Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1920 – 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру. -

1920 – 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 11695 | Размер: | Автор: Тәрбие
. 9 сынып Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы
1920 – 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру
Сілтеме Қозыбаев М Қазақстан тарих 9 сынып оқулық 2013 жыл
Жалпы мақсаты
1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру, Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың мəні мен ерекшелігі, Қазақстандағы табиғи байлықтарды зерттеу жəне игеру, Қ.И. Сəтбаев; Қазақстандағы ірі кəсіпорындарының құрылысы мен ауыр өнеркəсіп, Түрксіб құрылысы, жұмысшы табының өсуі, бірінші бесжылдықтағы Қазақстандағы индустрияландырудың нəтижесі; және индустриаландыру саясатының экономикалық дамытудағы байланысын жан –жақты талдап, оқушының алған білімін өзінің дамуына әсер ету, тарихи танымын кеңейту
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3. Оқушылардың ой - өрісін дамыту
4.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
3. Білімділік пен білік дағдыларын қалыптастыруға баулу.
Күтілетін нәтиже 1. Оқушы Қазақстандағы индустрияландыру саясаты жөнінде білім алады;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға 1920 – 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру туралы білімнің басталғанын сезіндіру;
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Тапсырмалар
wiki беттерінен жүктелген дерек көздер 1.Қазақстан тарихы: Әдістемелік нұсқау 9 сынып / Т.Тұрлығұл, Қ. Жүкешев –Алматы 2005 жыл
2. Ж.О. Артықбаев Қазақстан тарихы 2007 жыл
3. history.js
4. http://www.tarih.spring.kz

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу;
- психологиялық дайындық, «Жақсы сөз жарым ырыс» дегендей әуенмен оқушыларды билетіп, алдындағы оқушылардың арқасына жапсырылған стикерге сол сыныптасының
2 жақсы қасиетін жаздырту арқылы жүргізу.
- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І.Ой қозғау
Миға шабуыл ( Логикалық сұрақтар қою арқылы)
1. Кеңес үкіметі елдегі ауыр экономикалық жағдайды жою үшін қандай реформалар жүргізілді ?
2. Жаңа экономикалық саясаттың жетістіктерін қалай түсіндіресіңдер
Тапсырма !
Топта талдап, әр топтан бір оқушы сыныпта оқу
Мұғалім сөзі:
Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз «1920 – 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру»
ІІ. Мағынаны тану
Назар аударту! Тірек ұғымдармен жұмыс. (интернет желісін пайдаландыру арқылы өзіндік іздеу жұмысын әрі жаңа сабаққа енуін сезіндірту, содан кейін дайын жауапты салыстырып талдату)
Индустрияландыру – 1) ірі, техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен елдің халық шаруашылығындағы жетекші саланың негізі ретінде өндіріс құрал- жабдықтарын өндіретін салаларды құру;
2) (лат. Күш салу) – өнеркәсіптегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы өндірістік күштерді ұлғайту және экономиканы көтеру мақсатына бағытталған ірі машина жасау өндірісін құру үдерісі.
Урбанизация – қала тұрғындарының өсуі.
Бесжылдық, Бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші бесжылдық жоспар 1929-1932, Екінші бесжылдық жоспар 1933-1937 жылдары арналды
Мәтін таратылады
Оқушыларға мәтіндерді ЖИГСО стратегиясы бойынша оқыту.
1. Оқушыларды №-леймін. Мұғалім 4 тақырыпшаны бөліп береді.
Өз-өздері үйлерінде №-лерін оқиды. Жеке оқиды
№1
Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті
1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды.
КСРО ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬рудың жос¬па¬рына Қазақстан да енгізілді.Қазақстан¬да ин¬дуст¬ри-ялан¬ды¬ру ісі 1928–1932 жыл¬да¬ры өтті. 1928–1932 жыл¬да¬ры ха¬лық ша¬ру¬ашылғын да-мыту¬дың бірінші бес¬жылдығы бол¬ды.
Бұған дейін қазақстан¬да Қараған¬ды¬дағы көмір кен орын¬да¬ры, Ембідегі мұнай өндірісі, Ал¬тай¬дағы түсті ме¬тал¬лургия сияқты са¬на¬улы ғана өнеркәсіп орын¬да¬ры бол¬ды. Жал¬пы, өнімінің 84,4%-ы ауыл ша¬ру¬ашылғына ти¬есілі бол¬ды. Елді ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬ру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде ма¬шина жа¬сау са¬ласын, кен өндірісі орын¬да¬рын, теміржол жүйесін да¬мыту ке¬рек бол¬ды. Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы түрлі көзқарастар болды. Бірулер « түйеден социализмге » өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен завоттар салу шамадан тыс нәрсе болып табылды, « Қазақтармен өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсың » және т.с.с. түрлі айтыстар болды. Ірі саяси қайраткерлер С.Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және т.б бұған қарсы шықты. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден бастауы КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяағы- 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспидициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды.
№2
Елді индустрияландыру туралы жаңа саясатты жүргізу үшін темір жол салу ісін жалғастыру қолға алынды.
220 мың кв.км – аумақты алып жаткан Жетісу өлкесінде бірде-бір темір жол болмады. Мұның өзі ауыл шаруашылыкты,өнеркәсіпті дамытуға тежеді.
Қазақстан индустриясының жетекші объектілері. 1927 жылы Түркістан – сібір теміржол магистралі саласына бастады. Бұл теміржол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.
Түрксіб теміржол құры¬лысы¬ның бас¬шы¬лары:
В. С. Ша¬тов – құры¬лыс бас¬тығы,
Н. Нұрмақов – құры¬лысқа жәрдем¬де¬су ко¬мис¬си¬ясы¬ның бас¬шы¬сы,
Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жа¬нын¬дағы құры¬лысқа жәрдем¬де¬су ко¬мис¬си¬ясы¬ның бас-шы¬сы.
Теміржол құры¬лысын¬да 100000 адам жұмыс істеді– орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар , татарлар, башқұрттар еңбек етті. Он мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы , құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Түркістан-Сібір теміржо¬лы 3 жыл¬дың ішінде са¬лынып бітті.
1930 жы¬лы 28 сәуірде Ай¬набұлақ стан¬ци¬ясын¬да жол¬дың екі жағы түйісті.
1931 жы¬лы қаңтар¬да Түрксіб теміржо¬лы пай¬да¬лануға берілді.
Түркістан-Сібір теміржо¬лы Ор¬та Ази¬яны сібірдің эко¬номи¬калық өңірімен бай¬ла¬ныс-тырды.
№3
Ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬рудың ерек¬шеліктері. Ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬ру бірінші жағынан Кеңес ха-лықта¬ры күшімен жүзе¬ге ас¬са, екінші жағынан ор¬та¬лықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.
Соғысқа дейін Қазақстан¬да ембі мұнай өндіру орын¬да¬ры, Қараған¬ды көмір кен орын¬да-ры, Жезқазған, Балқаш мыс ком¬би¬нат¬та¬ры, Шым¬кент қорғасын за¬уыты т. б. ірі кәсіпо-рын¬дар са¬лын¬ды.
Жал¬пы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орын¬да¬рын шикізат¬пен, пай¬да¬лы қаз-ба¬лар¬мен қам¬та¬масыз етті.
Қазақстан¬ды ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬рудың бас¬ты міндет¬тері орын¬далма¬ды. Се¬бебі Қазақстан¬да көбіне¬се өндіруші өнеркәсіптер са¬лынғаны¬мен, өңде¬уші өнеркәсіп да¬мытылған жоқ.
Ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬ру Қазақстан¬да, негізінен, жоғары¬дан жүргізілді.
Қазақстан¬да са¬лынған өнеркәсіптер дайын өнім шығар¬ма¬ды. Шикізат¬ты, негізінен, Ре¬сей мен Ук¬ра¬ина өнеркәсіптеріне та¬сыды.
Ур¬ба¬низа¬ция күшейіп, 1930 жы¬лы қала халқының үлесі 29,8% бол¬ды.
1935 жы¬лы рес¬публи¬кадағы жұмыс¬шы¬лар¬дың 43%-ы қазақтар бол¬ды.
1939 жы¬лы рес¬публи¬кадағы қала халқының са¬ны 375000-ға дейін жетті.

№3
Ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬рудағы жұмыс¬шы¬лар еңбегі.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді.
Қазақстан өнеркәсіп орын¬да¬рына Мәскеу, Ле¬нинг¬рад, Дон¬басс т. б. ірі өнеркәсіп ор¬та-лықта¬ры мен жұмыс¬шы топ¬та¬ры көмек көрсетті.
Жаңа тех¬ни¬каны меңгеріп, жаңадан са¬лынған өнеркәсіпте істейтін ма¬ман¬дарды да¬яр¬лау ке¬рек бол¬ды.
Бұл үшін көпте¬ген қазақ жұмыс¬шы¬лары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ле¬нинг¬рад, Дон-басс, Ба¬ку өнеркәсіп орын¬да¬рына жіберілді.
Алғаш Түрксіб құры¬лысы¬на қара жұмыс¬шы ретінде қатысқан Д. Ома¬ров кейіннен Түрксіб бас¬тығы, ал Т. Қазы¬беков «Қазақ көлік құры¬лысы» тресінің бас¬тығы бол¬ды. Жаңа тех¬ни¬каны меңге¬ру ба¬рысын¬да Дон¬басс за¬бой¬шы¬сы А. Г. Ста¬ханов¬тың ре¬кор¬ды на¬сихат¬талды. Ста¬ханов¬тың қазақ жеріндегі ізба¬сары Қараған¬ды кеншісі Түсіп Күзем¬ба-ев бол¬ды.
Сәфи Өте¬ба¬ев, Мол¬да¬бек Сағым¬бе¬ков, Ах¬метжан Са¬фин, Зағира Та¬был¬ди¬нова – Қазақстан¬дағы ин¬дуст¬ри¬ялан¬ды¬ру ісінің үздіктері.

Сосын ұқсас №-лермен жиналады.

Әрбір ұқсас № жиналып бір-біріне түсінгенін айтып талқылайды Топпен жұмыс.Үйлеріне бармай.
ІІІ. Ой қорытынды
Сосын үйлеріне келеді. Бір-біріне реттік №-мен үйретеді.
Тапсырма:
1.Өз-өздері үйлерінде №-лерін оқиды жеке оқы /
2.Әрбір ұқсас № жиналып бір-біріне түсінгенін айтып талқылайды Топпен жұмыс /5мин
3. Үйлеріне келіп,. бір-біріне реттік №-мен үйретеді
4. Сыныпта қорғау
Дарынды және таланты оқушыларға жеке тапсырма топтық жұмыс кезінде беріледі.
«Төрт сөйлем » тапсырмасы беріледі.
Ол :
1. Пікір. Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру.
2. Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығу керек. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу.
3. Мысал. Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру. Мысал өмірден, практикадан керек: ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасау, практикадан орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірлері.
4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.
Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Топтың №
Критерий-
лер
Топ
мүшелері
Идеяларды ұсынуы Жолдастарын
топ жұмысына
жұмылдыру Идеялар дың дербестігі Сұрақ қою Сұрақтарға
жауап беру Белсенді
түрде тыңдау Жалпы балл




Үйге тапсырмасы: «Қазақстан ауыр өнеркәсібі дамыған елге айналды ма?» сұрағына дайындалып келу.Тақырыпты тереңдеп іздену
Толғаныс (рефлексия) (сабақтың соңындағы оқушылардың білімге деген күйлерін зерттеу

9 сынып Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы
Саясаттағы көпсалалық және стратегиялық ынтымақтастық.
Сілтеме Қозыбаев М Қазақстан тарих 9 сынып оқулық 2013 жыл
Жалпы мақсаты
Саясаттағы көп векторлық жəне стратегиялық одақтастық (Қазақстан жəнеАҚШ, Қазақстан жəне Еуроодақ елдері Қазақстан-Германия, Қазақстан-Франция, Қазақстан-Ұлыбритания байланыстары, Қазақстан жəне түркі əлемі елдері туралы жан –жақты талдап, оқушының алған білімін өзінің дамуына әсер ету, тарихи танымын кеңейту
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3. Оқушылардың ой - өрісін дамыту
4.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
3. Білімділік пен білік дағдыларын қалыптастыруға баулу.
Күтілетін нәтиже 1. Оқушы саясаттағы көпсалалық және стратегиялық ынтымақтастық жөнінде білім алады;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға Саясаттағы көпсалалық және стратегиялық ынтымақтастық білімнің басталғанын сезіндіру;
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Тапсырмалар
wiki беттерінен жүктелген дерек көздер 1.Қазақстан тарихы: Әдістемелік нұсқау 9 сынып / Т.Тұрлығұл, Қ. Жүкешев –Алматы 2013 жыл
2. history.js
1. http://www.tarih.spring.kz

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу;
-Сынып «Қазақстан», «Түркия» , «АҚШ», «Қытай» мемлекеттерінің туын таңдау арқылы топқа бөлінеді.
«сенің күлкің ..» сөзі арқылы бір біріне тілек айтып кластын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І.Ой қозғау
Миға шабуыл ( Логикалық сұрақтар қою арқылы)
1.Мемлекеттің тәуелсіздігін халықаралық деңгейде тану дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Сырттқы саясатта Қазақстан Ресей мен және Қытаймен арақатынасын реттеуге не себептен ерекше көңіл бөлуге тиіс?
3. Қазақстанның дамыған Батыс державаларымен қатынасы қандай?
4. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мақсаты не?
Тапсырма !
Топта талдап, әр топтан бір оқушы сыныпта оқу
Мұғалім сөзі:
Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз «Саясаттағы көпсалалық және стратегиялық ынтымақтастық.»
Электрондық оқулықты тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Назар аударту! Тірек ұғымдармен жұмыс. (интернет желісін пайдаландыру арқылы өзіндік іздеу жұмысын әрі жаңа сабаққа енуін сезіндірту)
1) БҰҰ - Бірікке Ұлттар Ұйымы
2) ЕҚЫҰ – Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы
3) ҰҚШҰ – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы
4) ИЫҰ – Ислам ынтымақтастығы ұйымы
5) ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
Мәтін таратылады
Оқушыларға мәтіндерді ЖИГСО стратегиясы бойынша оқыту.
1. Оқушыларды №-леймін. Мұғалім 4 тақырыпшаны бөліп береді.
Өз-өздері үйлерінде №-лерін оқиды. Жеке оқиды
Топтарында 1,2,3,4, 5 деп саналып тақырыпшаларды бөліп беру.
№1 «Қазіргі қалыптасқан ахуалдағы сыртқы саясаттың бағыттары»,
№2 «Қазақстанның ЕҚЫҰ жұмысына қатысуы» ,
№3«Қазақстан – ҰҚШҰ мүшесі»,
№4«Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымының жұмысына қатысуы»
Әр топқа жекелеген тапсырмалар беру. Ақпаратты меңгергендерін өз топтарында берілген тапсырмаларына жазып қорғау
1.«Қазақстан» тобы - таныстырылым жасау ( интернетті , өздері жинақтаған материалдан және т.б )
2.«Түркия » тобы - үш түрлі күнделік
Мәтіннен ұнаған дереккөздер Не себептен ұнады ? қандай ақпаратқа сүйендің ? Қазақстанның халықаралық байланыс нәтижелерінің тарихи маңызы?
3.«Қытай » тобы - жылдармен жұмыс
4.«АҚШ » тобы - «Кезбе тілші» әдісі бойынша топтарды бір – біріне сұрақ тар дайындайды. Тілші - сұрақ қояды.
Маман - жауап береді
Сарапшы - бағалап, қорытындысын шығарады.
Бейнеоператор - бейнесұхбатты бейнекамераға түсіреді.


Тапсырма:
Жеке оқу, /3 мин/
Жұппен жұмыс /2 мин/
Топпен жұмыс/4 мин/ жасай отыра мәтінді ортаға салып меңгеру.
.

ІІІ. Ой қорытынды
Әр топтар өз жұмыстарын қорғайды .

Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Топтың №
Критерий-
лер
Топ
мүшелері
Идеяларды ұсынуы Жолдастарын
топ жұмысына
жұмылдыру Идеялар дың дербестігі Сұрақ қою Сұрақтарға
жауап беру Белсенді
түрде тыңдау Жалпы балл




Үйге тапсырмасы: Қосымша ізденіп, тақырыпқа сай рефераттар жазу:
1.“БҰҰ-ның әлемдегі рөлі ”
2.“Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихы ”
3.“Қазақстан және ЕЫҚҰ ”

Іздестіру көздері:
1. Кітаптар.
2. Интернет, сайттар.
3. Газет, журналдар.
4. Теледидар т. Б.

Толғаныс (рефлексия) (сабақтың соңындағы оқушылардың білімге деген күйлерін зерттеу





Жалғастыруға дайынмын Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес Түсінбеймін, қайталап қарау қажет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.