.
.
Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің №44 орта мектебі «Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың халық болып қалыптасуының бірден-бір негізі» (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай) дөңгелек үстел
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 374 | Просмотров: 2085 | Размер: 46.8 Kb | Автор:коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың халық болып қалыптасуының
бірден-бір негізі»
(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)
дөңгелек үстел
9 «А» сынып жетекшісі: А.А Смагулова
Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың халық болып қалыптасуының
бірден-бір негізі»
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ- мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы- туған Отанын, туған тілін, тарихын сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты- ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін, тарихын өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, тарихқа деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Өткізілу түрі: дөңгелек үстел
Қатысушылар: Ата-аналар, пән мұғалімдері, 9 «А»сынып оқушылары.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер.
Жоспары:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
2. «Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың халық болып қалыптасуының бірден-бір негізі» баяндама А.А.Смагулова
3.Тілек айту
4. Топтық жұмыс
5. Сергіту сәті
6.Тренинг « Жан жүрек сыры»
7.Қорытынды.
Дөңгелек үстел барысы:
Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол тарихтан.
О, тәңірім танып білмей бізді жұрт,
Әр түрлі атпен өздерінше атаған.
Скифтер деп Геродот бізге ат берді,
Ал парсылар – өз тілінше Сақ деді.
Иә, рас, бізді бар жұрт Сақ деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы,
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.
Түркі әрпімен жазуы бар басында,
Билік құрған сонау 6 - ғасырда.
Қазақ деген анық түскен жазу тұр
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.
Дей келе -Армысыздар, бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған ата-аналар, мұғалімдер, және оқушылар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты тарихи Жолдауы барысында: «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз» деген болатын. Осы мерейлі мерекелердің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашудағы дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады.
Бүгінгі тақырып - «Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың халық болып
қалыптасуының бірден-бір негізі»
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай?
Дүбірлі той өз деңгейінде аталып өтуі үшін біз қандай үлес қоса аламыз?
1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларымызға деген құрметіміз болсын.
Қатысушыларға сұрақ:
Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды ма?
Хандықтың құрылуының бүгінде маңызы қандай?
Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекет -термен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым - қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.
Бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған осы хандығымыздың 550 жылдығын сіздердің ойларыңызша қалай атап өткен жөн?
Бұл айрықша датаға біз қандай үлесімізді қоса аламыз?
Қандай шаралар атқарылғаны жөн?
Өкінішке орай, Қазақ хандығы өзінің үш жарым ғасырлық тарихында өз тарихын жеке, арнайы түрде баяндайтын жазба ескерткіш қалдырмады. Жазба ескерткіштер болған деп есептегеннің өзінде ол бізге дейін жеткен жоқ, не болмаса әлі күнге дейін тарих ғылымына белгісіз болып отыр.
(Бұл дегеніміз жалпы алғанда, ХY-ХYІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы жөнінде деректер мүлде жоқ дегенді білдірмейді. Деректер мен оның түрлері баршылық. Бірақ олардың бәрі әртүрлі тілдерде жазылған және көршілес елдердің жазба тарихында шашыраңқы күйде, үзік-үзік мәліметтер күйінде кездеседі. Дәл сол сияқты Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты деректер де әр түрлі тілдерде және шашыраңқы күйде кездесуде.)
Қазақ хандығының құрылу тарихындағы ең көп талас тудырып отырған мәселелердің біріне – хандықтың құрылған жылына қатысты мәселе жатады.
(XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың 70-80-ші жылдарына дейін осы мәселе жөнінде пікір білдірген зерттеушілер 1456 жылдан XV ғ. 90-шы жылдары аралығындағы бір жылды көрсетеді. Тіпті 1428 жылды, 1445 жылды, XVI ғ. 40-шы жылдарын көрсеткен авторлар бар. Соған қарап қазіргі таңда Қазақ хандығының құрылуы бір жылда, бір оқиға нәтижесінде емес, керісінше, бір тарихи кезеңдегі бірнеше оқиғалар барысында жүзеге асқан деген пікірдің үстем болып тұрғанын байқаймыз.)
Атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналғаны қаншама. Ал бізде – ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Қазақ хандығының 550 жылдығы - тәуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен елдіктің тойы. Міне, шарықтайтын кезіміз – осы!
Іс-шараға қатысып отырған ата-ана , пән мұғалімдері және оқушыларды
геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлу, бір –біріне тілек айтқызу және топтық тапсырмалар беру.
3.Тілек айту: «Қазақ», «Тәуелсіздік» сөздерін қоса отырып тілек айту.
Топтық тапсырмалар:
1-топ: «Хан және хандық туралы түсінік беріңіздер»
2-топ: «Қазақ хандығындағы белгілі хандардың ерекшелігі»
3-топ: «Қазақ хандығы мен Қазақстан Республикасының ұқсастығы мен
айырмашылығы»
4-топ: «Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлану себебі?»
5. «Көңілді би» тақырыбында сергіту сәті
6.Тренинг «Жан жүрек сыры» Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тым жай соғып тұр. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған бүгінгі іс-шара туралы жазу тапсырылады. Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен? Ең бастысы Отанды, тарихты сүйе білу керек.
7.Қорытынды:
Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.