Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. -

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2196 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Муканова Айгул Саттаровна
Астана қаласы, №56 мектеп-лицейі
тарих пәнінің мұғалімі

Пәні: тарих
Сынып: 9
Сабақ тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақ мақсаты :
1.Желтоқсан жаңғырығы туралы , желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беру,білімін арттыру.
2.Оқушылардың тіл байлығын байыту .
3. Адамгершілікке, Отаның сүюге, сыйластыққа, ұлтшылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Әр түрлі оқулықтар, «Қазақ қаһарманы» және «Желтоқсан құрбандары» тақырыбында шығарылған газет, буклет,т.б.
Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел
Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе.
2. Қозғалыстың себептері мен басталуы.
3. Желтоқсан оқиғасының сипаты.
4. Көрініс.
5. Жаппай жазалау.
6. Қорытынды.
ҚР Гимні орындалады.
Жүргізушілер:
1 оқушы : Осындан 27 жыл бұрын,яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген,тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков,Е.Спатаев және Л.Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн,әрі қайғылы,
Әрі бақытты күн.Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістердің бірі.
2 оқушы: КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986жылы желтоқсанның 16-күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП РК-нің хатшысы Г.Разумовский жүргізді.
Күн тәртібінде бір ғана –ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына орталық өкілінің ұсынысы бойынша Г.Колбинді сайлау ұсынылды.

3 оқушы:Ондағы жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер,ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді.
4 оқушы : Оқушылардың алаңға шығуға Әрбір ұлттың өз көсемі болсын ,Ешбір ұлтқа артықшылық берілмесін,Жасасын Қазақстан.
Қазағым-ау, қашаңғы қор болған қой сияқты жүре бермекпіз?
Не тілімізді ,не жерімізді жаттан қорғай алмай мүсәпір күнге түстік қой.
Абылайдан ер бармысың,қайдасың?

5оқушы: Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін,сас қатыгездікпен және меірімсіздіктен жаппай жазалау басталады.
Оқиғаға қатысқан бірнеше адам мерт болды.Олардың арасынан жалынды жас димократ Қ.Рысқұлбековтің бейнесі Қазақстан жастарының еркіндік күресінің рәмізіндей ерекше көзге ілікті.
6 оқушы: Желтоқсан оқиғалары –Қазақстан тарихындағы естен кетпес,аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.
Бұл оқиғалар Қазақстан ғана емес,бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.
Сондықтан да оны жүгі ауыр,шығыны көп болды.
Қорытынды:
1986 жылғы оқиға желтоқсанның 16-ы Қазақстан тарихының ұлы күні ! 1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі білді. Біз өз ән ұранымызды, туымыз бен ел таңбамызды белгілеп алдық. Тұңғы ел басшымыз Н.Ә.Назарбаевті сайлап алдық. Біз ана тілімізді ардақтаймыз, Ұлы Отанымызды шексіз сүйеміз.
« Елім менің » өлеңімен сабақ аяқталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.