.
.
Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1869 | Размер: | Автор: ТәрбиеСыныбы: 10 «А» Күні 25.10.12
Сабақтың тақырыбы
Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы
Мақсаты
Қазақтардың халық болып қалыптасуында этносаяси қауымдастықтың рөлін көрсету. Халық болып құрылуды жеделдеткен факторларды анықтау. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын көрсету.
Күтілетін нәтижелер
Қазақтардың халық болып қалыптасуын біледі. Халық болып құрылуды жеделдеткен факторларды анықтай алады. Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының орынын біледі.
Керекті жабдықтар Оқулық. Интерактивті тақта. Интернет. Видео - ролик. Орындық.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 минут
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу;
Жүздерге бөлу арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.
(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
Үй тапсырмасын тексеру: Топ ішінде үздік келтірілген мәліметті анықтау.
Амандасады
Топқа бөлінеді
Оқиды, бағалайды, талдайды, үздігін анықтайды, қорғайды.
Тұсаукесер
3 минут
10 минут
2 минут Видео – ролик көрсетіледі. Ролик адресі: http://www.31.kz/kz/video/39153/index.phtml
- Оқушылар, қалай ойлайсыздар , қазақ халқының шыққан тегі бар ма, әлде жоқ па?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, критерилерімен таныстыру.
Аты - жөні
Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуын білу Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының орынын анықтай алу. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын талдау. Қорытынды
Өз бағаң
Көрші
Мұғалім
Көреді, ойланады, сұрақтар пайда болады, ой бөліседі, Ойланады, жауап береді, ой бөліседі, ақпаратпен алмасады.
Қызығушылығы артады, белсенділігі артады, ойланады, ынталанады, жоспарлайды, өз -өздерін реттейді, ойларын жүйелейді
Негізгі бөлім
20
Тақырыпшаларды ашу үшін « 3 қадамдық сұхбат» тәсілі қолданылады. Алдымен топтарға тақырыпшалар бөлініп беріледі.
«Ұлы жүз» тобы: Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы (Белсенді оқу)
«Орта жүз» тобы: Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының орны.
«Кіші жүз» тобы: Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
Белсенді оқиды,жазады, көршісіне түсіндіреді, топта талқылайды, ақпарат береді және алады, тыңдайды, түсінеді, түсінбегенін сұрақ қою арқылы анықтайды.
Қорытынды
5 минут
5 минут «Ыстық орындық» тәсілі арқылы бекіту:
Критериалды бағалау
Үйге тапсырма: Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы қандай оқиғамен байланысты екенін анықтап келу. Мәлімет айтады, ойланады, талдайды, сұрақтарға жауап береді, алған білімдерін саралайды.
Өздерін бағалайды.
Топпен бағалайды
Ізденеді, мәлімет жинайды..
Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақты бастамас бұрын оқушыларың көңіл - күйін біліп, амандастым. Оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым - қатынасты қамтамасыз ету мақсатында ортаға шығарып,сабақтың тақырыбымен байланыстырып 3 топқа бөлдім. Топтарға бөліп болысымен үйге берілген тапсырманы тексердім. Үй тапсырмасын тексеруде оқушыларға топ ішінде бір бірінің орындаған тапсырмаларымен танысып, салыстырып, үздігін анықтауды ұсындым. Нәтижесінде дарынды оқушы Биялиев Рамирдің,талантты оқушы Оқуова Алтынзердің, дарынды оқушы Баянғали Тлегеннің келтірілген мәліметтері үздік болып табылды. Аталған оқушылар өз мәліметтерін жалпы сыныпқа таныстырып өткеннен кейін, сыныпқа интернеттен видео ролик көрсеттім. Роликтің аты «Қазақтың шыққан тегі жоқ па?». Роликті қарап шығысымен оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік беретін сұрақтар қойдым. Сұрақтарға оқушылар үлкен құлшыныспен жауап берді. Жекелеген оқушылар сұрақтарды талдады. Сұрақтар талдап болысымен жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерилерімен таныстырып шығып, оқушыларға тақырыпты тақырыпшалар арқылы зерттеу үшін тапсырмаларды бөліп бердім. Тақырыпшаларды оқушылар жеке оқып шықты, негізгісін дәптерлеріне түсіріп алды, топта талқылады. Осыдан кейін «З қадамдық сұхбат тәсілі» арқылы оқушылар А,В,С,Д деп бөлініп, А тыңдап, В баяндады, сол сияқты С тыңдап, Д баяндады, кейін ролдер ауысты. А мен В талдап болысымен топпен талдады. Талдау аяқталысымен топта үздік талдаған оқушыны таңдауды сұрадым. Себебі, бекіту кезеңінде «Ыстық орынық» тәсілін қолдандым. Әр топтан бір оқушы шығып баяндама жасады. Оқушылар белсенді қатынасты. Өзге топ өкілдері сұрақтар қою арқылы орындықта отырған оқушыны және оның тобын бағалады. Сұрақтардың ішінде жоғары деңгейлі сұрақтар да, төменгі деңгейлі сұрақтар да болды. Жауап берушінің жауабын толықтырамын және өзге топтардың сұрақтарына жауап беруге көмектесемін деген оқушылар да болды. Мысалы: «Ыстық орындықта» отырған Умирбаева Гүлжайнаның баяндамасын толықтырамын деп көмекші ретінде Биялиев Рамир шықты. Топ мүшелері сұрақтарын қойып болысымен оқушылар бағалау парағын толтырды. Сабақ толығымен мақсатына жетті. Себебі, оқушыларым сабақ аяқталысымен өздерінің жұмыстарына көңілдері толып, жақсы жұмыс жасағанары үшін бір бірін қолпаштады. Осының өзінен сабақтың алыдына қойған мақсатына жеткенін түсіндім. Сонымен қоса сабақ барысында оқушылар белсенді жұмыс жасағанықтан өздеріне жоғары бағалар қойған екен. Мен сол бағалаумен келістім.
Сабақ бойынша өзгертулер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.