.
.
Қазақ халқының қолөнерінің бірнше түрлері бар. Жыл мезгілдері
Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2981 | Размер: | Автор: нартай- Жүннен жасалатын заттар: кілем, алаша, бау- басқұр, қоржын т.б.
- Киіз басу- сырмақ, киіз, текемет т.б.
- Зергерлік өнер- білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы т.б.
- Сүйек, мүйізден әшекейленіп жасалатын бұйымдар: кебеже, асадал, ожау, адалбақан т.б.
- Ағаш шеберлері жасаған бұйымдар: домбыра, қобыз, киіз үй сүйектері т.б.
Сонымен қатар қайыс өру, былғары өңдеу, ер жасау, тас өңдеу, темір өңдеу, ши тоқу т.б. айтуға болады.
Қолөнер мен айналысатын адамдарды төрт топқа бөледі
«Оқу- білім қазығы, білім – өнер азығы»
1. Бейнелеу өнерінің түрлері – кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
2. Натюрморт – жансыз, қозғалмайтын заттар бейнелейтін бейнелеу өнері.
3. Акварель – суда жақсы еритін мөлдір бояу.
4. Композиция – суреттің парақ бетіне үйлесімді орналасуы.
5. Икебана- кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма.
6. Нобай – дайындық, жобалық сурет.
7. Кскіндеме- басты әсерлегіш құралдары түс және бояу болып табылатын бейнелеу өнерінің түрлі және бояулармен орындалған шығарма.
8. Пейзаж- бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанры.
9. Гравюра- оюланып, бедерленіп салынған сурет
10. Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеу.
11. Палитра- бояу араластыратын тақта
12. Мимика- адам бет әлпетінің қимылдары. Мимика адамның көңіл күйін білдіреді.
13. Бейнелеу өнерінің жанрлары –пейзаж, портрет, натюрморт, анималистік, баталдық маринистік, тарихи жанрлар.
14. Мүсін – басты құралдары көлем мен пішін болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі.
15. Анималист – жануарларды бейнелейтін суретші және мүсінші.
16. Мозаика – әр түрлі шыны, тастардан жасалған сурет
17. Топтық портрет – бірнеше адамның суреті бейнеленген портер.
18. Коллаж- әр түрлі маталарды жапсыру арқылы орындалатын көркемдік жұмыс .
19. Графика- бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалатын сурет, бейнелеу өнерінің түрі.
20. Портрет- бейнелеу өнерінің адамды бейнелейтін жанры.
21. Апликация – жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
22. Офорт – металға салынған гравюраның түрі
23. Реңк- бір түстің түрленуі
24. Батик- матаға бояумен салынған сурет.
Сабақтың тақырыбы : Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушылардың жыл мезгілдері жайлы, ондаған өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы білімдерін кеңейту.
«Табиғат» құныдылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, ой- өрісін, танымын арттыру. Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сұлулыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелу.
Табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, музыка әдебиет т.б.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер, слайдтар, интерактивті тақта.
Сыныптан тыс сабақтың жоспары:
1. «Жыл мезгілдері» 2 . «Оқу- білім қазығы,
(көрініс) білім – өмір азығы» 3 . «Білгенің дұрыс»
1. 4.«Көңілді бояулар» 6. «Қорытынды бөлім»
5. «Кім тапқыр ?»
1. Жыл мезгілдері (көрініс)
Қатысушылар:
1. Жыл ақсақалы
2. Табиғат патшайымы
3. Қыс (3ұл)
4. Көктем (3 қыз)
5. Жаз (3 қыз)
6. Күз (3 ұл)
- Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олардың ай десе аузы, күндей жарқыраған көзі бар, дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты. Анасы жақсы тәрбие беріпті, Үлкен қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын, мінезі нәзік.
Екінші қызы - «Жаз» жарқырап, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді екен.
Үшінші қызы- «Күз» басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы «Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын,қаталдау екен.Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын домалақ ана өздерінің құтты орындарына қондырыпты.
Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты.
Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты.Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті.Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұтатын,қонақжай үш ұл өсіріпті.Осы төрт қыздан өрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп, ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен он екі айы екен.
Күндердің күнінде осы қыс, көктем, жаз, күз мезгілдері бір күні айтысып қалыпты. Олар былай деп айтысады.
Көктем: Менен тіршілік көзі басталады. Адамдар қыстан аман шығып, жадырап, қайта түлеп, қызу еңбектерін бастайды. Табиғаттың ең тамаша кезеңі әрине менмін.
Жаз: Жарайды көп мақтанбай-ақ қой, менсіз адамдар не істеген болар еді? Егер менің аптап ыстығым болмаса егін, бау-бақшаларың пісер ме еді? Ал сендер суға шомыла алар ма едіңдер? Табиғаттың ең кереметі менмін.
Күз: Өте дұрыс айтқандарың, бірақ адамзатқа меніңде қажетім бар. Барлық еңбек атаулының қызған шағы менде, егін бау-бақшалар жиналып, қыбырлаған жанның бәрі қыс қамына кіріседі, ал сендер жеміс-жидекке тоймаған болар едіңдер. Табиғаттың ең бір жақсы кезеңі менмін.
Қыс: Пай-пай мақтануларын ! Табиғаттың ең керемет кезеңі менмін. Менен күшті ешкім жоқ, барлық жерді ақ бояуға бояп, түрлі өрнектермен безендіріп, табиғатқа сұлулық беретін менмін. Жаңа жылды менсіз қарсы ала алмайсыңдар ғой ? Көрдіңдер ме? Табиғаттың ең күшті кезеңі менмін.
-Осылай айқайласып жатқан үстіне жыл ақсақалы мен табиғат патшайымы келіп қалып былай дейді:
Табиғат патшайымы: Бәрекелді, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой, бұл не жиын?
Бәрі:Табиғаттың керемет кезеңі кім екен деп таласып жатырмыз.
Табиғат патшайымы: Орынсыз таласқандарыңыз дұрыс емес. Бәрің де адамдарға керексіңдер. Сендер көктем, жаз, күз, қыс болып өзгеріп тұрмасаңдар, олар өмір сүре алмаған болар еді. Барлық кезеңнің өз кереметттері бар, сондықтан таласпай адамдарға қалтқысыз қызмет жасауға тырысыңдар ! Олар табиғаттың кереметтерімен ғана күн кеше алады.
Бәрі: Дұрыс –дұрыс, орынды айтылды. Бізден қателік болды. Түсіндік.
Жыл ақсақалы : Ендеше өз білетіндеріңді ортаға салып мына отырған халықты таң қалдырыңдаршы !
Қыс: Мен Абай атамыздың өзіме арнаған өлең шумағын айтамын.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы- үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құлаң –қыс келіп , әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Көктем: Мен туралы Абай ата былай депті.
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануарлар адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,
Көбелек пен құстарда сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады –су.
Күз: Мені Абай ата былай деп жырлайды.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.
Жасыл көп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал –кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
Жаз: Абай ата мені мына өлең жырларымен былай депті.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек.
Ұзарып, өсіп толғанда ;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының,
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат,айғырлар,биелер,
Бүйірі шығып, ыңқылдап…
Арасында құлын –тай,
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары – төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап…
Жыл патшайымы: Рахмет жыл мезгілдері. Өте көп тақпақ біледі екенсіңдер. Ендеше, білімдеріңді сынап көрелік .
2. «Оқу- білім қазығы, білім – өмір азығы» (бұл бөлімде пән бойынша сұрақтар қойылады.
Қыс мезгіліне
1. Бейнелеу өнерінің түрлері
2. Натюрморт
3. Акварель
4. Композиция
5. Икебана
6. Нобай
Көктем мезгіліне
1. Кескіндеме
2. Пейзаж
3. Гравюра
4. Автопортрет
5. Палитра
6. Мимика
Жаз мезгіліне
1. Бейнелеу өнерінің жанрлары
2. Мүсін
3. Анималистік
4. Мозаика
5. Топтық портрет
6. Коллаж
Күз мезгіліне
1. Графика
2. Портрет
3. Аппликация
4. Офорт
5. Реңк
6. Батик
3.«Білгенің дұрыс» (бұл бөлімде мақал- мәтел жалғасын табу)
1. Қыс азығын жаз жина.
2. Жаңа айдан жақсылық.
3. Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
4. Сәуір болмай, тәуір болмас.
5. Қаз келсе жаз келер,
Қарға келсе қатқақ келер.
6. Сақырлаған аязда сары қамысты панала.
7. Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз.
8. Қыстағы суық – жаздағы ыстық.
9. Қылышын сүйретіп қыс келер.
10. Қыстағы қар жер ырысы.
11. Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
12. Егіндікті күз суар,
Күз суарсаң жүз суар.
13. Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көк дүркірер.
14. Жаздың қамын қыс ойла
Бір ойлама, үш ойла.
15. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
16. Қыстағы қар – жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
4.«Көңілді бояулар» (бұл бөлімде әр топтан бір-бір оқушыдан шығып өз жыл мезгілдерін бейнелейді)
2. Қыс (түрлі бояулармен)
3. Көктем (аппликация)
4. Жаз (батик)
5. Күз (монотипия)
5. «Кім тапқыр?» (бұл бөлімде жыл мезгілдері туралы жұмбақтар шешу)
1. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашды. (Күн)
2. Тырс – тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
3. Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат ашылды. (Кемпірқосақ)
4. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
5. Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
6. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жетеді,
Аузы жоқ-ұлиды. (Боран)
7. Қараңғыда жымыңдайды жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады.
8. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тонады. (Қар)
9. Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге. (Жапырақ)
10. Қыста киімін тастайды.
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
11. Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)
12. Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)
6. Қорытынды бөлім:
Жыл ақсақалы: Балалар, сендер өнерлі екенсіңдер, олай болса, мен де өнерімді көрсетейін.
«Жыл қайыру»
Тышқан жылы-тыңғылықты жыл басы,
Сиыр жылы- сапалақтың жалғасы.
Барыс жылы-береке,ырыс тасқыны,
Ұлу жылы-ұйымшылық үлгісі
Жылан жылы- жаңашылық белгісі.
Жылқы жылы-жақсылықтың жеңісі,
Қой жылы- құт қайырымды еңбек жемісі.
Мешін жылы-молшылықтың мәресі,
Тауық жылы-тоқшылықтың төресі,
Ит жылы-игі,игерілге жұмыстар,
Доңыз жылы –дәулет,сәулет құрылыстар.
Табиғат патшайымы:
Табиғатты сүйіңдер,
Сүю үшін күйіңдер.
Қамқорлық жасау жолында,
Жан – тәнімен сүйіңдер.
Жүректен жүрекке
Күніміз ашық болсын
Түніміз тыныш болсын
Ауамыз таза болсын
Суымыз мөлдір болсын
Деніміз сау болсын !
Сау болыңыздар !
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.