.
.
Сабақтың тақырыбы:А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны. А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1865 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
• «Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды А.Құнанбайұлының өмір жолы және қызметімен таныстыру. Қазақтың ұлы тұлғасы туралы білімдерін бекіту.
• Оқушырдың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдасын қалаптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;
• Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: ойын
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме?
Құрметті көрермендер бүгін телеарнадан тамашалайтын хабарлармен таныстырып өтейін.
10.15-10.18-Таңсәрі
10.18.-10.40.-Жаңалықтар
10.40-10.55-Не? Қашан? Қайда? Интеллектуалды ойыны.
10.55.-10.57.-Бағалау
10.57.-11.00.-Үй тапсырмасы
І Таңсәрі.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалаң.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан
Осы өлең шумағын кім жазды?
ІІ Келесі телехабарамыз «Жаңалықтар»
Тілшілердің дайындап келген жаңалықтарын тыңдаймыз.
Дәптерлеріңізді ашыңыздар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: А.Құнанбайұлы Ұлы ақын.
1.Ақынның балалық шағы.
2.Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы.
3.Абай-ұлы ақын әрі ойшыл.
4.Абай және халық ағарту ісі.
5.Абай Құнанбаевтың ағартушылық қызметі.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
Абай – қазақ халқының жазба әдебиетінің салушы, ойшыл, ұлы ақын. Абай (Ибрагим) Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Алғашында Абай өз ауылында молдадан білім алды. Кейін ауқатты Құнанбай баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді. Медреседе ол Шығыс әдебиетін көп оқыды. Қаладағы орыс мектебіне барып жүрді. Мектепте жүрген шағында өзі де ақындық талабын байқата бастады. Алайда ел билеу ісіне балаларын да тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Ру қатынастарынан көп нәрсені байқаған оның әкесі Құнанбай мен барлық өмір талқысы мен көзқарастары бірыңғай қалыптасады. Абай әкесін ерекше құрметтеді.
Абайда патшалық дара биліктен орыс халқын айыра білді.Орыс-қазақ еңбекшілерінің достығын уағыздаған Абай орыс халқының тілін, мәдениетін үйренуге шақырды. Абай әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Алайда рулық-патриархаттық дәтүрге мойынұсынған топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, пәлсапалық ойлы мазмұны ұрпақтарға қалған өшпес мұра.
6.Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны.Мұғалім сөзі:
Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
Сабақты бекіту:
Дұрыс жауап 1 ақылмен бағаланады.
1 Ұлы ақын қандай өлеңінде жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды? (Ғылым таппай мақтанба)
2 Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері? /жаз,күз,қыс,жазғытұры/
3 .Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазды?/1890-1898/
4 Абай Құнанбайұлы кім? (Ойшыл, ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы)
5 Абай Пушкиннің қандай поэмасын аударды? (Евгений Онегин)
Бүгінгі сабақта алған мағлұматтарымызды пайдалана отырып, Венн диаграммасын құрайық.
Цифрлы диктант. Сіздерге кесте үлестіріледі. Кестеге сәйкес 6 сұрақ оқимын, сұрақтарға тек цифрлармен жуап беріледі.
1 Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1845 ж)
2 Абай Ахмет Риза медресесінде неше жыл оқып білім алады? /3/
3 Абайдың неше қара сөзі бар?/45/
4 Абайдың пікірінше адам болу үшін оның бойынан қанша түрлі факторлар табылуы тиіс? /3/
5 Абай орыстың ұлы ақындарының қанша өлеңін қазақ тіліне аударды?/50/
6 Абай Құнанбайұлы қай жылы дүние салды? (1904ж)
1 2 3 4 5 6
Жазып болсаңдар кестелеріңді көршілеріне беріңдер. Бір-біріне кестелерінді тексеріп қанша дұрыс жауап бар астына жазып қойыңдар. Қанша дұрыс болса сонша ақыл аласыңдар.
ІІІ Келесі бағдарламамызға НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА? Интеллектуалдық ойыны. Сіздерге қарсы Подгорное орта мектебінің ұстаздары ойнайды.
1 Сұрақ: Теңдеуді шеш, шыққан сан қандай тарихи оқиғамен байланысты?
Х-1841=4 ( Садыбеков А.С. математика пәнінің мұғалімі )
(1845ж Абайдың туған жылы)
2 Сұрақ: Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келді? Картадан көрсет.
(Семей обл. Шыңғыстау өңірі) (география пәнінің мұғалімі Мельничук Э.Г.)
3 Сұрақ: Абайдың туындыларын кім,қашан жинақтап қай қалада басып шығарды ? ( ұлы Тұрағұл,1909 ж. Қазан қаласы)
(Оздоева О.В.тарих пәнінің мұғалімі )
4 Абайдың шын аты Әбілмансұр болды ма? (Жоқ)
(Оздоева О.В.тарих пәнінің мұғалімі )
5 Абайдың қара сөздері философия ма? (Иә)
(қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аренова М.Ж.)
6 Көрсетілген суреттегі адамның аты жөнін ата (А.С.Пушкин)
(орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шкаева С.К.)
ІҮ Келесі бағдарламамыз «Бағалау»
Қолдарыңызда қанша ақыл жиналды. Санын айтыңыз.
Егер: 10-нан жоғары ақыл жиналса «5» деген баға аласыз
8-ден жоғары ақыл жиналса «4» деген баға аласыз
Ү Келесі телехабарамыз «Үй тапсырмасы» «Абай-ұлы ақын» тарихи шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.