.
.
Өткізген: Иманғожина Назгүл Тұрсынғазықызы, Семей қаласындағы «Т. Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектебі», 5 «а» сыныбы Қазақ билері.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1358 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақ тақырыбы : Қазақ билері
Мақсаты: Оқушылар қазақ халқының билері (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би) мен Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңы туралы түсінігін тереңдетеді.
Сабақ міндеттері Бағалау
1. Оқушылар қазақтың ХVІІ-ХV ғғ атақты билерінің ел, жер, ынтымақ туралы даналық сөз үлгілерін талдау арқылы ақпарат алуы жүреді.
1. «Құрастырылған хат», «Бір-біріне сұрақ қою», «Эссе жазу» әдістерін пайдалану арқылы
2. Оқушылардың өз ойын жеткізе
алу, мәнерлі сөйлей алу, ұсақтан тұтасты құрай алу сияқты дағдыларының дамуына жағдай жасалады.
2. «Құрастырылған хат», «Бір-біріне сұрақ қою», «Эссе жазу» әдістерін пайдалану арқылы
3. Өз елінің тарихы мен
мәдениетін, сөз қадірін құрметтеуге үйрену жүреді.
3. Жұмыс барысында
Стратегиялар мен әдістер: Топ ішіндегі әңгіме, негізгі идеяны талдау нәтижесінде эссе жазу, құрастырылған хат
Материалдар /көрнекілік/ : Билердің портреттері, ақ қағаз беттері, маркерлер, конверттер, қиылған мәтін бөліктері, жапсырғыш
Сабақ кезеңі Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі
І. Қызығушылық ояту
1. Оқушыларды 4 топқа бөлу, әр топтың ішінен топ жетекшісін белгілеу,
2. №1 топқа Төле би , №2 топқа Қазбек би, №3 топқа Әйтеке би, №4 топқа «Жеті Жарғы» заңы туралы конвертке салынған мәтін қиықтарын жапсыру арқылы мәтін қиықтарын құрастыруды , сөздің толық нұсқасын оқуды сұрайды ұсынылады.
3. Ойланып, ақ қағазға мәтінді жапсыру, класс алдында қорғату
1. Топтарға бөлінеді.
2. Топ ішінде берілген тапсырманы 2-3 мин ойланып, ақ қағазға мәтінді жапсырады.
3. Жұп ішінде ақпарат алмасады.
4. Класс алдында қорғайды.
ІІ. Мағынаны ажырату
1. Айтылған тапсырманы қорытындылай келе тақырып анықталады.
2. Әр топқа үш бидің өмірі мен қызметі туралы бір -біріне сұрақ қою ұсынылады.
3. Әрбір топ 2 сұрақтан қояды, жауап бере алмаған топтың орнына басқа топ жауап беруге болады
1. Алдын ала сұрақты үйден әзірлеуге тапсырма беру.
2. Әрбір топ ішіндегі оқушылардың зеректігін, ой жылдамдығын, білімпаздығын сынға түсіру
ІІІ.Ой-толғаныс
1. Топтарға басқа топтың тақырыбына топ ішінде ақылдасып, игерген білімдерін ақ қағазға маркермен эссе түрінде жазу ұсынылады (5 мин).
2. Әр топтан өз эсселерін қорғау сұралады.
1. Топ ішінде ақылдасу
2. Қорытынды пікірлерін ақ қағазға жазу
3. Жұмысты қорғау
Бағалау : белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасын беру: § 30 оқу, мазмұндау
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Көре алмаған көз жетім
Төле би
Үй жанында биік төбең болса,
Ол ерттеулі аттан кем емес,
Отбасыңда білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес
Біз, қазақтар керіспейік
Ренжісу бізге жөн емес.
Қазыбек би
Жердің сәні-қаптаған-жылқы мен қой
Қыздың сәні-жасаулап ұзатқан той
Мылтықтың аузынан шығады оқ,
Екі адам керіссе, оның арты шоқ
Біз, қазақтар керіспейік, келісейік,
Егер керіссек,
Бізге хандық түгілі, халық та жоқ.
Әйтеке би
«Қылмыскер құн төлеп өзінің жанын сақтап қала алады, яғни әр өлген еркек үшін 1000 қой, ал әйел үшін 500 қой төлесе, зақымданған үлкен бас бармақ үшін 100 қой, шынашақ үшін 20 қой төлеуі қажет, егер ол айыпты төлей алмаса онда құн оның ауылдастарынан өндіріліп алынады»
«Жеті Жарғы»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.