Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ батырларының жоңғарларға  қарсы.Отан  соғысы. -

Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы.Отан соғысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1803 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ашық сабақтың әдістемелік талдамасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырларының жоңғарларға
қарсы.Отан соғысы.
Сабақтың типі: Машықтық қорытынды сабақ.
Сағат саны: 90 минут.
Өкізілеін орны: 1-ші ғимарат. № 10 бөлме.
Күні: 10.12.2011 ж.
Уақыты: сағат 900-1035
Топ: 101 « Акушер ісі »
Оқытушы: Қожабеков Ғ.С.
Сабақтың мақсаты: Қазақ батырларының өз Отаны мен жерін
қорғаудағы ерліктерін түсіндіру.
Білімділігі: Оқушылардың ХYIII ғасырдың бірінші
ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі,
сыртқы жағдайын, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жөніндегі білімдерін жинақтап
қорытындылау.
Тәрбиелігі: Батыр бабаларымыздың тәуелсіздік үшін
күресін бейнелеу арқылы, жас ұрпақтың
елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тарихи ойлау,
сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың актуалдығы: Бұл кезеңде оқушыларды ойын шартымен
таныстыру.
Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут.
а) Топты үш командаға бөлу.
ә) Сабақтың өтілу барысын айту
Тақтаға ортақ бағалау парағы сызылады.

Топтар «Білімді
оқушы» «Тарихи
сипаттама» «Тарихқа
саяхат» «Алғырлықты
байқау» Қорытынды
I-Топ

II-Топ

III-Топ
Ұпайлар
саны

Бүгінгі сабағымыздың барысы «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» деп бастағым келеді.
Қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі жөніндегі өткен сабақтарда да аз айтылған жоқ. Бүгінгі сабақты бастамас бұрын, сендерге, Аңырақай шайқасына байланысты, мынадай оқиға айтып бергім келеді.
Аңырақай шайқасында 98 жастағы қарт әкесі Байжан биден бата алып, үлкендерден қалыспай 13-16 жас аралығындағыер балаларды жиып, 1000 баладан топ құрған 15 жасар Сартайдың ерлігі тарихта аңыз болып жыр-дастанға айналды.
Жоңғардың отты зеңбіректеріне қарсы найзағайдай жарқылдап жол салған 1000 баланың ерлігі, кеудесін оққа тосқан 13-16 жас арасындағы 600 жеткіншектің елі мен жері үшінөлімге бас тіккені ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Қазақ баырларының ерлігі жайында көптеген жыр дастандар бар.Мысалы: Бұқар жыраудың қазақ батырлары уралы мынадай жырлары бар.
Қамыстың басы майда, түбі сайда
Жәнібек шақшақ ұлы болат найза
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
II. Сынып үш топқа бөлінеді. Жеңген топ мүшелері «Қабанбай батыр» атағына ие болады.
I «Білімді оқушы» сайысы (әр топқа 10 сұрақтан беріледі, дайындыққа 15 минут уақыт беріледі)
I топқа:
1. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қай жылы басталды?
2. 1710 ж. Болғанірі оқиға қандай жәнеқайжерде болды?
3. Жоңғар хандығықайжылықұрылды?
4. Торғауыттар деген кімдер?
5. 1643 ж. әскер тарихында сирек кездесетін қандай шайқас болды?
6. Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы қай ғасырда басталды?
7. Жоңғар билеушілері бұл соғыста қандай мақсаткөздеді?
8. Науырызбай батырдың туған жылы?
9. Шайқас болған жерлер?
10. Абылайхан тұсында жоңғарлардан қайтарып алған жерлер?
II топқа:
1. Шона Доба деген кім?
2. Ордабасы тауының қасына жиналған үш жүздің өкілдері қазақ
жасақтарының бас қолбасшысы ретінде кімді сайлады?
37 М. Мақатаев қай қазақың батырына арналған дастан жазды?
4. Қазақтар қай жылдары жоңғарлардан басым түсіп, оларды күйрете
талқандап жеңіске жетті?
5. Қай хан өзін қазақ пен қалмақтың ханы санаған?
6. . Қазақтар жоңғарлармен күресті жүргізу үшін қандай мемлекетпен
одақ құрғысы келді?
7. Аңқарағай шайқасынан кейін Қазақстанның қандай жерлері азат етілді?
8. Қабанбай батырдың туған жылы?
9. Еділ қалмақтарының жоңғарларға көшу уақыты?
10. Ұлы жиын өткен жерлер?
III топқа:
1. . Ойраттар деген кімдер?
2. 1723 ж. Жоңғарлардың қанша әскері қазақ жеріне басып кірді?
3. 1724 – 1725 ж.ж. жоңғарлар қай қалаларды басып алды?
4. Жоңғар шапқыншылығы кезінде халық арасында қандай ән шықты?
5. Не себептен қазақ жасақтары Аягөз өзені бойындағы шайқас кімдердің
жеңісімен аяқталды?
6. 1718 ж. Арыс өзені бойындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?
7. Алғашқы кездегі шайқастарда жоңғарлардың қазақтардан басым болуы
неліктен деп ойлайсыңдар?
8. Бөгенбай батырдың туған жылы?
9. Ірі шайқастар?
10. Жоңғар әскерлерінің орналасқан орындары?
II. «Тарихи сипаттама» сайысы (әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі 25 минут уақыт беріледі)
I топқа:
Аңырақай шайқасы туралы тарихшы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар, пікірлер бар:
1. «Соңғы жылдардағы ізденістер негізінде осы бір қоныстың қазақтың атақты батыры Бөлекпен жекпе – жекте жастанған ойраттың Аңыра атты батырының есімімен байланыстылығы айқындалады».
2. «Жаудыңсағы сынып, тағы тайып, жеңілгені сонша, ұрыс даласын аңырап басына көтерген Қапшағай тауын жарып, ен далаға құлап аққан сарқырама Аңырақай ағысы деп аталады; Хантауымен Аңырақай тауы арасында созылып жатқан жазықта күзде, Қыста аңырақ өкпек жел де соғады».
Жоғарыда айтылған көзқарастың қайсысына қосыласыңдар? Неліктен
Ойларыңызды нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіздер.
II топқа: Ш.Уәлиханов «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын айтакеліп ХVIII ғасырдың алғашқы 25 жылы «Қазақ халқының өіріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар Волга бойының қалмақтары тұс - тұстан қазақтардың ұлыстарын қырғынға ұшыратты, малдарын айдап әкетті. Қазақтарды бүкіл үйелмендерімен тұтқындап алды» - деп жазды. Осы айтылған сөздерден қандай қортынды жасауға болады? Ойларыңды нақты мысалдар арқылы дәлелдеңдер.

III топқа: Өздеріңізді бірсәт1729 жылы Балхаш көлінің маңында деп сезініңіздер. Қандай тарихи оқиғаның куәгері болар едіңіздер? Ол қандай оқиға, оның қандай маңызы болады?
ІІІ. «Тарихқа саяхат» сайысы (терезеден 10,15,20,30-балдық сұрақтарды таңдап жауап беру керек 30 минут уақыт беріледі)
«Тарихи қайраткерлер» номинациясы:
10 ұпай – 1771-1781 жылдары қазақ хандығын қай хан биледі

1. Тарихи қайраткерлер 10 15 20 30
2. Шайқастар 10 20 15 30
3. Тарих 10 30 20 15

«Тарихи қайраткерлер» номинатциясы:
10 ұпай - Сол уақыттағы жырауларды ата?
15 ұпай – «Дарабоз» « Хан батыры» деп кімді атады?
20 ұпай – «Елім – Албан, жерім – Қарқара, жайлауым – Асы» деген сөзді қай батыр қалдырды?
30 ұпай - «Қарсы алып қалмақ тасырды ала ат мінген ----------- Алапатын асырды» - дегенсөз кім туралы айтылды?
«Шайқастар» номинатциясы:
10 ұпай – 1718 жылы Қазақ жерінде қандай шайқастар болды?
15 ұпай – 1728 жылы қандай шайқас болды және қалай аталды?
20 ұпай – 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасында шайқас болды, осы жер бұрын қалай аталад?
30 ұпай – 1730 жылы қандай шайқас болды, ол шайқастың тарихи маңызы неде?
«Тарихи» номинациясы:
10 ұпай - Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіне байланысты есімдерді тап: Үгедей, Наурызбай, Ақсақ темір, Абылай, Төле би, Жәнібек, Бөгенбай.
15 ұпай – 1723 жылы ұйымдастырылған жоңғар шапқыншылығы неге қазақтарға ауыртиді?
20 ұпай – қай хан қай жылы бірінші болып жоңғарларға қарсы күреске ресейден көмек сұрады?
30 ұпай – 1710 жылы қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өтті құрылтайға қатысушылардың бір тобы жоңғарларға бағынуды жөн көрді. Сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы мұндай әрекеттің бәріне тыйым салды ол кім?
«Алғырлықты байқау» номинациясы
1. Қай жылы Әбілқайыр хан Ресейден көмек сұрады?
2. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қазақтыңқай ғалымы жазды?
3. Бөгенбай батыр қолбасшылықтан басқа қандай іспен айналысты?
4. Қабанбай батыр елдің айтуына қарағанда неше ұрысқа қатысты?
5. Шапырашты Нурызбай батыр халық арасында қандай ерлікерімен есінде қалды?
6. Төле би қай жерде жерленген?
7. Үш би туралы қазақтыңқандай жазушысы роман жазды?
8. Тәуке хан қай жылы қайтыс болды?
9. Үш бидің қайсысы Жоңғар қонтайшысына барып қазақтарды сипаттап берді?
10. Райымбек батыр туралы роман жазған кім?
11. 1723 жылы жоңғарладың қазақ жеріне басып кіруіне қандай саяси оқиға түрткі болды?
12. Қай жылы Тәке хан Ресейден соғыс көмегін сұрады?
13. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қаза болған Алматыда жерленген батырлардың бір?
14. 1643 жылы Жоңғарлармен шайқаста қазақ әскерін қай ханбасқарған?
15. «Ақтабан шұбырынды» жылдарын ата?
16. Қазақтың үш жүздің біріккен әскери күшін басқарған қолбасшы кім?
17. Жоңғарларға қарсы күресу үшін үшжүздің біріккен әскер жасақтарын құру туралы бірінші құрылтай қай жылы шақырылды?
ІІІ. Қортындылау (әр топың ұпайларын санап жеңіп шыққан топты анықтау, жеңген топқа «Қабанбай батыр» атағын құрметпен беру 10 минут).
IV. Оқушыларды бағалау. (5 минут)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.