.
.
Тақырыбы: Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2951 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: 1) Оқушыларды ежелгі қаңлылар туралы тарихи деректермен,олардың қоныстарынан табылған археологиялық естерткіштерімен таныстыру, қаңлылардың қоғамдық құрлысына сипаттама беру.
2) Оқушылардың ой-өрісін,оқулықпен өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін,сөйлеу мәдениетін дамыту,тарихи танымын кеңейту.
3) Өз Отанын сүюге , өз елінің тарихына құрметпен қарауға,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау,топтық жұмыс.
Көрнекілігі: карта,тірек сызбалар, слайд.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын тексеру.
1.Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған?
2.Қандай бұйымдар жасады?
3. Оларды жасау үшін нені пайдаланды?
4.Үйсін ескерткіштері қай аймақтан көп табылған? Картадан көрсет.
III Жаңа сабақ.1. Қаңлы туралы деректер.Қаңлылардың орналасуы.
2.Қоғамдық құрылысы.
3. Археологиялық ескерткіштер.
Оқушылар,бүгінгі сабағымызда қаңлылардың қоғамдық құрылысы, мекендеген аймағы және археологиялық ескерткіштері туралы мағлұмат аламыз.
Сыныпты топтарға бөліп, тапсырмалар беріледі.
1. Оқулықпен жұмыс.
1-топ. Қаңлы туралы деректер. Қаңлылардың орналасуы.
2-топ. Қоғамдық құрылысы.
3-топ. Археологиялық ескерткіштер.
Топтар тақырыпты оқып,баяндайды.
1. Қаңлылар б.з.б. 3-2 ғасырда өмір сүрген. Қаңлылар туралы қытай жазба деректерінде және «Авестада» берілген. Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы.
2. Қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Мемлекет басшысы хан болған. Астанасы Битянь қаласы Түркістан маңында орналасқан. Кіші хандар мен уәзірлер ұлы ханға бағынып отырған.
3. Археологиялық ескерткіштер. Тірек сызбамен жұмыс.
Картамен жұмыс.
Археологиялық ескерткіштер орналасқан аймақтарды картадан көрсету.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар?
2. Қаңлылардың қоғамдық құрылысына сипаттама беріңдер
3. Қандай архелогиялық ескерткіштер бар?
4. Көк-Мардан қаласы қандай мәлімет береді?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.Қаңлылар туралы деректер жинақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.