.
.
С/тақырыбы: 5 сыныбында « Тарих әлемі » деген бөлімді қайталау. 5 сыныбында « Тарих әлемі » деген бөлімді қайталау.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2025 | Размер: | Автор: ТәрбиеС/мақсаты: Сұрақ-жауап әдісімен өткен сабақтағы білімдерін қайталау, оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Білімділігі: Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушының білімге құштарлығын ояту.
Тәрбиелігі: Патриоттық сезімге Отанын, елін құрметтеуге тәрбиелеу.
С/түрі: Жарыс сабақ.
С/ көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, доп, шар, кеспе қағаз, магниттік тақта.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы мен жұмыс.
ІІІ. Бүгінгі сабаққа назарларын толық аударып оқушыларды екі топқа бөлу. Оларға сабақ мақсаты таныстырылады.
І. Сұрақ-жауап.
Оқушыларға « сұрақтар кеспе қағаз арқылы беріледі » Олар сұрақтарға тез және толық жауап беру қажет.
1) Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2) Жазба тарихтың негізін салушы кім?
3) Шығыста тарихтың атасы кім?
4) Әлемде алғаш карта қай жерде жасалған т.б ( әр мұғалім өзі сұрақ дайындайды)
ІІ. «Алтын сандық» Терминдерге анықтама беру. Оқушылар терминдер жазылған суреттерді сандықтан алады. ( Архелогия, Этнография, Нуаизматика, Гералдика, Антропология, Иероглиф)
ІІІ. Топтастыру. Кеспе қағаздан жасалған Қазақстан картасын топтастыру (қай топ тез және дұрыс магниттік тақтаға картаны жабыстырады)
IV. « Күн шұғыласы» ойын. Интерактивті тақта қолданылады.
Ойын барысы. І- топ. Қазақстан байлықтарын жазып күн салады.
ІІ-топ. Қазақстан облыстарын жазып күн салады.
(Қай топ бірінші жазып болса сол топ жеңімпаз)
V. Кім жылдам. Шар ісіру ойыны.
Әр топтың оқушыларына шар беріледі оны ісіріп тез жару керек. Шардың ішінен шыққан мақал-мәтелді жалғастыру керек.
1) Жері байдың-
2) Ел елдің бәрі жақсы-
3) Отанды сүю- т.б
VI. Доп лақтыру ойыны.
Допты ойнатып белгіленген жерге дейін ойнап барып, бұрыла екінші топқа допты лақтырып, орнына жылдам келіп тұрады. Екінші топ допты қабылдап ойната бұрылып қайта бірінші топқа допты лақтырады. ( Допты лақтырғанда қалалардың атын атау қажет. Тоқтап қалған топ ұтылған болып есептелінеді. Астана, Алматы, Тараз, Орал, Ақтау. Бір қаланың аты екі рет қайталанбау қажет.)
Сабақты қорытындылау.
Кластер арқылы сабақты бекітеміз, интерактивті тактаны пайдаланамыз.
ҚАЗАҚСТАН
Инсерт әдісі:
Не білдім Не білгім келеді Мен үшін жаңалық
Үйге тапсырма: Кестені толтыру.
Бағалау. Жеңімпаз топ анықталды оларды марапаттаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.