.
.
Ауданның даңқты тұлғалары. Ауданның даңқты тұлғалары.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1509 | Размер: | Автор: ТәрбиеТарих-жыр,тарих –өлең,тарих-қайғы
Өзінше әркім оны парықтайды.
Жас ұрпақ ұмытпау керек бабаларын,
Ұмытқан ұрпақ болып жарытпайды.
(Қадыр Мырза Әли)
Мақсаты:
Шу жерінде туған батырлар мен ақын жазушылардың,сазгерлердің ерен еңбектерін,шығармашыл оқушылар арасында насихаттау,оқушыларды ұлтжандылыққа,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Батыр мен ақын-жазушылар суреттері.
1 Жүргізуші:
Ұлы Жібек жолының бір тармағында жатқан Шу елі Ақ иық Алатаудан бастау алатын Шу өзеннің қос қанатында орналасқан,Тәуелсіз мемлекет атанған Қазақстанның өңтүстігінде,Жамбыл облысында жатқан өлке-біздің туған жеріміз,кіндік қанымыз тамған жер-Шу өлкесі.
Адам туған жердің топырағынан жаратылып,балалық шағын да осы атамекенде өткізеді.Табиғаттан нәр алып,беттен тепкен самал желдің өзі де жігерленеді.Бүгінгі сыныптан тыс сағатымызда туған жеріміз туралы,қасиетті жерде туып өскен батырларымыз бен дүлдүл ақын-жазушыларымыз жайлы болмақ.
2 Жүргізуші:
Алдымен Шу қаласының тарихымен танысайык:Шу ауданы 1931 жылы құрылған,орталығы Төле би ауылы.Аудан аумағындағы 36 елді мекен 13 ауылдық,бір кенттік округтерге және бір әкімшілікке біріктірілген..Шу өңірі тарихи археологиялық мұралар мен ескерткіштерге бай.
1 Жүргізуші: Шу ауданның жерінде небір ақындар мен жезтандай әңшілер,қайтпас қайратты батырлар,өнер адамдары туғандығы тарихтан мәлім.Халық батырын сыйлаған,ерлікті ең биік құндылық деп санаған.Шу өңінің есімі мәшһүр Зұлқайнарының өзін айлакерлігімен бітімге келуге мәжбүр еткен атақты Шу батыр есімімен тығыз байланысты.Қазақ жерінде аса зор қауіп төндірген 16-18 ғ. Жоңғар қалмақтарының шабуылі еді.Міне,сол бір ел тағдыры таразыға түскен кезеңде ерен ерігімен көзге түсіп,халық жадында қалған батырлар аз болмаған.Шу өңірінен шыққан сондай-ақ Қозыүй(1599-1673),Таңабай,Ақша батыр(1688-1762),Көтентай,Жәдігер.
2 Жүргізуші:Ұлы Отан соғысы жылдарында аудан халқы «бәрі де майдан үшін,жеңіс үшін»деген мақсат-тілекпен еңбек етіп,өмір сүрді.Ауданнан майданға аттанған
«қара қағаз»келген отбасына кариялардың көңіл білдіру үшін»Туяғы бүтін тұлпар,қанаты бүтін сұңқар жоқ»деп айтатын сөзі соғыс жылдарында кімнің көңілінде болса да жатталып қалды.Ауданнан шыққан батырларға да тоқталайық
1оқушы:
Естемесов Саттар (1919)-Кеңес Одағы
ның батыры.1942ж.Армия қатарына алынды,пулеметшілер ротасының бөлімше командирлігіне таайындалады.1943 ж. 19 қыркүйек күні,жаудың атыс ұясын жойып,ерлікпен қаза тапты.Қазірде Шу ауданың Жданов ауылында мектеп оның есімімен аталады
.
2 оқушы:
Шәкіров Саду(1922ж.)-Кеңес Одағының батыры(1943).1942 ж.Армия қатарына алынды,батальоның командиры болды...Днепрден өткен кезде Шәкіов гитлершілердің бесеуін жайратып салып,биіктікке алдымен жетті де,оның төбесіне қызыл жалау қадады.Кеңес Одағының батыра Сәду Шәкіров Шу ауданындағы қызылша өсіруші «Дружба»совхозында еңбек еткен қазірде ауданда Батырдың атында мектеп пен арнайы көше бар.
3 оқушы:
Перепелов Михаил Иванович(1924-1980).Ресейде туған.Армияға 1942 ж.
шақырылды.Гвардия аға сержанты асқан ерлігі үшін 2 дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.Шу қаласына 1948 ж. Оралып,локомотив депосының токарі болып қызмет атқарды.Қазір оның есімі Шу қаласының бір көшесіне берілген.
4 оқушы:
Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы (1966-1988). Халық Қаһарманы 1986ж.Алматыдағы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі.Ол 1986 ж.16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.Ату жазасынан кейін 20жылға бас бостандығынан ауыстырылып,
Семей түрмесіне қамалды.Бірақ кейін құпия жағдайда қаза болды.Оған 1992 ж.»Халық Қаһарманы»атағы берілді.Тараз қаласында Рысқұлбековтің есімімен аталатын саябағы бар,ескерткіш қойылған.Өзі оқыған мектеп-интернатта мұражай ашылған.
5 оқушы.
Таятаев Бауыржан Байжанұлы (1963-1981)Шу ауданы Белбасар ауылында дүниеге келген.1981 ж. Шілде айында әскер қатарына шақырылып Ауғанстанға интернационалдық міндеттін атқаруға аттанды.Қатардағы жауынгер-Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.Бауыржанның есімі туған ауылындағы өзі турған көшеге берілді.Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте Б.Таятаевқа арналған бұрыш бар.
1Жүргізуші:
Ақын,ауданда көп және қызмет еткен белгілі журналист Ахметжан Қосаков Шу өңірі туралы былай деген екен:
«Шуақты Шу қонысы-құтты мекен»,
Шуғыласы шурайлы жерің көркем.
«Елім,елдігінді сақта!»деген
Қоңыраулатып желдіртіп атқа мінген
Төле бабам осы өңірде туып өскен
Шу бойында тұғанымды мақтан етем.
Ақ пейіл,пәк сезімме жырлап берем
«Шуақты Шу қонысым-құтты мекен»!
Биыл 79 жасқа толған Әбдімомын Желдібаев туралы тоқталсақ;Сазгер.Қазақстан мемлекетінің қоғам қайраткері,«Парасат»,«Құрмет» орденің иегері.70 астам күй мен әннің авторы.30 жыл астам уақытШу еркесі»халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.Оның атақты «Ерке сылқым»күйінің құрметіне Шу қаласында ескерткіш орнатылған.
Исаева Бақыт Ақынқызы-ақын,жазушы,Қазақстан журналистер одағының мүшесі.ҚР мәдениет қайраткері.«Қазағым елім»(2003)атты кітабы жарық көрді
Қосақов Ахметжан Ақбұқаұлы (1950).Еңбек жолын 1972 ж.аудандық «Шу өңірі»
газетінің тілші,хатшы қызметін,сондай-ақ қазіргі кезде бас редактор-директор болып қызмет атқарады.Бірнеше мәрте «Нұр Отаннан»Алғыс хатымен марапатталған.
2 Жүргізуші: Аудан халқы өзінің таңдаулы ұлдары мен қыздарынәртүрлі деңгейдегі өкімет білігіне өкіл етіп ұсынып отырды.Қазақ кеңестік Социалистік республикасы кезенде Жоғары Кеңеске әртүрлі жылдарда сыйланған 11 депутаттың 4-і осы біздің Шу ауданнан еді. Шу ауданында 32 Социалистік Еңбек Ері болса,өзіміздің Белбасар өлкеміздің 8 Соц.Еңбек Ері бар.Олар кім еді? Хати Сауранбаев,Есіркеп Беккожаев,
Жәмилә Мамедова,Әбілмәжік Сатыбалдиев,Күляй Түнғатарова,Әзімбай Шәлібеков,
Жезбала Шоманова.
1 Жүргізуші: Шу ауданның топарағынан түлеп үшіп,ғылымның биік шыңына ұмтылған азаматтар аз емес.Олар республикамыздың түкпір-түкпірінде жүріп,өз мақсат мүддесінен шығуда.Олардың қатарында Аманқұлов Ж.,Сарыбай Қалмырзаев, Жаманбалаева Шолпан,Жанкүлиев Амантай,Бөрібай Жексенбин,Кененбаев Серік,Кәрім Көкірекбаев,Көйгелдиев Мәмбет,Усембаева Жібек,Жабағиев Қожахан
6 оқушы:
Шаттанам шыбығыңды сүйемінде,
Балқиды ішім емес,сүйегімде.
Есігін дүниенің ашқан едім,
Шуақты Шу өзеннің жиегінде.
2 Жүргізуші:Қайран,қасиетті Шу топырағы!Қойнауына түскен бір дән талайға жетер дариядай ырзық,тіккен жалғыз түп шыбық мәуелі бақ болып,көтерем болған қой түлік болса да түлеп,мыңғыра,молайып шыға келеді-ау.Жыртылып айырылатын тағы аң,құсы қаншама!Қойнауы толған қазына!
1 Жүргізуші:Қаламыз жылдан жылға көркейіп келеді,соңын дәлелі көптеген минимаркеттер,мейрамханалар,зәулім үйлер.Әсем гүлдерге толы айналасы тап-таза темір жолы вокзалы,осындағы Т.Рысқұлов атындағы алаң бүгінде қалайда мақтауға тұрарлық.Елін сүйген,елі сүйген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Шу қаласында болған
1988,1995 және 2005 ж. Ресми сапармен болғандығын зор мақтаныш сезіммен айта аламыз. Сол бас қосуларда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы шулықтардың ыстық ықыласына бөленіп,елім деп ет жүрегі елжіреген,халқым деп құшағын кеңге сермеген Елбасымыз Шу-Луговой электрленген учаскесінің 5 қаңтар 1995 жылы Шу қаласында салтанатты ашылу жиынын былай деп тебіреңді: Осында Шуда шын мәніндегі ерлік жұмыс аяқталды...еңсемізді түсірмелік,қашан біреу жасап береді екен деп қарап отырмайық..
2 Жүргізуші: Сөз соңында айтпағымыз,Тәуелсіздіктің көк туын көгімізге тіккелі бері өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанданып,елдің еңсесін тіктеу соңғы жылдарда атқарған қыруар шаруаның бірі-мемлекетіміздің тарихын тереңдігін,тектілігін таныту,оған дәлел,Астанада өтетін ЭКСПО-2017.Оған дүниежүзінің 113 мемлекеттері қатысады.Кешіміздің соңын аяқтай келе келген қонақтарға сөз берейік.
Пайданылған әдебиеттер:
1.Шу ауданы энкциклопедиясы
2.Шу ауданы тарихы. М. Жакин 2004 ж.
3.Шу өңірі газеті
4.Ғаламтор материалдары.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.