.
.
Тақырыбы: Қазақстан халқы Қазақстан халқы.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1701 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:Оқушыларға Қазақстанның қалай көп ұлтты мемлекетке айналғаны жайлы түсінік беру
Міндеттері:
1.Білімдік – Қазақ халқының басынан өткен түрлі тарихи оқиғалар жайлы түсіндіре отырып, көп этнос ұғымына терең тоқталу
2.Дамытушылық – Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық әрекеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік – Қазақстандық патриотизмге, өз елін, жерін сүюге, ұлттық татулыққа тәрбиелеу
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: ауызша сұрау, ой қозғау, ойын технологиясының әдістері, интерактивті тақтамен жұмыс, топтастыру, тест жұмысы, үлестірме карточкамен жұмыс, вен диаграммасы, суретпен жұмыс, кестемен жұмыс
Қолданылатын көрнекі құрал – жабдықтар: Оқулық, тірек сызба, интерактивті тақта, карточкалар, суреттер, хрестоматия
Сабақтың тірек ұғымдары: Этнос, Диаспора
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2.Үй жұмысын тексеру:
• Суреттеу – Қазақстанның табиғаты қандай? (суретпен жұмыс)
• Аймақтық компонент - 37 беттегі 5 тапсырма - Өздерің өмір сүретін өлкеде қандай кен орындары бар?
• Қатармен жұмыс: Кесте бойынша әңгімелеу
1 қатар – Қазақстанның таулары
2 қатар - Өзен, көлдер
3 қатар – Жануарлары, құстары
• Картамен жұмыс – картаны пайдалана отырып, ірі тау, өзен, көлдерді көрсету
• Қорытындылау.
Бақылау жұмысына даярлық (Қайталау)
1.Сәйкестіру тесті - кітаптың авторларын тап?
Птолемей - География
Ремезов - Сібірдің сызба кітабы
Әл – Идриси – Жер беті туралы суреті
Әл – Хорезми – Жер жайындағы кітабы
Аяқталмаған термин?
• Топонимика дегеніміз – жер – су аттарын зерттейтін ғылым
• Карта немісше – түпнұсқа дегенді білдіреді
• Археология дегеніміз - адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттеу
• Тарих дегеніміз – оқиғалар жайлы әңгіме
• Ономастика дегеніміз – атаулар тарихын зерттейді
3.Жаңа сабаққа әзірлік
Ой қозғау:
1.Балалар Қазақстан көп ұлтты мемлкет дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Қазақстанның басынан қандай қиын – қыстау, зобалаң кездер өткенін бастауыш сыныптардан білесіңдер
3.Жаңа сабақ
Топтастыру
Ұжымдастыру, Индустрияландыру, Аштық, Репрессия, Қоныс аудару, Тың игеру,
Терминдерді түсіндіру:
Этнос – белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ
Диаспора - өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ
Жер бетінде 3000 – дай этнос бар, Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері бар
Оқулықпен жұмыс:
Қазақстанға көшіріліп әкелінген ұлт өкілдері:қашан,қанша, қай жерден, кімдер?
1937 жылы – Қиыр Шығыстан, 96 мың, кәріс
1940 – 1941 жж – Батыс шекарадан, 105 мың поляк
1943-1944 жж – қалмақтар, қарашай, қырым татарлары, балкарлар, чешендер, ингуштар
1954 -1965 жж - Тың игеру кезінде 2 млн орыс, украин
Жетелеу сұрақтары:
1.Балалар қалай ойлайсындар неге бұл ұлт өкілдерін Қазақстанға жер аударды?
2.Қазақ халқы бұл ұлт өкілдерін қалай қарсы алды?
Конституциядан үзінді оқу:
Дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін ұлт өкілдері тең.
Мемлекет басқа ұл өкілдеріне қандай көмек көрсетуде?
1.Жастарға жоғары оқу орындарына түсуге
2.Ересектерге жұмыс істеуге
3.Қысымшылық көрсетпеу
4. Бекіту кезеңі
Қатармен жұмыс
1.Сипаттау- қазақ халқын сипаттау
2.Қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы айту
3. Қазақтардың басқа халықтардан ерекшелігі неде?
Т – кестесі: Мемлекет басқа ұл өкілдеріне қандай көмек көрсетеді, қандай талап қояды? Мемлекет
Қолдау көрсетеді Талап етеді
5.Үйге тапсырма беру
1.Ұлттық татулықты бейнелейтін сурет салу
2.Вен диаграммасы – қазақ халқы - орыс халқын салыстыру
3. Шетелдегі Қазақтар жайлы қосымша мәлімет әкелу
4.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет (шығарма, эссе, өлең шумақтары)
5. сұрақ тест құру
6.Бақылауға даярлық
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.