.
.
Күні: Қазақ халқының материалдық мәдениеті.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3350 | Размер: | Автор: ТәрбиеСыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты
Білімділік беру міндеті:
- оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу
Дамытушылық міндеті: - материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік міндеті: - қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық тапсырмалар, суреттер, қосымша материалдар, т.б.
Пәнаралық байланыс: информатика, география, әдебиет, саясат, мәдениеттану, т.б.
Сабақ түрі: аралас сабақ. ашық сабақ
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы :
1. Ұйымдастыру
- амандасу, түгендеу
- сабақ барысын түсіндіру
2. І бөлім
- Өтілген тақырыпқа шолу
- Деңгейлік тапсырмалар
- ғажайып шаршылар
Қорытындылау
3. ІІ бөлім
- ой қозғау. Ассоциация
- жаңа сабақ
- сергіту минуты
- бекіту (тапсырмалар)
- ҰБТ-де кездесетін сұрақтар
4. ІІІ бөлім
- бағалау
- үйге тапсырма беру
- қорытындылау
1. «Қазақ шежіресін» кім хатқа түсірді?
А) Ян Вансина Ә) М.Ж.Көпеев
Б) В.Радлов В) Ф. Достоевский
2. Ауызша тарих ұғымын тұңғыш қолданған ғалым:
А) В.Радлов Ә) А.Невинс
Б) Ы.Алтынсарин В) М.Х.Дулати
3. Қазақстан аумағында таралған ең ежелгі дін
А) буддизм Ә) христиандық
Б) заратуштралық В) ислам
4. Орта Азия түркі халықтарының діні
А) буддизм Ә) христиандық
Б) тәңірлік В) ислам
5. Қазақ халқының ежелгі баспанасы
А) Киіз үй Ә) там
Б) Сарай В) Кесене
Деңгейлік тапсырмалар
№1
Дін дегеніміз не?
Қандай діндерді білесің?
№2
Зәрдүш дінінің қасиетті кітабы?
№3
Алғашқы адамдар неге табынды?
Теология дегеніміз не?
Мына киімдер кімдерге арналған?
• А) Тон
• Ә) Сәукеле
• Б) Шекпен
• В) Шапан
3 бөлім
Оқушыларды білімдерін бағалау, күнделік журналға түсіру және өзін өздері бағалауларына мүкіндік беру.
Үйге тапсырма беру
1. Тақырыпты оқып шығып, мазмұндау
2. Тақырып бойынша қосымша ізденіп, мәліметтер жинау:
Мәнжазба тақырыптары:
Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.
Әдебиеттер тізімі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 6, 9 том, «Тарихи тұлғалар» кітабы, «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті” Алматыкітап – 2006, интернет сайттар
Қорытындылау
Тарих көріністеріне саяхат
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.