.
.
Игенбаева Динара Маратқызы. Қайталау.Ойын-ойға жетелейді.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1180 | Размер: | Автор: Тәрбие№83А.Байтұрсынов
атындағы жалпы
орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі.
Қарасу ауылы
Сайрам ауданы
ОҚО.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.Ойын-ойға жетелейді.
Сабақтың мақсаты: 1.Өткен сабақтарды еске түсіре отырып,тақырыптарды қайталау,
білімдерін толықтыру.
2.Ойын арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау дағдыларын дамыту.Қайталау сұрақтары,сызбалар арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту.
3.Оқушылардың өз халқының тарихын оқып білуге, салт- дәстүрін
сақтауға,мәдениеттілікке, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, карта, оқулық,түрлі тапсырмалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Сабақты жоспарлау, мақсат қою.
Кіріспе.Құрметті оқушылар, бүгін біздер өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді тексеру үшін ойын арқылы өз білімдерімізді шыңдаймыз.Алдымен оқушыларды үш топқа бөлеміз:
І-топ.Сақтар
ІІ-топ.Ғұндар.
ІІІ-топ.Түркілер.
Әр топқа он сұрақтан қойылады.Оқушылар жеке-жеке жауап береді.Әр сұрақ немесе тапсырмалар ұпаймен саналады.Дұрыс жауап бес балмен бағаланады.
«Сақтар» тобына
І.Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай? /мал шаруашылығы/
2.Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты?
/б.з.б 530 ж./
3.Сақтардың қандай тайпалары тарихи жазбаларда белгілі болған?
/Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга/
Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атады?/Азиялық скифтер/
5.Сақтарды зерттеген грек тарихшысы кім? /Геродот/
6.Ирандық жазбаларда сақтарды қалай атаған?/Жүйрік атты турлар/
7.Алтын адам қай жерден табылды? /Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан/
8.Томирис патшайым қай жылдары өмір сүрген? /б.з.б.570-520ж/
9.Дариді алдаған сақ малшысының есімі? /Шырақ/
10.Парадарайа деп кімдерді атады?/Теңіздің арғы жағындағы сақтар/
«Ғұндар» тобына
1.Ғұндарда қанша ру болды? /24/
2.Ғұн державасының негізін қалаған кім? /Мөде/
3.Ғұн мемлекеті қай жылы оңтүстүк және солтүстік болып екіге бөлінген? /б.з.б.55ж/
4.Ғұндар өсірген үй малдарын атаңыз?/малдың барлық түрі/
5.Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілетін жазаның түрі?/Өлім жазасы/
6.Рим империясына ғұндардың қай басшысы қауіп төндіреді?/Еділ/Атилла/
7.Мемлекет басшысын қалай атайды?/Шаньюй/
8.Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды?/үй шаруасында/
9.Атилла операсын жазған итальян композиторы?/Джузеппе Верди/
10.Салық кімдерге салынды?/Жаулап алған мемлекеттерге/
«Түркілер/ тобына
1.Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/
2.»Ашина» атауы қандай мағынаны білдіреді? /қасқыр/
3.Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603 жылы/
4.Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды қалай атады? /тат/
5. «Диуани лұғат ат түрік» кітабының авторы кім?/Махмуд Қашқари/
6. Бумын қағанның мұрагерін атаңыз?/Қараеске және Мұқан қаған/
9.Түріктер қандай шаруашылықпен айналысқан?Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/
10.Алғаш рет түрік жазуы туралы деректер қалдырған кім?/Византия тарихшысы Менандр Протектор/
ІІ.Пошта ойыны.
Оқушылар, біздің пошта жәшігімізде пошта тасушы үш топқа тапсырмалар тастап кетіпті және де көп ұпай жинаған оқушыға мектебімізде ақпан айында өтетін «ХХІ-ғасыр көшбасшысына» жолдама келіпті.Бұл тапсырмаға жауап берген оқушылар 20 ұпайдан алады.
ІV.Кубик ойыны
Кубикті лақтыру арқылы тақтадағы жасырын тұрған даталарға жауап береді.Бұл тапсырмаға 20 ұпай беріледі.
1.Б.з.б.55 жыл.
2.Б..з.б. 519-518ж.
3.1889 жыл.
4.451 жыл.
5. 552-603 жыл.
6. Б.з.б. 570-520 жыл.
Ой саптау
Келтірілген мәтін жұмбақталуы. Мәтіннің мәнін аша білу керек.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. «Егер сендер,... құс тәрізді аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқан секілді жер астына түсіп кетпесеңдер, көлбақа құсап суға түсіп жоғалмасаңдар ,біздің жебеміздің астында қаласыңдар».
2. «Алдымен ... ... өзінен алыста ұстамақ болып,Юечжі еліне аманатқа береді. Аманат деген сөз ертеде кепілдікті білдіреді, яғни екі елдің арасында бейбітшіліктің кепілі деген мағынада.Бірақ кейіннен ... осы уәдені бұзып, Юечжі еліне шабул жасайды.Кепілдікте жүрген... өзінің жанқиярлығы арқасында аман қалады».
3 «....әулеті күшейген кезінде .... ..... қағанына елшілік жіберіп, ханшайымын қалыңдыққа беруді өтінді.Бұған .... қағаны былайша жауап береді: «Сен-темір балқытушы құл.
Қалай мұндай өтнішке аузың барды?».
VІ . «Ойлан тап!»
р/с Қашан? Қайда? Қандай оқиға болды?
1 542ж Қытай деректерінде
2 Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кіреді.
3 453ж Ғұн билеушісі Еділ қайтыс болды
4 Б.з.б. ІVғ 30 ж. Сақ-скиф жерінде
5 Енисей аңғары Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг тұғыш рет көне түркі жазу-ескерткішін тапты.
6 300 ж Ғұн, Қытай елдері
Топ басшының тоқтамы
р/с Аты-жөні 1
тапсырма
2-тапсырма 1
тапсырма
1
тапсырма
1
тапсырма
1
тапсырма
1
тапсырма
1
2
3
4
5
6
7
8
9
VІІ.Рефлексия.
-Бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады?
-Күнделікті сабақтан айырмашылығы бар ма?
-Қандай әсер алдыңдар?
VІІІ.Бағалау
Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды және ұпайы көп оқушыларды бағалап марапаттау.Ең көп ұпайы бар 3 оқушыға « ХХІ-ғасыр көшбасшысына» жолдама беру.
ІХ.Үйге тапсырма: Сөзжұмбақ,сөзтізбе, криптограмма, викториналар дайындап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.