.
.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бейнелеу өнері және технология пәні мұғалімі Қажымұратова Венера Санкибаевна «Жіп сурет» технологиясының ерекшеліктері
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3044 | Размер: | Автор: нартай«Жіп сурет» технологиясының ерекшеліктері
Сурет салу өнері – жер бетіндегі өнердің ең көне түрі. Өнер тарихына үңіліп қарасақ...
Алғашқы қоғам даму кезіндегі суретшілер әр түрлі бұйымдар мен жануарларды, тіпті адамдар бейнесін аса шеберлікпен тас бетіне немесе сүйекке қашап, ою арқылы айқын сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петроглифтер бұған дәлел.
Қазақ халқының көне қолөнерінің даму тарихы Андронов мәдениетінен басталғанын Доспай тауларынан тасқа түсірілген суреттер және Ұлытаудан табылған керамика шынылары дәлел бола алады. Ертедегі тіршіліктің табиғатынан сыр шертетін суреттер әлемнің түкпір-түкпірінен табылып отыр.
Осылай тараған көне өнердің бір түрі –жіппен сурет салу. «Жіп сурет техникасын халық арасында «жіп графикасы» немесе «жіп дизайны»деп те атайды.
«Жіп сурет» техникасымен жұмыс жасау сәндік - қолданбалы өнер түріне жатады. Бұл өнер көне заманнан бері қарапайым еңбек құрал жабдықтарын пайдаланып, шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын қолөнер өндірісі екендігі белгілі.
Сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп эстетикалық сапаларға ие, өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын заттармен, суреттерді, көркем туындыларды айтамыз. Сонымен бірге сәндік өнерді меңгеру нәтижесінде оқушылардың бойында өзінің ұлттық мәдени тарихына үңілуге, этнографиялық ерекшелігін білуге ынталандырып, ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып, жалпы өнерге деген құрмет сезімі пайда болады.
«Жіп сурет» өнерінің тарихына үңілсек, бұл өнердің түрі алғаш рет XVI шы – ғасырда тұманды Альбионда, яғни Ағылшын елінде пайда болған. Ағылшын тоқымашылары тақтайшаларға белгілі бір жүйемен шегелер қағып, сол шегелерге жіптерді керіп, орап байлаған. Нәтижесінде шілтерленген әдемі сурет өрнектері шыққан. Сол суреттерін үй ішін безендіруге пайдаланған. Тарихта бұл суреттер тоқымашылардың матаға салатын өрнектерінің эскизі деген де болжам бар.
«Жіп сурет» әдісімен қазіргі кезде декоративті паннолар, открыткалар, әдемі түрлі суреттер салып, сувенир қаптар, кітап арасына салатын белгілерді (закладка) безендіреді. Бұл әдіспен жұмыстану кезінде, өрнектер тез орындалып, ойдан шығармашылық бағытта түрлі сурет ойлап шығару қасиеті дамиды. Әр түрлі, әр түсті жіп түрлерімен ізденіс жұмыс түрлерін орындап жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып отыруға болады.
Үйрену жолдарының негізі болып жіппен схема арқылы ;
а) бұрыш; в) доғал; б) шеңбер; г) сопақша денелерін тігу
«Жіп сурет» техникасымен тігуге қажетті құрал- жабдықтар: Жұмысты тігіп үйрену барысында жұмыстың фоны ретінде түрлі – түсті қатты картон, былғары, барқыт қағазы, керілген бір түсті мата, CD дискілерін, пластика тақтайшаларын пайдалануға болады;
Жіптің түрлері: шарғы жіп, ирис, мулина, гарус, жүн жіп, алтын, күміс түсті люрекс жіптерін пайдалануға болады. Сонымен бірге ине, біз, оймақ, қайшы, желімді лента, пенопласт тақтайшасы керек болады. Сызғыш түрлері, бұрыш, шеңбер трафареттері, лекал түрлері, шаблондар;
«Жіп сурет» техникасымен жұмысты тігу барысында түстердің үйлесімділігін, қасиетін айыра білуіміз керек. Жұмыс сапасына түстерді сауатты түрде қолдана білгенде ған әдемі суретке қол жекткізе аламыз. Ол үшін түстік спектр шеңберіне тоқталып қасиеттерін білуіміз керек. Олар: негізгі , қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын, жылы, қосымша, контраст (қарама-қарсы) болып бөлінеді.
Негізгі түстерге; қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды.
Қосынды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары + көк = жасыл; қызыл+ сары = қызғылт сары; көк+қызыл =сия көк.
Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ ,сұр, қара түстерінің реңдері жатады.
Хроматикалық түстерге; түрлі түстердің бәрі жатады.
Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк- сары т.б.
Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір , көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз.
Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.
Қосымша немесе бір-бірін толықтыратын түстер деп спектр шеңберінде орналасқан, қарама-қарсы тұрған түстерді айтамыз.
Мысалы: қызыл- жасыл, көк-сары, қызғылт-сары-көгілдір т.б.
Түс үйлесімділік қасиетін меңгергеннен кейін «Жіп сурет» техникасын тігу барысында пайдаланылатын жіптерді контраст түспен аламыз.
Жұмыстың аясына салқын түстерді қолданамыз олар: көк, сия көк. Ахроматикалық түстен қара түсті қолданамыз. Өрнек, суреттердің түстерін жылы түспен анық шығу үшін сары, қызғылт-сары, қызыл, ашық жасыл түстерін пайдаланамыз. Себебі жылы
түстермен жасалған бейне бірінші планға шығып тұрған тәрізді анық әсер қалдырады. Композиция құру барысында міндетті түрде бұрыштың, шеңбердің, доғал, сопақшаның ішін толтыру бағытын жетік меңгеруіміз керек. Ол үшін мына сызу үлгілерін үйренеміз.
«Жіп сурет» техникасымен орындалған жұмыстарды көре отырып, суреттердің күрделілігіне қарағанда бұндай жұмыстарды орындау мүмкін емес тәрізді болып көрінеді.
Бұл техниканы сауатты түрде меңгерсе, әдемі түрлі композициялар туындайтына сенімім мол.
Жұмыстың фонына картон немесе пластика тақтайшасын алуға болады.
Пластика тақтайшасы жарнама агенттерінде безендіру жұмыстарына пайдаланатын ақ түсті, жеңіл материал. Пластика түріне тоқталатын болсақ қалыңдығына байланысты: 1,5; 3; 5; 10; 15; 20.т.б болып бөлінеді. Осы әдіспен жұмысты тігуге №1,5мм тақтайшасын пайдаланған жөн, себебі жұқалығына байланысты тесуге, инемен тігуге өте жеңіл. Пластиканың түсі ақ болғандықтан бет жағын «ORACAL» желімі бар пленкасының қара, сия-көк, қою-көк түстерінің бірімен қаптап жұмыс фонын даярлап алынады. Эскиз жұмыстарымның ішінен таңдап алынған суретті пластика тақтайшасының теріс бетіне салыну керек. Салынған суретті тігуге теріс бетінен бізбен тесіп әзірлеу керек. Біздің ұзындығын
1 см ұзындықта қалдырып, қалғанын кесіп тастаймыз, себебі қысқа біз жұмысты тесуге өте ыңғайлы. Пластик тақтайшасының астына үстелді тесіп кетпес үшін пенопласт тақтайшасын төсейміз. Тігуге ине түрлерін пайдаланып, қолды жарақаттап алмас үшін оймақ киіп отыру қажет.
«Жіп сурет» техникасын салу, тігу жолдарын меңгере отырып көптеген нәтижелерге жетуге болады. Оқушының жігерлік сапасы, яғни жұмысты аяғына дейін жеткізу және өз
қолымен тігілген суреттерге қарай отырып сүйсіну сезіміне бөлену, логикалық ойлау, көзбен өлшеу қасиеті, бейненің конструктивті бөлігін көре білуіне т.с.с қасиеттерінің дамуына зор әсер етеді.
Схема салу жолдарын және түстерді сауатты меңгерсе, тіпті көркемдік біліктілігі жоқ адамның өзі көлемді композиция салып, тіге алады.
Болашақта осындай композициялармен үй ішін, мектеп дәліздерін немесе офистерге арналған безендіру жұмыстарына пайдалануға болады. Бұл туындылар адамдарға жақсы көңіл күй, әдемі сезімдер силайды.
Эскиздік жұмыстар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.