.
.
Қазақстан Республикасының Қарахан мемлекеті.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2097 | Размер: | Автор: ТәрбиеБілім және Ғылым министрлігі
Алпамыс батыр атындағы
№40 мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Пән мұғалімі: Аульбаева Раиса Оразбайқызы
Шымкент 2012 ж.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік
Оқушылардың орта ғасырдағы Қазақстан жерінде
феодалдық қатынастардың дамуымен және қазақ
жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет – қарахан
мемлекетінің тарихымен таныстыру;
б) Дамытушылық
Оқушыларға Қарахан мемлекетінің Қазақ
мемлекетінің бастау бұлағы екенін түсінідіру;
в) Тәрбиелік
Оқушыларды елін, жерін, отанын сүйюге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Карта, тірек-сызбалар, хронологиялық кестелер, термин сөдер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу, түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау сәтінде төмендегі әдісті қолдандым.
І кезең «Жорға» сайысы
Оқушылардан үй тапсырмасын бекіту барысында сұраққа жауап береді
1. Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (552-603 жж)
2. Түрік мемлекетінің негізін салушы қаған? (Бумын қаған)
3. Түрік қағандығының негізгі құрамына қандай тайпалар енген?
(Теле немесе тирек тайпалары)
4. Түріктердің жоғарғы билеушілерін кім деп атады? (Қаған)
5. Мұқан қағаннан кейін қандай қаған билік етті? (Тобо қаған)
6. Түрік қағандығы қашан екіге бөлінді? (603 ж)
7. Батыс Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (603-704 жж)
8. Батыс Түрік қағанатын алғашында кім басқарды? (Тардуш қаған)
9. Батыс Түрік қағанатының астанасы қай қала болды? (Суяб)
10. батыс Түрік қағанатының саяси билігі кімдердің кезінде күшейе түсті? (Шегу мен Тон қаған)
11. Үмлік қаған қай жылы қытайлармен күресте жеңіске жетті? (704)
12. Түрік халқының даңқты қолбасшысы кім? (Мұқан қаған)
13. Түргеш қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (704-756 жж)
14. Түргеш қағанатының астанасы? (Суяб)
15. Түргештер туралы алғашқы деректер қай жазбаларда кездеседі? (Күлтегін ескерткіштері мен Қытай деректерінде)
16. Түргештердің кіші ордасы қай қала болды? (Іле бойындағы Күңгіт қаласында)
17. Түргеш қағанаты неше әкімшіліктен тұрды? (20 әкімшілік)
18. Сұлу қаған қай жылдары билік еткен? (715-738)
19. Соғдылар қай тілдес халық? (иран тілдес)
20. Қарлұқ қағанаты қай жылдары өмір сүрген? (756-940)
ІІІ кезең. Жаңа сабақ
Жоспар
1) Кіріспе
2) Қарахан мемелекетінің құрылуы
3) Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы
4) Қарахан мемлекетінің мәдени-шаруашылық өмірі
1) Кіріспе
Балалар біз өткен сабақтарда отандық тарихтың елеулі кезеңдерінің бірі – Қазақстан жеріндегі түрік мемлекетінің тарихын оқып үйренудеміз.
2) Қарахан мемлекетінің құрылуы
Балалар орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жалпы неше кезеңге
бөлінген еді? (үш кезең)
1) Қазақстан тарихының ерте орта ғасырлық кезеңі (VI-IX ғ)
2) Қазақстанның дамыған орта ғасырлық кезеңі (Х-ХІV ғ)
3) Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі (ХV-ХVІІ ғ)
Яғни, өткен тараудағы ерте орта ғасырда қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттер тарихының жалғасы, Қазақстан жеріндегі жаңа кезең-орта ғасырдағы дамыған мемлекеттер дәуірі. Бұл дәуірдің ерекшелігі, оның Қазақстан тарихында алатын орны ерекше.
Х ғасырдың ортасында Жетісу жері мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Қарахан әулетінің атына байланысты осылай аталған. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғрахан (915-955) қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғрахан, саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғұлмақты жеңеді. Тараз бен Қашғарды бағындырады. 942 жылы Баласағұнның билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды.
Аңыз бойынша, Сатұқ Боғраханның үстіне көктен түскен, тұла бойынан нұр шашқан ақ сақалды, ақ шашты кісі еніп, оған түркі тілінде «Ислам дінін қабылда, сен бұл дүние және бұдан кейінгі дүниеде мұратыңа жетесің( дедйі. Сатұқ ислам дінін қабылдауға ниет қылады. Діни уағыз бен қылышына қатар сүйене отырып, Қашқаридан сырға дейінгі халықты ислам кіргізеді.
Сөйтіп Қарлұқ қағанаты ыдырап, оның орнына бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті құрылады.
Мемлекеттің құрылуындағы басты рөлді атқарған қарлұқ тайпасы. Құрамына кірген тайпалар: жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, т.б. түркі тайпалары.
Негізгі билеушілері яғма тайпасынан шығып отырған. Хандардың Арслан хан, Боғахан атаулары жікіл тайпасының тотемі – «арстан», яғма тайпасының тотемі «бура» болуына байланысты болған.
3. Қарахан мемлекетінің саяси жағдайын мына кесте бойынша түсіндіремін.
Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы
Уақыты Оқиғалар
955 жылы Сатұқ Боғраханның баласы Мұса билікті өз қолына алады.
960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды.
Х ғасырдың
11 жартысы Самани әулетінің өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтан әлсіреген кезі
992 жылы Хасанның баласы Жүсіп Хотанды басып алады
996 жылы Насыр Мауараннахрға жорыққа аттанады
999 жылы Әли Арсланның баласы Насыр Бұқараны басып алады да, Мауараннахрды біржолға бағындырады.
ХІ ғасырдың
40 жылдары Ибрахим ибн Насыр Әли тегінің балаларын жеңіп шығады.
1040 жылы Ибрахим ибн Насыр тамғаш Бурахан атағын қабылдап, Мауараннахрға өз билігін орнатады.
1089 жылы Салжұқ сұлтаны Мәлік шах Самарқанды, Бұқараны басып алады.
ХІІ ғасырдың 30 жылдары Шығыстан қара қыйтайлар Жетісуға басып кіреді.
1141 жылы Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтармен қарахан әскерін жеңеді.
1210 жылы Шығыстағы хандықты найман ханы Күшлікбасып алады
1212 жылы Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанатын соңғы қағаны Самарқандық Оспанды дарға асады.
4. Мемлекеттің жер иелену тәртібі
Міне балалар, Қаразан мемлекеті Түрік мемлекетіне қарағанда басқару жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын, қоғамдық құрылысы дамыған мемлекет.
5. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланды.
Шығыс Батыс
IV кезең СӨЗЖҰМБАҚ
«Қарахан»
1) Жоғарғы үкімет билігі кімнің қолында болды? (Қаған)
2) Қарахан мемлекетінің орталығы? (баласағұн)
3) Мемлекеттің негізін қалаған? (Сатұқ Боғрахан)
4) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған хан? (Мұса)
5) Феодалға берілетін жер үлесі? (Ихта)
6) Қарахан хандығының материалдық мәдениетінің бірі? (Бабаджа хатун кесенесі)
7) Ханның ұрпағы? (тегін)
Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде тжариялануы қала келбетіне құрылыс жүйелеріне өзгерістер енгізген. Күмбезден салынған мешіт ғимараттары бой көтере бастады. Атақты адамдар басына күмбездер орнатылды. Түріктердің жаңадінисенімі мұсылманшылықтық қабылдауына ұйытқы болған Сатұқ Боғра қаған есімін қазақ халқы әлі күнге тдейін қастерлеп, оны Әулие ата деп атайды. Бұл шығармалардың мазмұны бай, тілі көркем дүние жүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі.
V кезең: Хронологиялық жұмыс
1. 915-955 жж
2. 955 жж
3. 942-1212 жж
4. 999 жж
5. 960 жж
6. 1040 жж
7. 960-9910 жж
8. 996 жж
9. 1089 жж
10. 1141 жж
11. 992 жж
12. ХІІ ғасырдың 30-жылдары
13. ХІ ғасырдың 40-жылдары
14. 1212 жж.
VII кезең: Картамен жұмыс
1. Қарахан мемлекетінің жер аумағын көрсет
2. Батыс хандықтың астанасы және оның алып жатқан жері
3. Айша бибі, Бабаджа Қатын кесенелері қай жерде орналасқан?
VIIІ кезең: Терминологиялық сөздік
Ғазнауи әулеті; Тотем; Салжұқтар; Мауаранхр; Коммендация; Икта, Вақор
ІХ кезең: Сабақты қорытындылау
Қарахан мемлекеті Қазақстан жеріндегі қоғамдық құрылысы жағынан жан-жақты дамыған феодалдық-патриархалдық мемлекет болды.
Х кезең: Оқушыларды бағалау
ХІ кезең: Үйге тапсырма. 10 параграф оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.