Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алтын Орда (ХІІІ ғ. Ортасы – ХVІ ғ. басы). -

Алтын Орда (ХІІІ ғ. Ортасы – ХVІ ғ. басы).

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1637 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы,
Алакөл ауылы,
Алакөл негізгі орта мектебінің
І санатты тарих пәнінің мұғалімі
Байниязова Шынар Назарғалиқызы

Тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ ғ. Ортасы – ХVІ ғ. басы)

Мақсаты: а) Алтын Орданың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қоғамдық құрылысы туралы
оқушылардың өзі мәліметтер алуға жағдай жасау.
б) Моңғол мемлекетінің құрылуы, күшеюі, ыдырауы кезіндегі ерекшеліктерін
салыстыра отырып, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, танымдық
қабілетін дамыту, ізденіске баулу.

Күтілетін нәтиже: 1) Моңғол империясының құрылуы, қазақ жерін жаулап алуы,
шапқыншылық зардаптарын білгендері арқылы Алтын Орданың құрылуы,
басқару жүйесі мен күшеюі және әлсіреу себептерін дәлелдей алуы.
2) Алтын Орда хандарының кестесін жазу.

Жабдықталуы: Карта «ХІІІ ғасырдағы Моңғолия», «Алтын Орда», «Сөзтізбек», «Сөзжұмбақ»,
кітап көрмесі

Сабақтың типі: Дағды мен іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың әдісі: СТО жобасы

І. Қызығушылықты ояту
Эпиграф: Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерліктерді білмей, қадірлемей тұрып, жаңа
ерліктерге шақырушылық бекершілік.
Б. Момышұлы

І. Әр топқа бірнеше сұрақтар беріледі.
«Кім тез, кім жылдам» ойыны
1. Шыңғыс ханның шын есімі?
2. Қай жылы монғол империясы құрылды?
3. Моңғол империясы неше әкімшілік бөлікке бөлінеді?
4. «Жасауыл» сөзінің моңғолшы атауы?
5. Өкіметтің жоғарғы органы қалай аталады?
Ол жылына қанша рет шақырылады?
6. Заңдар жинағы қалай аталады? Қандай бөлімнен тұрады?
7. Құрылтайда қандай мәселе қаралды?
8. Қазақ жеріне дейін Жошы кімдерді басып алды?
9. Моңғолдар қашан Жетісуға енді?
10. Отырар неше ай жауға берілмеді?
11. Картадан моңғол әскерлерінің жаулап алған қалаларын көрсет?

ІІ. Түсінік бер:

І топ ІІ топ ІІІ топ



ІІІ. Шығармашылық тапсырма:
І Сөзтізбек ІІ Сөзжұмбақ ІІІ Тарихи диктант

ІV. Ұлыстардың құрылуы.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Жошы ұлысы Шағатай ұлысы Үгедей ұлысы

ІІ Мағынаны тану
1) Алтын Орданың құрылуы туралы аңыз айтылады.
2) ЖИГСО әдісі бойынша 3 топқа 3 тақырыпша бөлінеді.
І Алтын Орданың күшеюі
ІІ Алтын Орданың әлсіреуі
ІІІ Алтын Орданың қоғамдық құрылысы
3) Кестені толтыр.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Алтын Орданың хандары Бейбарыс Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі

ІІІ Ой толғаныс
1) Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрыла бастады?
2) Алтын Орданы құрушы хан?
3) Беркенің кезінде Алтын Орда қай елмен, кіммен байланысты күшейте түсті?
4) Алтын Орданың әлсіреу себебі?
5) Алтын Орда қашан, қандай хандықтарға бөлініп кетті?
6) Соңғы билеуші?

Үйге тапсырма:
І топ
«Менің қиялымдағы Бейбарыс»әңгіме жазу
ІІ топ
«1932 ж Мәскеудің өртенуі» сурет салу
ІІІ топ
Венн диаграммасы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.