Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ халқының шешендік сөз  өнері. -

Қазақ халқының шешендік сөз өнері.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2789 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының шешендік сөз өнері. Сабақтың мақсаты: білімділік:Қазақ халқының шешендік сөз өнері, шешендік сөз түрлері,аңыз-ертегілерге арқау болған кейіпкерлер,сөздің балын тамызған хандар,билер, батырлар,және ақындар туралы мағұлмат беру. Дамытушылық:Қазақ халқының шешендік сөз өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білімдерін толықтыра түсу. Тәрбиелік:Отаншылдыққа,бірлікке,достыққа,адалдыққа,еңбекқорлыққа,адамгершілікке баулу. Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгеру. Сабақтың типі:(дәстүрлі емес) Пәнаралық байланыс:Қазақ әдебиеті. Көрнекілігі:Слайдтар,бейне(видео)жазбалар,белсенді тақта. I Ұйымдастыру бөлімі: (оқушыларға амандасу,сабаққа қатысын тексеру және сабақ тыңдауға бағыт беру.) II Үй тапсырмасын тексеру: Шығармашылық тапсырма бойынша «Наурыз» мерекесі жайлы әңгіме тыңдау. III Жаңа сабақ: Қазақ халқының шешендік сөз өнері. а) Шешендік сөз өнері туралы бейне(видео) жазба қарау. (3 минут.) Шешендік сөздер: шешендік арнау шешендік толғау шешендік дау ә) Сыңарын тап (тіл өнері туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру және орнына қою.) б) Аңыз-ертегілерге арқау болған кейіпкерлер: Жиренше шешен Аяз би Алдар көсе Тазша бала туралы қысқаша әңгімелеу. в) «Тілдің майын тамызған, . Сөздің балын ағызған. 1.Өнер алды-қызыл тіл. 2.Сөз тапқанға қолқа жоқ. 3 .Сөз –сүйектен өтеді, . Таяқ еттен өтеді. 4. Тіл тас жарады, . Тас жармаса,бас жарады. 5. Шебердің қолы ортақ, . Шешеннің тілі ортақ. 6. Шешеннің тілі, . Шебердің бізі. 7. Бас кеспек болсада, . Тіл кеспек жоқ. 8. Шешеннің сөзі мерген, . Шебердің көзі мерген. 9. Шешен сөз бастар, . Батыр қол бастар. 10.Аталы сөзге, . Арсыз жауап қайырар, . Ақ пен қараны, . Шындық айырар. 11 Жақсы сөз –жарым ырыс. 12 Жүйелі сөз- жүйесін табар, . Жүйесіз сөз- иесін табар. . Хандар, билер, батырлар: . Әз тәуке . Абылай хан . Әнет баба . Әйтеке би . Төле би . Қазыбек би . Сырым батыр туралы қысқаша әңгімелеу. г) В.В.Радловтың (белгілі ғалым түркітанушы.) сөзіне тоқталу «Өздерімен туыстас түркі тектес елдермен салыстырғанда, қазақтар сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі». .Ғ)Қазыбек бидің Жоңғария хонтайшысына айтқаны туралы бейне (видео) жазба қарау.(2 минут,39 секунд.) д) Қазақтың ақыны- шешен, . шешені- ақын. . Абай Құнанбаев . Бұқар Қалқаманұлы . Махамбет Өтемісұлы туралы кысқаша әңгімелеу. . Сөз өнері: хандар, билер, батырлар,ақындар. IV Қорытынды. V Бағалау. VI Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.