.
.
Күні: 29. 02. 2016 ж. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы. № 47 Қазақстан аумағындағы қалалар.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1630 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: § 26 Қазақстан аумағындағы қалалар.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда ХІХ ғ. ІІ жартысында қалалардың пайда болу себебін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімдік: Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси - экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, капиталистік қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық : Практикалық жұмыс машығын, талдау және қорытынды жасай алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи карталармен жұмыс істей білуге үйрету;
Тәрбиелік: Өзін және қоршаған ортаны танып білу, сапалық көшбасшылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.
Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу - аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.
Дидактикалық құралдары: карта, сызба
Негізгі түсініктер: қалалар, өсу динамикасы, географиялық орналасуы, қаладағы кәсіп, капиталистік қатынастар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
б) оқу құралын тексеріп түгендеу.
в) оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы» тақырыбы бойынша түсінік сұрау.
А) капиталистік қатынастардың дамуы қазақ елінің ауыл шаруашылығына қалай әсер етті?
Ә) «капиталистік қатынастар» дегеніміз не?
Б) Теміржол тораптарының ХІХ ғасырмен ХХ ғасырда динамикалық көрсеткіші қандай?
В) ХІХ ғасырдың екінші жартысында қандай өнеркәсіп орындары болды?
2. Хронологиялық кесте жазғандарын дәптерден тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
1. Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).
2. XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.
3. ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.
4. Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.
5. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары.
Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.
XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.
Дамыту кезеңі:
№1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік - батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.
2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.
2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
№3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді оқып шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары мен шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.
2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін төмендегідей сұрақ қоюға болады:
Сендер өз қалаларыңның салынуы туралы не білесіңдер? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№4 тапсырма: Жылдар сөйлейді.
1897 жылы - ___________________________________________________________________
ХІХ ғ. ортасы – ________________________________________________________________
1902 жылы – __________________________________________________________________
1846 жылы – __________________________________________________________________
1827 жылы – __________________________________________________________________
1845 жылы – __________________________________________________________________
ХІХ ғ.соңы - __________________________________________________________________
ІV. Сабақта алған білімді бекіту.
№ 5 тапсырма: 1897 жылы Ресейде тұңғыш өткізілген халық санағына қарағанда, жекелеген ірілеу қоныстарда халық санын көрсетіңіз.
Орал Верный Семей Қостанай
Кіші қоныстар бойынша:
Атбасар Көкпекті Торғай
Кері байланыс: оқушылар бүгінгі сабақта не ұнады, және тілектерін стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.
V. Сабақты қорытындылау.
1. ХІХ ғасырда қалалардың өсуіне не себеп болды?
VІ. Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.
VІІ. Үй тапсырмасын беру.
§ 26 Қазақстанның экономикалық дамуы» тақырыбы бойынша 157-беттің оқу, тақырып бойынша хронологиялық кесте толтырыңыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.