталь , табанына паралель қабырғаны H-горизанталь, жанындағы қабырғаны-W- профиль деп атаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Қаріптерді бағалау.
III.Венн диаграммасында екі проекцияның айырмашылығын және ұқсас қасиеттерін қараймыз.
z z










Х 0 5

0
5








1 3 5 3 3
1 3 5 х
у у



IV.Аксонометриялық проекциялар.
Қиғашбұрышты фронталь диметрия. 2.Тікбұрышты изометрия
Аксонометриялық проекцияларды миллиметрлік түсті қағаздарға да орындауға болады. Ондай
жағдайда Х түзуін сызып алып, оған перпендикуляр У түзуін жүргіземіз. Қалған доғал бұрышын
2- ге бөлгенде , әр бұрыш 135 градустан келеді. Бұл әдісті қиғашбұрышты фронтальь диметрияға қолданамыз.
Келесі әдісте алдымен тікбұрыш сызып оны Z деп белгілеп, оның О нүктесінен екі жаққа 5 тор
Көз, одан төмен қарай 3 тор көзден түсіп , пайда болған нүктелерді О нүктесімен қосып, оларды Х
және У деп белгілейміз. Бұл проекцияны тікбұрышты изометрия деп атаймыз. Бұл әдістер кез келген тетікбөлшектің аксонометриясын сызғанда уақыт алмайтын ең тиімді әдіс.
Көбінесе нәрсенің үш жақты көрінісі түсінікті болу үшін , проекцияда көрінетіндікті анықтауда
Қиғашбұрышты фронталь диметрияны таңдаймыз. Себебі, онда көрініс үш түрлі жағдайда болады.
Жаңа сабаққа негізделген Тірек тетікбөлшегін қиғашбұрышты фронталь диметрияда орындаймыз.
VII.Бекіту сұрақтары:
1)Аксонометриялық проекция дегеніміз не?
2.) Аксонометриялық проекциялар жазықтығының бұрыштық орналасуы неліктен шексіз?
3.)Проекцияның неліктен екеуін ғана таңдаймыз, олардың тиімділігі неде?
4.)Таңдалған проекцияда көрінетіндікті атаңдар?
VIII. Үй тапсырмасы: 1. Аксонометриялық проекциялардың екі түрлі жағдайын орындау.
2.Тірек тетікбөлшегінің үш көрінісін қиғашбұрышты фронталь диметрияда орындау.
IX. Оқушыларды жалпы бағалау.
25

БЕЙНЕЛЕУ
ӨНЕРІ
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Жалпы білім беретін мектептің бейнелеу
пәнінен 1-6- сынып мұғалімдеріне арналған






Ақши – 2014


© Дүйсенқұлова Ш.Р.
Дидактикалық материалдар (Әдістемелік құрал )
Ақши , 2014, -15 бет

Дүйсенқұлова Ш.Р.
А-30 Әдістемелік құралда техникалық пәндер бірлестігіндегі бейнелеу
пәніндегі табиғат пен айналадағы қоршаған орта сұлулығы
мен ондағы эстетикалық мағынаны тану , пішін мен түстер
құпиясын ашу, бейнелеу өнері жанрлары арқылы оқушының
эстетикалық тәрбиесін дамытудың әдіс –тәсілдері мен оқытуды
құзіреттендіру мен ақпараттандырудың негізі қарастырылған.

Пікір жазғандар:
Р.Т.Шайқақов - мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары, білікті ұстаз
С.С. Сәрсенғалиева - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, білікті ұстаз

Аа030400- 30
30(03) 2014

& М.Төлегенов атындағы орта мектебінің Әдістемелік Кеңесі ұсынған

©Дүйсенқұлова Ш.Р, 2012




Оқырман қауымға
Адамның ғылымы, білімі
Хақиқатқа , растыққа құиар
Болып, әр нәрсенің түбін ,
Хикметін білмекке
Ынтық бірлән табылады.
АБАЙ.

Бейнелеу өнері – « Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-6 – сыныптарда жүргізілетін бейнелеу курстары негізіне арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Бейнелеу өнері» білім беру саласы оқытушыларының жұмыс мазмұнын , түрлерін және әдістерін ашып көрсету.
- Баланың бойында бірінші сыныптан бастап , болашақ азамат ретінде жеке басының қасиеттері қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы және орта буынға өткен оқушының сана- сезімі байқағыш, білуге құмар, есте ұзақ сақтайтын , аса әрекетшіл, , көп қимылдағыш, білуге құмар , сезімтал болғанымен олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру керек.
- Эстетикалық тәлім – тәрбие олардың бойындағы осы айтылған қабілеттерді дамытуға көп көмегін тигізеді. Адамда әсемдікті сезіну қабілеттерін қалай оятуға болады? Бала шығармашылыққа қабілетті болып өсуі үшін нендей нәрселер қажет? Бұл сұрақ мемлекет, қоғам алдында өз азаматтарын биік деңгейдегі мәдениетті , рухани бай елдер қатарында көру үшін әрдайым алдан шығады. Оқушылардың әсемдікке қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруда , эстетикалық талғамын жетілдіруде негізгі жауапкершілік үлкендерге жүктеледі.
Оқыту бағытындағы негізгі мақсаттарды мына тұрғыда шешуге болады:
- Бейнелеу өнерін оқыту мазмұнына өнердің әр түрін (кескіндеме, графика, мүсіндеу, халықтық және сәндік қолданбалы қолөнер) таңдап алу себебі- оқушыға халықтық көркемөнердің ежелгі мәдени құндылықтарын түсінікті түрде ашып көрсету;
- Халықтық және классикалық өнердің ары қарай дамуы бірыңғай мәдени және ағартушылық ортада ғана іске асады.Сондықтан өнердің дамытушылық қызметі баланың әр түрлі авторлар шығармасындағы (суретші, мүсінші, халық шеберлері) құбылыс пен шындыққа түрлі көзқарас тұрғысынан қарап, талдап, өз жүрегінен өткізу арқылы дүниетанымы дамиды. Оқушының мұндай дүниетаным жолы – жалпы білім беретін мектептің дамыта оқыту мазмұнының ең басты , қажетті ұстанымы;
- Оқушылардың білімдік- танымдық әрекетін өнер құралдары арқылы қалыптастыруда жас ерекшелігін ескру. Бұл мақсатта әдістемелік құралда бала шығармашылығының дамуына түрткі болатын икемді ойлау, сонымен қатар өнермен жанасуда шығармашылық бірліктегі қабілетін көрсете білу қасиеттерін дамытуға арналған өнер түрлері енгізілді;
- Әдістемелік құралдағы жабдықтар мұғалімнің оқушымен диалогына құрылған. Бұл дидарласудың қажетті адамгершілік- эстетикалық қарым- қатынас ортасын тудыруға , әдемілік әлеміне саяхаттың жайлы көңіл – күйде өтуіне әкелмек.
Бейнелеу өнері пәндеріне арналған бұл әдістемелік құралдың барысы жылдық сабақ жоспарының үлгісін қамтиды.
Дидактикалық материалдарды қамтитын бұл әдістемелік құрал негізгі деректер бойынша қызықты эмоциялық жағынан оқушының ғана емес, мұғалімнің көңіл- күйіне жағымды әсер ететініне , оқушы бойындағы жасырын қабілеттерді ашатынына , туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелейтініне , еліміздің көркемөнер мәдениеті бойынша жаңа деректерді балалармен бірге іздеуге , тануға мүмкіндік береді.

Өнер түрлері мен жанрлары
Бейнелеу пәні мұғалімі :
Дүйсенқұлова Шарбану Рафихқызы

Өнер әлемі сан қырлы да бай. Адам баласы өнер әлеміне сеніммен енуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап , мыңдаған жылдар бойы адам қолымен жасалған көркем шығарма қазыналарымен толық байланысты болуы керек.
Бейнелеу өнері адамды, қоршаған айнала шындығын , табиғатты айнытпай бейнелеу іс – әрекетімен ерекшеленеді.
Өнерді танып білудің нәтижелі жолы – онымен күнделікті , үздіксіз байланыста болумен айқындалады. Біздер музей , көркем шығармалар көрмесі , түрлі түрлі иллюстрациялар , сәулет өнерінің ескерткіштері және археологиялық қазбаларды көріп көріп , зерделеу арқылы тәжірибе жинақтап , қоршаған орта шындығына эстетикалық талғаммен қарай аламыз. Туған табиғат сұлулығына , қоршаған орта құбылыстарына жаңа , басқаша көзқараспен қарайтын боламыз .
Кескіндеме , мүсін өнері , сәулет өнері , графика және халықтық сәндік қолданбалы өнер – пластикалық немесе кеңістікте бейнелеу деп аталады, себебі, суретшілер жасаған бейнелерді кеңістікте жасайды.
Мүсін , сәулет өнерінің туындыларын барлық жағынан көре аламыз.
Шығарманың ең бір басты және жалпы ерекшеліктеріне , белгілеріне қарай бірігуіне байланысты жанрлық құрылым қалыптасқан . Мысалы , кескіндеме жайында айтар болсақ, оның түрлері мынандай: мозаика, миниатюра, фреска,картинаның кенеп ( полотно) бетінде орындалуы.
Әрбір өнердің өзара топталып бөлінуіне байланысты жанрлардың өз аттары бар. Кескіндемеде - портрет , табиғат , натюрморт т.б. жанрлар бар.
Әрбір өнер ерекшеліктері оның жасалу жағынан ғана емес , сонымен қатар қоршаған орта шындығына , көркемдік мәнерлеу ортасына да байланысты.
Сәулетші ғимарат құрылыстарын қоршаған ортамен , табиғатпен жарасымдылықта құру мақсатын көздейді.
Ал суретші түрлі сызықтар мен түстерге көңіл бөледі.
Солай бола тұрса да өнер түрлері әрқашан бір- бірімен тығыз байланыста , бір – бірін толықтырып отырады.
Бұл әдістемеде біз өнер жайлы әрбір о оқырманға қарапайым да қажетті түсіндірмелер беруге болады.
Сұлу сурет. ( Кескіндеме).
Сұлу сурет – бейнелеу өнерінің бір түрі. Қоршаған орта мен ондағы болып жатқан оқиғаларды, тұрмыс бұйымдарын түрлі- түсті бояулармен нақышын келтіріп бейнелеуді сұлу сурет шығармалары дейді. Сұлусурет кенеп бетінде, ағашта, қабырғада т.б. жазықтық бетінде орындалады.
Техникалық орындалу жағынан сұлу сурет мынандай бөлімдерге бөлінеді :
Майлы бояумен орындалатын кескіндеме, фреска, мозаика, витраж, акварель, гуашь, пастель т.б. Бұлай аталуға бейнелеуге қажетті пайдаланатын заттарға байланысты және материалдық техникалық ортаға байланысты.
Өсімдік майы қосылған бояулармен орындалған шығармалар «майлы бояу туындылары» деп аталады.
Тұрмыстық жанр дегеніміз – адамдардың өмірі мен тіршілігін бейнелейтін көрініс.
Станокты кескіндеме деп атау себебі станокта, мольбертте орындалатындықтан келіп шыққан. Көбінше рамаға тартылған кенеп мата материалдық негіз болып табылады. Орындалған шығарма арнайы жаслынған рамаға кигізіледі.
Акварель – кескіндеме саласындағы сұлу бояу. Ол түссіз желім қосып жасалынғандықтан, суда тез ериді. Акварель бояуымен жұмыс жасау өте ұқыптылықты қажет етеді, себебі бір рет боялған бояу үстінен қайта бояу жасаса кірленіп, түс реңктері бұзылады.
26

Акварель бояуымен құрғақ қағаз бетінде және ылғал қағаз бетінде жұмыс жасауға өте қолайы. Монументалды кескіндеме дегеніміз сәулет өнерімен тығыз байланысты,
Сәулетті ғимараттарды безендіруде қолданылатын өнер түрі. ОЛ үлкен де шағын ғимараттарды безендіруде кеңінен пайдаланылады.
Темпера дегеніміз жұмыртқа немесе желім сияқты заттармен жаншылған бояу. Бұл бояу суға езіледі, бірақ кепкеннен соң жойылмайды, осы боямен орындалған кескіндеме темпералық кескіндеме деп аталады.
Орыс иконын салушылар темперамен тақтайға , тас қиыршықтар бетіне ақтас пен балық майы араластырылған жел құдайы бейнеленген. Фреска арқылы үй қабырғалары және төбелері безендіріледі. Фрескамен жұмыс жасау техникасы өте қиын, ұзақ еңбектенуді қажет ететін ауқымды жұмыс. Себебі , қабырғадағы сылақ кеппей тұрып сурет салып ү үлгеру керек . Фреска кепкеннен кейін түстер ашық реңдерге айналады, сол себептен фрескадан кейін үй іші көрінісі кеңейген сияқты көрінеді.
Витраж деп шыны бетіндегі мөлдір бояулармен орындалған немесе түрлі түсті шыныларды бір-бірімен біріктіру арқылы құрастырылған бейнелерді айтамыз.
Витраж есік , терезелерге , үй ішіне түрлі реңк бояуларын күн сәулесі арқылы жіберіп сән беру үшін жасалады.
Мозаика – әр түрлі тастардан , шыны құймаларынан , керамика тақталарынан жасалынатын сюжетті не нақышты өрнек.
Театрлық – сәндік кескіндемеге декороция ,костюмдер , бутафория ( жасанды заттар ) жатады.Бутафория да суретшілер эскиздер бойынша жасалады.
Олар спектакльде болып жатқан оқиға мазмұнын ашып көрсетеді .
Миниатюра дегеніміз кітаптарды кескіндеме арқылы безендіру. Сонымен қатар кішкене көлемді кескіндеме ( портрет, халық өнеркәсібі жән т,б.)
Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарына түс, композиция , перспектива, жарық , сәуле т,б, кіреді. Түс арқылы ,ой , сезім , қиял дамиды, жазықтық бетіне пішін көлемі реалды түрде көрсетіледі.
Түс.
Адам жүрген жердің барлық жерінде түстің бірге жүретіні белгілі. Түс адамға психологиялық - физиологиялық жағынан әсер етеді. Мысалы , жылы түс пен суық түстер адамға ширақтық пен сылбырлық , қуаныш пен қайғы сезімдерін туғызады. Түстерді дұрыс қабылдауға қабілеті бар адам он мың түстердің реңдерін байқап ажырата алады екен.
Ағылшынның физик ғалымы иссак ньютон жаратылыстану ғылымына түстердің жіктелу негізін – спектрді енгізді.
Ньютон жеті түр спектрін былай айқындайды :қызыл, қызылсары , сары, жасыл , көгілдір , көк және күлгін. Сонымен қатар қызыл мен көк түс қосындысы сия көк түсте айқындалады.
Ақ , қара және сұр түстер түссіз бояулар қатарына жататындықтан ахроматты түсер деп аталады. Қалған түсер хроматты түстер демек , түсті бояулар деп аталады. Бұйымға , затқа қарап мынау қызыл, , мынау жасыл т,б, деп айқындау түсті өң деп аталады.
Ашық түс дегеніміз бір түстен екінші түстің ашықтау көрінуі . Мысалы , жасыл түсті жапырақ жасыл түстен ашықтау.
Жылы мен суық түстер . Жылы түстерге қызыл, сары қызылсары түсер жатады. Бұл түстер адам санасында күннің қызуын , ыстық от, қызған темірді көз алдына елестетеді.
Айналадағы түскен жарық арқылы көре алуды бейнелеу іс –әрекетінде жарық пен көлеңке деп атайды.
Жарық деп бұйымның ең жарық бөлігін , демек , жарық сәулесі тікелей түскен сыртықы беттің үлескісін айтамыз.
Жылт деп сыртқы бет үстіндегі ең жарық, жарқырап тұрған дақты айтамыз. Бұл құбылыс жылтыр бетте шығыңқы пішінде көрінеді.
Бұйымның сыртқы беті бойынша жылжитын жарық пен көлеңкенің тағы бір элементін жартылай жарық деп атадйды.
27

Нақ бұйымның өзіндегі көлеңкені меншікті көлеңке деп атайды.
Түскен жарық сәулесімен пайда болған бұйымның көлеңкесін меншікті көлеңке деп атайды.
Шағылысу жарығы деп көлеңкенің жарықтануын, демек , бұйым , дене , жазықтықтан түскен жарықтың әсер етуін айтамыз.
Композиция дегеніміз – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланысын орынды құрастыру . Сурет мазмұнын ашу , пішімін нақты табу ,
шығарма көлемін табу , кейіпкерлердің жүріс –тұрысын дұрыс беру композициялық құрылым - элементтеріне байланысты
Перспектива сөзі французша «Перспектива» бейнелеу өнерінде жазықтық бетінде көлемді денелерді бейнелеу әдістерін айшықтайтын мағынаны білдіреді. Перспектива сызықтық , жарық ауа және кері болып бірнешеге бөлінеді.
Графика сөзі грек тілінен «графо» жазамын , сызамын , сурет саламын деген мағынаны береді. Сонымен қатар бір түсті бояумен , бір сызық арқылы орындалған жұмыс та графикаға жатады.
Қолданылатын орнына қарай , мазмұнына байланысты , графика станокты, кітап безендіретін және плакатты болып бірнеше бөліктерге бөлінеді.
Мазмұнына қарай кескіндеме бірнеше жанрға бөлінеді.
Олардың ең маңыздысы тарихи , тұрмыстық , портрет , табиғат және натюрморт болып есептеледі.
Тарихи жанр- бұл оқиғаларды бейнелеуге байланысты болып келеді.
Тұрмыстық жанр - бұл адамның өмірін және тұрмыстық бейнелейтін өнер.
Портрет – адамның сыртықы келбетін жеке өзіне тән қасиеттерін бере отырып бейнелеу.
Адамның басының суретін салу - бұл күрделі жұмыс. Жалпы бас мүшелерінің суретін салу барысында олардың пропорцияларын тексеріп , көлеңке жақтарын белгілеп, штрихтармен толықтырып отырған жөн.
Натюрморт - француз тілінен алынған «өлі табиғат» деген мағынаны білдіреді. Бұл жанр бойынша жасалынған шығарма бойынша әр түрлі заттар мен бұйымдар жиынтығы , мысалы , тұрмысқа қажетті бұйымдар , жеміс- жидектер , гүлдер және т,б. Бейнеленеді. Заттың өңіне қарап сурет салудың өзі көрген нәрсені ой елегінен сан қайтара өткізумен , оны жөндеп , түзетіп отырумен қатар жүреді. Салынған суретте , басқа түстердің қоршауында заттың өзіне сәйкес келетін , дұрыс та дәлме – дәл түс ретінде нанымды қабылданатындай түсті тауып , іріктеп алу қажет. Яғни заттардың түсін емес , олардың түстік өзара байланысын зерделеп алу қажет.
Мүсін өнері .
Мүсін өнері – латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны береді. Мүсіндеу айналадағы шындықты , көлемді бейнелер мен кейіптерді кеңістікте бейнелеу мақсатын көздейтін бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеу өнерінің шығармалары қатты және пластикалық материалдардан ( ағаш, темір , мәрмәр , тас, балшық т,б. ) жасалынады.
Жұмсақ материалдардан (пластилин, балшық балауыз жасалынатын пішіндер дайындалады.
Сомдау – ағаштан немесе басқа материалдан артық жерлерін бөліп алу, ажырату , шабу жолдарымен атқарылатын жұмыс. Негізінен мүсіндерде көбінесе адам бейнесі, ара- тұра жануарлар бейнесі мүсінделеді.
Мүсіндеуде көркемдеу құралдары және моделировка болып табылады, демек бұйымның көлемдігі немесе жарық көлеңкенің модельдегі ойнақылығы .
Әдетте , мүсіндер жұмыр және рельеф болып бөлінеді. Жұмыр мүсінде бұйымның немесе фигураның шын мәніндегі көлемдік пішінде бейнеленуін жан –жақты қарап көруге болады. Сондықтан жасалынған зат немесе бұйым қай тұстан қарасақ та мәнді болу қажет.
Мүсіндеу өзінің қолдану орнына байланысты монументальды , сәндік және станокты болып бөлінеді.
Монументалды мүснідеу - сәулет өнерімен және қоршаған ортамен табиғатпен тығыз байланыста болады. Монументалды мүсін ұзақ уақытқа есептелініп жасалынатындықтан мықты , төзімді , ауыр материалдардан ( тас, бетон, темір ) жасау мақсаты көзделінеді.
28

Монументалды мүсіндеу өнерінің шығармаларының ( ескерткіштер , сымбат, рельеф) көпшілігі қоғам мақсатын тарихи қайраткерлер бейнелерін көрсетеді. Станокты сәулет өнерімен немесе табиғатпен байланысты болмайды, оның өзінше жеке орны бар. Станокты мүсіндеу шығармалары көлемі жағынан үлкен емес, мүсінделетін бұйымның пішінін дәл беруді көздейді.
Станокты мүсіндердің негізгі жанры – портрет. Бұл жанр жұмыр мүсінде кеңінен қолданылады, себебі адамды бейнелеуге мүмкіндігі мол. Жұмыр мүсінде бір кісіні мүсіндеу (сымбат) немесе бірнеше кісіні ( мүсіндік топ) , сонымен қатар адамның кейбір мүшелерін үзінділермен ( бас, кеуде, жартылай дене ) мүсіндеу арқылы көрсете алады.
Сәндік мүсіндеуде үйлерді , қала көшелерін , бақтарды безендіру мақсаты көзделеді.
Ал рельеф, сымбат, суатқы - сәулет өнерімен байланысты өзіндік көркем мәнімен ерекшеленеді.
Рельефтік шығармаларда көру нүктесі мүлдем аз, себебі , шығыңқы бейнелер жазықтың бетіне жартылай бедер арқылы шығып тұрады .
Рельеф – барельеф және горельеф болып екіге бөлінеді . Жазықтық бетінде өз көлемінің жартысынан көп бөлігі шығып тұрса , бұл мүсіндік бейнелер горельеф деп аталады.
Рельеф үй құрылыстарының қабырғаларының және ескерткіштер орнатылатын қондырғыларды ( постамент ) безендіруде көп қолданылынады.
28 гвардияшы - панфиловшылар атындағы демалыс бағындағы тұрған даңқ монументте кеңінен көрініс табады.
Шағын пішіндегі мүсіндерге мынадай кіші пішіндегі сымбат, , медпльон ойыншықтар жатады.
Шағын пішіндегі мүсіндер өзінің белгілі бір пластикалық тіліне ие, өзінің заңдылықтарына бағындырылады.
Шағын мүсіндер ерекше қозғалмалы , ол өз орнын жиі ауыстырыла алады, біздің көз деңгейімізден жоғары немесе төмен тұра алады .

Сәулет өнері.
Ежелгі және негізгі өнер түрлерінің бірі – сәулет өнері .
Адам өмірі мен іс – әрекеті үшін кеңістікте үй құрылыстары мен ғимараттар салушы саланы сәулет өнері деп атайды. Әрбір құрылыс адамның өмір сүруі үшін , еңбек етуі ,демалуы үшін , дене шынықтыруы мен оқуы үшін , сауда және т,б. Арнап ( тұрғын үй стадион , дүкен , театр т,б. ) салынады.
Сәулет өнері құрылыстарының адам көргенде мықты , әсем , ыңғайлылылығын көріп , білу қабілетін ашып , көрерменнің көңіл – күйіне әсер ететін қасиеттерімен ерекшеленеді.
Сәулет өнерінің негізгі 3 түрі бар : көлемді құрылыс , көгорай бау – бақша , қала құрылысымен айналысу .Көлемді құрылыс тұрғын үйлер , қоғамдық ( мектеп , театр, вокзал , зауыт , фабрика т,б.)
Көгорай сәулетті бақтар құрылыстарына байланысты құрылады . Бұл сквер, парк, бульвар, көпір , суатқы , басқыштар т,б. Болуы мүмкін.
Қала құрылысы жаңа қала , ауылды құру және ескі қала орамдарын жаңалау жұмыстарын жүргізеді. Қала құрылысы белгілі аумақты айқындап , тұрғын үй , қоғамдық өндіріс аймақтарын орналастыру жобасын құрады. Бұл тарихи ескерткіштер мен көрнекі жерлер табиғатын сақтап қалу ең маңызды мәселе болып есептеледі.
Әрбір өнер түрлі уақытты өздігінше көрсетеді.
Ежелгі дүние ( Египет пирамидасы, Мексика храмы т,б. ) сәулет өнерінің құрылыс көлемі жағынан ірі және үлкен масштабпен жасалған . Олар өздерінің үкімі мен күшін , билігі мен құдайлығын , сонымен қатар жұмбақтығын паш етті.


Готикалық стиль.
Ежелгі дүние өнері адамға сенім мен күш беріп өмірге құштар етті. Ақ тастан салынған жеңіл де жарық үй құрылыстары өзінің әсемдігімен адамдарды қуантты.
Орта ғасырдағы сәулет өнері феодалдық қоғамның билеп тұрған кезінде пайда болды. Көпшілік қоғам ылғи да феодалдардың соғысына ұшырап отырады. Бұл жайлы сәулет өнерінің Еуропадағы , Азиядағы , Солтүстік Америкадағы ескерткіштері , қамалдары т,б. айтып бере алады
Готикалық стиль орта ғасыр кезеңінде пайда болды. Осы кезеңде көкке өрлеген собор құрылыстары діни бастаманы айқындай түскендей.

Борокко стилі.
Классикалық стиль Францияда ХҮІІ ғасырда пайда болды. Сәулет өнерінде қарапайымдылық , ашықтық , мығымдық көрініп тұрды.
ХХғ- дың ортасында жаңа типтегі фабрикалар , зауыт , вокзал , қонақ үйлер , көп қабатты тұрғын үйлер пайда бола бастады. Осы кезеңде әр түрлңстильдердің араласуы басталды. Дүкендер құрылысы қытай сәулеттік стилінде , фабрикалар готикалық храмдар пішінінде орындалады.
ХХ ғасырдың бас жағында сәулет өнерінің өрнекті сәндеу , түсті панноны қолдануда жаңа құрылыс материалдарын ( темір , шыны, , бетон, керамика) пайдалана бастайды.
Сәулет өнері бұл күндерде ішкі және сыртқы пішіндердің қарапайымдылығымен көзге түседі. Қазіргі таңдағы техника деңгейінің өсуіне байланысты аспанмен тілдескен биік алып ғимараттар мен мөлдір павильондар бой көтереді.
Қазақстанның сәулет өнері.
Қазақ жерінде сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері, мұнарасы көк тіреген мешіттер мен мавлозей, медреселер осы күнге дейін сақталған, сәулет өнеріндегі ең алдыңғы қатарлы шығармаларының бірі ХІ-ХІІ ғасырдың Айша бибі мавзолейі болып саналады. Оның көрікті қабырғалары Қазақстанның алуан түрлі өрнек нақыштарымен безендірілген. Арада қаншама ғасыр өтсе де өзінің сәнді де әсем сәулетімен елді таңғалдыруда.
Сәулет өнерінде бұрынғы кезде де, қазіргі заманда да ғимараттар салу барысында пайдаланылып жүрген бірқатар ұғымдарға тоқтала кетейік.
Ойық(проем) деп есік, терезе үшін қалдырылатын тең төртбұрышты, тік төртбұрышты, жартылай, толық шеңбер қосылған тік төртбұрыштарды атайды.
Терең созылған ойықты дәліз(коридор) деп кез келген геометр айта алады. Бұл бөлмелерді бір –бірімен байланыстырушы тар өткел. Егер ол ұзын да тар және оның үстіне тіке болса, кез келген адам бұл жерде еріксіз өзінің жүрісін жылдамдатады. Егер ол айнымалы, қисық болса адам әрбір бұрылыстың алдында жүрісін сәл бәсеңдетеді. Егер оның едені еңкіш болса, онда жоғары көтерілген кезде адамның бар денесі ауырлықты, ал төмен түскен кезде жеңілдікті анық сезінеді.
Тіреу – жерге қадалған сырық немесе бағана. Егер тіреу тым үлкен, қомақты болса оны бағана деп атайды. Ал егер оған адам денесі сияқты бас, аяқ қосса, оны римдіктерше «капитель» деп атайды.

30
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.