.
.
8-сынып Қазақстан тарихы. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2410 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы; Қазақ поэзиясы мен музыка өнері.
Мақсаты: Оқушыларға Х1Х ғ қазақ поэзиясы мен музыкасы жайлы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын
жетілдіру, есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту, тарихи оқиғаларға өзіндік
көзқарастарын білдіре алуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Халықтың ән-күйі, әдеби шығармашылығы арқылы
адамгершілікке, ұлтжандылыққа, Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жүрісі; 1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа материалды таныстыру
1. Оқушыларды топтарға бөлу.
1.Махамбет тобы.
2.Сері тобы.
3.Қобыз тобы.
2. Бұл атауларды қойған себептері.
3. Бөлінген тақырыпшалардың мазмұнын схемамен көрсету. (қорғау)
1 Тобымыздың атын Махамбет деп қойған себебіміз ХІХ ғ халықты тәуелсіздікке шақырған, халықтың басына түскен ауыртпалықты жырлаған арқалы ақындардың бірі Махамбет.
2.Поэзия.
Эпикалық.
Поэтикалық.
Өкілдері.
1. Махамбет.
2. Дулат Бабатайұлы.
3. Шортанбай Қанайұлы.
4. Мұрат Мөңкеұлы.
Біз тақырыптың мазмұнын осы схема арқылы көрсетуге тырыстық.Өйткені бұл кезеңдегі поэзия өкілдері бізге әдебиеттен таныс. ХVІІІ ғ-ХІХ ғ бірінші жартысында қазақ поэзиясы эпикалық бағытта дамыды. Эпикалық деп отырғанымыз тарихта болған оқиғалар негізінде туған шығармалар. Мысалы, XVІІІ ғ жоңғар шапқыншылығы кезіндегі, XVІІІ-ХІХ ғ патша отарлаушылығына қарсы күрес кезіндегі батырларымыздың, хандарымыздың ерліктері. Мысалы, бұл кезеңнің атақты өкілдерінің бірі Махамбет. Махамбет ақ найзасымен де, асқақ жырымен де халықтың азаттығы үшін күресті. Ол от ауызды сөз шеберлігімен, өзінің домбырашы-күйшілігімен, батырлығы, ақындығы, даналығы арқасында даңққа бөленді. Өлеңдері халық көтерілісінің қуатты дауысы, бостандық пен әділдіктің ұраны болып табылады.
Екінші топқа Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын айтамыз.
М.Әуезовтың бұл ақындарды «зар заман» ақындары деп атағанын біз әдебиет сабағынан білеміз. Олардың поэзиясының негізгі сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды. Орыс отарлаушылығымен бірге келіп жатқан жаман әдеттерден қорықты, бірақ содан құтылудың жолын таба алмай қиналды.
2.Сері тобы. Біз тақырыптың мазмұнын ашып көрсету үшін жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіттің суретін салдық. Өйткені олар Х1Х ғ сал-серілердің серігі болған. Олар аң аулап, бүркіт салып жүріп, ел аралап, өздерінің әндерін айтқан. Ән жырлары арқылы патша өкіметіне, ел басқарушы чиновниктерге өздерінің наразылықтарын білдірген. Мысалы Біржан салдың 40-қа жуық әні бар. Жаяу Мұсаның атақты Ақсиса әні әлеуметтік әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Оның 70-тен астам әні бар. Ал Ақан сері музыкалық поэтикалық мол мұра қалдырған. Бізге 40-тан астам әні жеткен.
3. Қобыз. Тақырыбымыздың мазмұнын ашып көрсету үшін біз домбыра мен қобыздың суретін салдық. Өйткені домбыра мен қобыз қазақтың ұлттық аспаптары. Халықтың мәдени мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы, халықтың куресін насихаттаушы. Өйткені атақты Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Ықылас т.б,күйшілеріміз халықтың азаттық жолындағы күресін өз шығармаларында көрсете білді, Құрманғазының «Кішкентай» күйі шаруалар көтерілісшілерінің басшысы Исатай Тайманұлына арналған. Домбырасын қару еткен Құрманғазы азаттық үшін күресті өмірінің бір арқауы еткен. «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан» күйлерінде азат өмірді аңсаған халық үміті, тартысы суреттеледі. Тәттімбеттің «Бестөре» күйі халықты жәбірлеген төрелерді түйреуге арналған. Ықыластың «Жарым патша» күйі де тәкаппар патша чиновниктері мен байларды кекеуге арналған.
(Топтар бір-бірін бағалау парақшалары бойынша бағалайды)
3-тапсырма Тақырыптың көтеріп отырған негізгі мәселесін көрініс, ән, күй арқылы көрсету керек.
1. Махамбет тобы. Біз Махамбеттің өзінің шығармаларында және зар заман ақындарының өз шығармаларында көтерген тақырыптарын Махамбеттің Жұмыр Қылыш күйі негізінде көрсетпекпіз. Жұмыр Қылыш күйінің шығу тарихына үңілгенімізде мынадай дерек таптық. Жұмыр, Қылыш Махамбеттің қарулас серіктерінің аты. Жұмырдың шын есімі Садыр. Жұмыр лақап аты. Төрт бөлімді күй сазы батырлардың қаһарман бейнесін елестетеді. Күйде шалт қимылды, батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар –деп жазады Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев. Шығарма 1958 жылы Оразғали Сүйінбеков деген азаматтан жазылып алынған. Ел назарына ұсынып жүргендер Мұстафа Ысмағұлов пен Асқан Серікбаева деген азаматтар. (Көрініс «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны».)
Дулат Бабатайұлының қазақ жерлерін патша үкіметі отарлап, халықты байырғы ата қонысынан қуып жатқан кезде налып шығарған «Аягөз, қайда барасың?» деген өлеңі бар. Сонда былайша жырлайды.
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Жерге қарай мал бітіп,
Малға қарай құт болмақ.
Қонысынан мал тайса,
Құты кетіп жұт болмақ.
Былтырғы жылы осы тақырыпты өткен кезде мектебіміздің ақын қызы 9-сынып оқушысы Сәдуақасова Нұрайна «Аягөз кімнің жері еді» деген өлең шығарған екен. Соны назарларыңызға ұсынамыз.
Кезінде шапқыншылық. Соғыс. Аштық.
Қорғау үшін елімізді жауға шаптық.
Амалсыздан бодан болып Ресейге,
Талай жерден айырылып қапы қалдық.
Иемденді шұрайлы жерімізді,
Малымыздан айырды елімізді.
Ұмыттырып дәстүр мен дінімізді,
Мәңгүрт қылып шұбарлады тілімізді.
Айналған ырыс құттың мекеніне,
Шұрайлы жерлер кетті жат еліне.
Қазақ жерін сұлулыққа бөлеп тұрған,
Орыстарға кетті Аягөз өзені де.
Байтақ жерім өзендер кетті талай,
Қайтарам мекенімді енді қалай?
Шаруалары орыстың қоныстанып,
Егін салды құнарлы жерге солай.
150 жыл күресіп орыспенен,
Сырым, Кене, Исатай ту ұстап ең.
Ақыры орындалып армандарың,
Ұрпағыңа оралды туған жерің.
Тарбағатай тауынан,
Бастау алған Аягөз.
Шығысынан елімнің,
Жосыла аққан Аягөз.
Қайтарылып еліме,
Ырыс болған Аягөз.
Жанға жайлы қойныңда,
Аңдар жортқан Аягөз.
Сай-салаң толып жеміске,
Несібе болған Аягөз.
Құт мекен болған еліме,
Шалқи ақ мәңгі Аягөз!
2. Серілер тобы. Х1Х ғ өмір сүрген ақын, әнші-композиторлар патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкерелеуімен бірге әйелдердің теңсіздігі мәселесін де
көтерді. Осы тақырыпты біз Ақан серінің Балқадиша әні арқылы көрсетпекпіз. (Жігіттер тобының бейне көрінісі)
3. Қобыз тобы. Ақын, әнші –сазгерлер сияқты күйшілер де қоғамда болып жатқан оқиғаларға күйлері арқылы өздерінің көзқарастарын білдіріп отырды. Құрманғазының
«Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», Дәулеткерейдің «Бұлбұл», «Жігер», Тәттімбеттің «Бестөре», Ықыластың «Жарым патша» т.б күйлер осының дәлелі.Күйлерінде қарапайым адамдардың өмір тұрмысын да суреттеген.Біз Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі туралы деректер іздестіріп көрдік.
«Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір адайдың үйіне түседі. Үйде қарт кемпір мен шал ғана болады. Толық таныса қоймай Құрманғазы құдайы қонақ екенін ғана айтып тоқталады. Үлкен кісілер шаруаларымен сыртқа шығып кеткен кезде Құрманғазы керегенің басында ілулі тұрған домбыраны қолына алып 1-2 шертеді де бұрауын өзгертіп қайта іліп қояды. Біраздан кейін кемпір мен шалға ілесіп, 17-18дер шамасындағы қыз бала кіреді. Ол төрде отырған қонаққа көзінің қырын да салмастан домбырасын қолға алады да «Мұның бұрауын қозғаған кім»-деп әке-шешесіне қарайды. Олар жазықты осы болар-ау деген күдікпен төр алдындағы күйшіге қарайды. Ақмаңдай көп кідірмей бұрынғы өз бұрауына салып алады да бір күйді тартып кетеді. Ақмаңдай күйдің аяғына шыққан кезде Құрманғазы қызға қарап, «Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой. Домбыраны бері берші, қане, дейді. Мұны күтпеген Ақмаңдай домбырасын қалай Құрманғазға бере салғанын байқамай да қалады. Құрманғазы бір күйді тартып болған кезде үй адамдары біріне –бірі сыбырлап, «бұрын соңды бұл айналада Ақмаңдайды домбырадан сүріндірген ешкім жоқ еді. Тартыс шоқтығы тым биік екен» - деп ойлайды. Шырағым, домбыра тартысың біздің бұл араның тартысына ұқсамайды. Қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен соның өзі емеспісің, аяқ алысың әлей екен»-дейді. Құрманғазы мұртынан күліп «Болсақ болармыз» деген екен. Сондағы Құрманғазының Ақмаңдай қызға арнап тартқан күйі ел арасында «Адай» деген атпен таралып кеткен екен. Олай болса сол Адай күйін Жәлит ағайдың орындауында қабыл алыңыздар.
( Бағалау парақша арқылы.)
Қорытындылау.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.