Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы -

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 441 | Просмотров: 3410 | Размер: 17.2 Kb | Автор:
. Сабақтың тақырыбы: §42. Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға ХҮІ - ХҮІІ ғасырлардағы қазақ хандығындағы басқару жүйесі туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихын білуге тәрбиелеп, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Қазақ халқының әлеуметтік құрылымын түсіндіру арқылы оқушыларды құқықтарын қорғай білуге дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыпты болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, "Ханталапай" ойыны
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тарау бойынша оқушыларға тест тапсырмасы беріледі.
1. Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді:
A) Түркістан қаласына Ә) Суяб қаласына Б) Ташкент қаласына
2. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан:
A) Саид хан Ә) Әбілхайыр хан Б) Мұхаммед Шайбани
3. Тәуекел хан қай жылы Мауреннахрға баса көктеп кірді?
A) 1588ж Ә) 1598ж Б) 1590ж
4. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым - қатынас болмасын» деп жарлық шығарған хан:
A) Мұхаммед Шайбани хан Ә) Жаныш сұлтан Б) Орыс хан
5. Хақназар хан билеген жылдар:
А) 1538 - 1580жж Ә) 1480 - 1511жж Б) 1523 - 1532жж
6. Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары:
А) 1509, 1510, 1511 жылдар Ә) 1503, 1505, 1506 жылдар
Б) 1501, 1503, 1505 жылдар
7. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:
A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы
Ә) Бұхар ханының наразылығы
Б) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
8. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш - қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:
A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы
Ә) Моғол ханын талқандауы Б) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы
9. 1583 жылы «Ант беріскен шартты» бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:
A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам
Ә) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар
Б) Қойлық, Үзгент, Сығанақ
10. XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:
А) Тәуекел, Шығай Ә) Тәуке; Тұрсын Б) Есім, Тұрсын
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қазақ хандығының басқару жүйесі
2. Қазақ ханы
3. Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы.
Үш қатарға тақырып беріледі. Оқушылар өздеріне берілген мәтінді оқып түсінік айтады.
ІҮ. "Ханталапай" ойыны.
Оқушыларға бірнеше тапсырма беріледі. Әрбір тапсырма 7 сұрақтан тұрады. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар қазақ халқының басқару жүйесінің сатылары бойынша жоғары қарай жылжып отырады. 7 ұпай жинаған оқушы ұлы хан тағына көтеріледі.
1. Әріптер сыры
( Ж, С, Н, А, Х, Ш, Ұ)
Оқушыларға әріптер беріледі. Берілген сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы тиіс.
1. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады? (жеті)
2. Ұлыс билеушісінің лауазымы (сұлтан)
3. Орта жүз руы ( найман)
4. Хан сайлану үшін кімнің ұрпағы болу міндетті болды?(Шыңғыс)
5. Туыстас бірнеше отбасынан құралатын қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы
( ауыл)
6. Ханның мал - мүлкін бөлісіп алу дәстүрі қалай аталады?(Ханталапай)
7. Дулат руы қай жүзге кіреді? (Ұлы жүзге)
2. Кім жылдам? ойыны
Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіру керек.
1. Төлеңгіт
2. Имам
3. Президент
4. Батыр
5. Депутат
6. Ақсақал
7. Рубасы
3. Мақал сөз мәйегі.
Берілген мақал - мәтелдегі қалып кеткен сөзді тауып жазу керек.
1. Тура __________ туған жоқ. (биде)
2. __________ бірдің - ауызы бір.(ауылы)
3.________ - қарақшы, (хан)
Халық - сарапшы.
4.________ көріп азаматын таны.(ауылын)
5. Кісі елінде ___________ болғанша, өз еліңде ұлтан бол. (сұлтан)
6. Шешен сөз бастар,
___________ қол бастар. (батыр)
7. _______ туса ел ырысы,
жаңбыр жауса жер ырысы. (батыр)
4.. Сәйкесін тап.
Басқару сатысы Басқарудың ұлттық жүйесі Басшысы
1 Ру Ақсақал
2 Ауыл Рубасы
3 Хандық Cұлтан
4 Ұлыс Ауыл басы
5 Арыс Қаған (ұлы хан)
6 Ата аймақ Хан
7 Жүз Би

Ү. Қорытынды
ҮІ Бағалау
Оқушылар жинаған ұпайларына байланысты бағаланады.
ҮІІ. Үйге тапсырма: §42. оқу.
Қазақстан Республикасының бүгінгі күндегі басқару жүйесі туралы зерттеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.