.
.
Сабақтың тақырыбы: « 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс » 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3350 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихы мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырып, ойлау, сөйлеу, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге үйрете отырып, ұлтжандылық пен
патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: тірек -сызба, дидактикалық материал, қажетті
сөздер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: білімді жинақтау, қорыту,сұрақ- жауап,картамен жұмыс,ойын әдістері
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың өткізілу барысы:
І кезең. Ұйымдастыру
ІІ кезең. «Жылдар сөйлейді»
ІІІ кезең. «Тұлғаны таны және кім айтқан»
ІҮ.» Сәйкестендіру тесті»
Ү. «Семантикалық карта»
ҮІ. Тесттік тапсырма
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
-Сәлемдесу,түгендеу;
-Сабаққа назарларын аудару;
ІІ.«Жылдар сөйлейді» 1897 ;
1905-1907;
1913-1918;
1914 -1918 ;
1918-1920 ;
1917 ақпан – қазан;
1917ж. қазан - 1918ж. наурыз ;
1916ж. 25 маусым
ІІІ. «Тұлғаны таны және кім айтқан»
(Оқушы жасырын тұлғаның суретін алып, ол тұлғаның кім екенін және өмір тарихын айтады )
А.Иманов Б.Әшекеев Т.Бокин Ж.Мәмбетов
1. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды?»
2. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»
3. «Қазақ секілді іргелі жұрт өрелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ, қара жұмысқа байлануын кемшілік деп санаймыз» деп жазды
4. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипаты белгісіне айналды» -деп жазды
ІҮ. «Сәйкестендіру тесті»
1916 жылғы ұлт –азаттық қозғалыстың барысын кестеде көрсетілген даталар мен мәліметтерді пайдалану арқылы өзара сәйкестендіріңдер.
1916ж, 25 маусым Патша үкіметінің жергілікті орындары болыстармен бірлесіп, тізім жасап, қазақ кедейлерін майданға аттандырып жатты.
1916ж, шілде Майданға 19 бен 43 жастың аралығындағы қазақтар, өзбектер, қырғыздар және Сідірдің басқа да халықтарынан әскерге адам алынсын деген жарлық шықты.
1916ж, шілде Ереуілтөбе деген жерде 14 албан болысының жігіттері өліспей - беріспеуге ант берді.
1916ж, 11 шілде Түркістан қаласының тұрғындары көтеріліске шықты.
1916ж, 1 шілде. Жаркент уезіндегі Құрман болысының жігіттері наразылық манифестациясын өткізді.
1916ж. 8 тамыз
Орынбордағы наразылық
1916ж. 16 тамыз
Ақсу жайлауындағы наразылықтар
1916ж. 16 тамыз
Верныйдағы наразылық
1916ж, 8 тамыз
Әулиеатадағы наразылық.
Ү. «Семантикалық карта» №1.
Шығарма
Авторы
Қартқожа Ботакөз Қилы заман Бекболат батыр Тар жол, тайғақ кешу
М.Әуезов
Ж.Аймауытов
С.Сейфуллин
С.Мұқанов
И.Дәукебаев
№2.
Жетекшілер
Облыстар С. Меңдешев Б.Аманов Т. Бокин Ә. Әйтиев А. Иманов Ж. Мәмбетов Ә. Мәйкөтов Т. Рысқұлов
Сырдария облысы
Жетісіу облысы
Торғай облысы
Ақмола облысы
Ақтөбе
Орал
Бөкей Ордасы
ҮІ. Тесттік тапсырма:
1.«Жас қазақ» ұйымы қай жерде құрылды? А) Торғай В ) Ақмола С) Семей Д) Орынбор Е) Верный 2.Азамат соғысында қанша адам қайтыс болды? А) 5 млн В) 3 млн С ) 8млн Д) 6 млн Е) 9 млн 3. 1913 ж «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» — деп жазған кім? А) Дулатов В ) Байтұрсынов С) Ә. Бөкейханов Д) Т. Рысқұлов Е) С. Меңдешев 4.1916 ж патша Жарлығы бойынша неше жаста қара жұмысқа алу көзделді? А) 17-40 жас В) 18-44 жас С ) 19-43 жас Д) 21-50 жас Е) 20-45 жас 5. Түркістан және Дала өлкесінен қанша жігіт алу көзделді? А) 1 млн В) 300 мың С) 700 мың Д ) 500 мың Е) 400 мың 6. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды» — деп кім айтты? А ) Дулатов В) Байтұрсынов С) Бөкейханов Д) Рысқұлов Е) Меңдешев 7. 1916 ж 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып сайланды. А) Колпаковский В) Кириллов С) Геке Д ) Фольбаум Е ) Куропаткин 8. 1916 ж көтерілісшілер қандай мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді? А ) хандық билік В) кеңес өкіметі С) республика Д) империялық Е) халықтық 9. 1916 ж Верный уезінің ханы болып кім сайланды? А) А. Иманов В ) Б. Әшекеев С) Т. Бокин Д) О. Шонов Е) Ә. Жанкелдин 10. 1916 ж ұлт-азаттық көтерілісінде Сардарбек болып кім сайланды? А ) А. Иманов В) Б. Әшекеев С) Т. Бокин Д) О. Шонов Е) Ә. Жанкелдин 11. Жетісу генерал-губернаторы кім? А) Колпаковский В) Кириллов С) Геке Д ) Фольбаум Е) Куропаткин 12. 1916ж тамызда Қарқара жәрмеңкесін басып алған көтерілісшілер саны А) 4 мың В) 2 мың С) 3 мың Д) 6 мың Е ) 5 мың 13. Қарқарада көтеріліс басшысы болған кім? А ) Ж. Мәмбетов В) Ә. Бөкейханов С) Б.Әшекеев Д) А. Иманов Е) А. Қосанов 14. Жетісуда көтеріліс жасаған қанша адам Қытайға ауып кетті? А) 214 мың В ) 238 мың С) 223 мың Д) 256 мың Е) 239 мың 15. Қай оқиға алдымен болды? А) Алаш партиясы құрылды В)«Қазақ» газеті шықты С)Орынбор қаласының астана болуы Д)ұжымдастыру Е)ұлт-азаттық көтеріліс
16. Аманкелдінің серігі. А) Нияз В) Ақкөз С ) Кейкі Д) Ұзақ Е) Жәмеңке 17. Торғай уезінде кім хан болып сайланды? А ) Ә. Жанбосынов В) Ұ. Саурықов С) Б. Әшекеев Д) Т. Бокин Е) О. Шоңов 18. Патша өкіметі қанша көтерілісшілерді (1916ж) жазалады? А) 4 мың В) 2 мың С ) 3 мың Д) 6 мың Е) 5 мың 19. «Қазақ» газетінде жарияланған «Тағы соғыс» мақаласының авторы. А) Дулатов В) А. Байтұрсынов С ) Ә. Бөкейханов Д) Т. Рысқұлов Е) С. Меңдешев 20. Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған қозғалыс басшысы. А) Дулатов В) А. Байтұрсынов С) Ә. Бөкейханов Д ) Б. Әшекеев Е) Ұ. Саурықов
Кілті: 1В, 2С, 3В, 4С, 5Д, 6А, 7Е, 8А, 9В, 10А, 11Д, 12Е, 13, А,14В,15В, 16С, 17А, 18С, 19С, 20Д.
ҮІІ. Бағалау: тест қорытындысын ескере отырып бағалаймын.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. Тақырып бойынша тест құрастыру;
2.Оқушыларға: М.Әуезов “Қилы заман”, С.Сейфуллин “Тар жол, тайғақ кешу” шығармалары оқуға ұсынылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.