Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнері. -

Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнері.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3334 | Размер: | Автор: гость
. 7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері-кесенелер,қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Кесенелерді, олардың безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен таныстыру.
Тәрбиелік: Тарихи ескерткіштерді қорғауға, өнер ескерткіштерін ұғынып, бағалай білуге, өз ұлтының мәдени өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Семинар,саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, пікір алысу, баяндау, саяхат.
Сабақтың көрнекілігі: «XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан» картасы, кесенелер суреттері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
2. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр. «Қобыланды жыры».
3.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр. «Ер Тарғын», «Орақ-Мамай».
4. XIII-XV ғасырларда дамыған ауызша поэзияның белгілі өкілдері. Асан Қайғы, Кетбұға.
5. XIV-XV ғасырлардағы жазбаша әдебиет туындысы. «Оғызнама».
6. XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды. «Оғызнама».
7. XIV-XV ғасырларда жазылған өзбек ақыны Хорезмидің туындысы. «Мухаббатнама».
8. Қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың шығармасы. «Хұсрау мен Шырын».
9. XIV-XV ғасырларда жазылған Дурбектің шығармасы. «Жүсіп-Зылиха».
10. XIV-XV ғасырлардағы еңбектердің ішіндегі халықаралық қатынастары сөздік ретінде пайдаланылғаны: «Кодекс куманикус».
11. Орта ғасырдан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер: «Ескендір», «Шора батыр».
12. Діни наным-сенімдердің қандай түрлерін білесіңдер? Мұсылман діні қай хандар кезінде кеңінен тарала бастады?

Тест.
1.Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделеді?
А) Мал басынан алынатын
В) Саудаға
С) Қолөнерге
Д) Жер өңдеу кәсібіне
Е) Егін шаруашылығы
2. XIV-XV ғасырларда жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған:
А) Тымақ киген
В) Бөрік киген
С) Сәукеле киген
D) Айыр қалпақтар киген
Е) Құлақшын киген
3. Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз:
А) «Жоямерген»
В) «Жерден шыққан Желім батыр»
С) «Ел айырылған»
D) «Ақсақ құлан»
Е) «Күннің баяны»
4. Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтындарын жазған:
А) Хорезми
В) Ш.Уәлиханов
С) В.Рубрук
D) Дурбек
Е) Кутб
5. XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты:
А) «Оғызнама»
В) «Хұсрау мен Шырын»
С) «Кодекс куманикус»
D) «Жүсіп – Зылиха»
Е) «Мухаббатнама»
Жауаптары.§32.XIV-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ.
1 2 3 4 5
А Д Е С С

III.Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сәулет өнері.
2. Қ.Йассауидің кешенді кесенесі.
3. Көккесене, Алаша хан кесенесі.
4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.
5. Отырар
6. Қолданбалы өнер.
Миға шабуыл:
1. Сәулет өнері туралы не білесіздер?
2. Кесене деген не?
Жауабы:
1. Сәулет өнері (архитектура) –құрылыс, тұрғын үй салу және жобалау өнері.
2. Кесене - қайтыс болған адамдардың басына тұрғызылған құрылыс.
Жаңа сабақ бойынша тірек конспект.
Сәулет өнері. Қазақстанда X-XII ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған еді. Оның басты дәлелі Тараз қаласының маңындағы Айша -Бибі, Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары. XIII ғ.Монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен нұқсан келтірді. XIII ғ. екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастады.
Арыстан баб кесенесі – Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Кесенеде 2 бөлме бар. Қожа Ахметтің рухани ұстазы болған. XIV ғасырда құлап қалған күмбезді Әмір Темір қайта салғызды.
XIX ғасырда кесене бірінші рет жөндеуден өткен.
Қ.А.Йасауидің кешенді кесенесі- XIV-XVғасырлар аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Жазба деректерге қарағанда 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Залдың ортасында 1399 жылы жасалған үлкен тайқазан тұр. Бөлмелердің ішіндегі ең негізгісі- кітапхана.Басты бөлме – көрханада Ахмет Йасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің биіктігі – 37,5м. Бөлмелер саны – 35.
Көккесене – Ақ Орданың орталығы болған Сығанақ қаласынң маңында, Төменаралық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене.
Алаша хан кесенесі- XIV-XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір есерткіші. Күмбез Ұлытай ауданындағы Қара-кеңгір өзенінің жағасына салынған. Қабырғалары: сыртқы жағынан кереге көзд кілем тәрізді.
Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі – XV ғасырлардың екінші жартысында салынған
тағы бір ескерткіш - жартылай сақталған. Кесене Қожа Ахмет Йасауи ғимаратының шығыс жағында 60 м жерде орналасқан.
Отырар – археолог ғалымдардың пікірлері бойынша, Отырар мешіті үш-төрт күмбезді болған. Отырар қаласындағы күрделі архитектуралық құрылыстың ішінде көпшілікке арналаған моншалар ерекше назар аударады.

Қолданбалы өнер – сәулеттік құрылыс жүйелерінің ажырамас бір бөлігі. XIV-XV ғасырдың сәулет өнерінің жаңа үлгілері ғимаратты күмбез шатырмен жабу қалыптаса бастады. Ғимарат сәнді болу үшін шебер:Біріншіден , кірпіш сапасының жоғары болуына және оның оның көлеміне қатты көңіл бөледі. Екіншіден, кірпіштердің бір жағына түрлі-түсті әйнек сыр жалатуына назар аударған.
Дәптермен жұмыс. I тапсырма. Мазмұны жағынан бір-біріне үйлесетін кесте ұяшықтарын сәйкес сандармен белгілеп,сәйкестендіру.
1.Сәулет өнері «Құдайлар мекені»
2.Пантеон Үстіне киіз үй орнатылған арба
3.Дың Құрылыс,тұрғын үй салу,жобалау өнері
4.Күйме «Үйтас»

II тапсырма. Оқушыларға тірек сөздерді пайдаланып,Қожа Ахмет Иасауи кесенесін сипаттап жазу.
Тірек сөздер: Түркістан, Әмір Темір, 37,5 м,тайқазан,кітапхана,басты бөлме, құйма кірпіш.
III тапсырма. Кім жүйрік математикалық ойыны.Математикалық есептерді шешіп, тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.
997+400=1397 жыл(Әмір Темір Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға бұйрық берді)
900+409=1399 жыл(Залдың ортасындағы үлкен тайқазан жасалған)
1185+300=1485 жыл(Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы Бегім қаза болды)
IV тапсырма.Сөйлемдерді аяқтау.
1.Сәулет өнері Қазақстанда X-XII ғасырлада _____ _____ өркендеген.
2. XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің үлгілеріне _____, _____, _____, _____кесенелері жатады.
3. Бөлмелердің ішіндегі негізгісі-______.
4.Алаша хан кесенесінің құрылыс жүйесіндегі өрнек үлгілері_____ ______ өнерінде кездеспейді.
Жауаптары:
1. Қарахан мемлекетінің кезінде.
2. Арыстан баб,Қожа Ахмет Иассауи, Көккесене, Алаша хан.
3. Кітапхана.
4. Орта Азия сәулет өнерінде.
V. Анаграммаларды шешу ізденушілік тапсырмасы.

Кістүртан Түркістан
Рімә Рімет Әмір Темір
Шамон Монша
Нахапатік Кітапхана
Назақйат Тайқазан

VI. Кестені толтырыңдар.
Кесенелер.

Кесене атауы.

Орналасқан жері.

Салынған ғасыры.


Бекіту .Фронталды сұрау.
1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
2. XIV-XV ғасырлардағы қандай сәулет өнерінің ескерткіштері сақталған?
3. Қ.А.Иасауи кесенесін кім салдырған?
4. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
5. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан?
6. XV ғасырдың екінші жартысында салынған, жартылай сақталған ескерткіш?
7. Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан кесене?
8. Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған?
9. Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған кесене?
10.Қай жылы Әмір Темір Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға бұйрық берді?
Қорытынды. Бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 33 параграфты оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.