Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бөкей хандығының құрылуы. -

Бөкей хандығының құрылуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3305 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Жаңа сабақтың тақырыбы: Бөкей хандығының құрылуы
Білімділік мақсаты: Оқушылар Бөкей хандығының Қазақстан тарихында алатын орнын біледі
Күтілетін нәтиже: Ресей монархы І Павелдің жарлығымен танысады, Бөкей хандығының құрылу себебін біледі
Пән аралық байланыс: әдебиет,қазақ тілі, география
Сабақтың барысы:
І.Үйге берілген сабақ «Кубизм» әдісі бойынша сұралады.
1. Зерттеңіз 1. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы
жағдайы қандай болды?
2.Салыстырыңыз 2.Әбілхайыр хан мен Абылай хандарды
салыстыру

3. Суреттеңіз 3. ХҮІІІ ғасырдың аяғында болған
Көтерілістерді сипаттаңдар

Сәйкестендіру тест

М.М.Ломоносов Қазақ жерін алғаш зерттеуді көтерген

П.С.Паллас «Ресей империясының әртүрлі провинциялары
бойынша жасалған саяхат»

И.Г.Георги «Ресей мем, мекендейтін барлық халықтардың,
сондай – ақ олардың тұрмыстық әдет –
ғұрыптарының, тұрғын үйлерінің басқа да назар
аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы»

П.И.Рычков «Орынбор тарихы»

И.К.Кириллов «Қырғыз – қайсақ және қарақалпақ ордалары
туралы түсіндірулер»

И.Г.Андреев «Қырғыз – қайсақтардың Орта жүзінің
сипаттамасы»
ІІ. Жаңа тақырып барысында «миға шабуыл» кезеңінде оқушылар берілген суреттерге қарап өз ойларын ортаға салады және жаңа білім алуға дайындалады
ІІІ. «Мағынаны ажырату» кезеңінде бөлінген үш топ оқулықпен жұмыс жасайды, алгоритм бойынша ассоциация, яғни кластер жасай отырып, жұмыс жасайды.
1-топ Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
2-топ Бөкей хан
3-топ Жәңгірдің билік басына келуі
ІҮ. Эссе жазу (еркін жазу) оқушылар тақтадағы жазылған сөздерді бір – бірімен байланыстырып эссе жазады, тақырыпты ашады.
Ү. Ой толғаныс сатысы (бес жолды өлең әдісі)
1. Зат есім – кім? не? 1 сөз
2. Сын есім – қандай? 2 сөз
3. Етістік – не қылды? не істеді?қайтті? 3 сөз
4. Тақырыпты ашатын сөз тіркестері немесе сөйлем 4 сөз
5. Тақырыптың синонимі (баламасы)
ҮІ.Сергіту сәті:
Секіреміз топ – топ
Шапалақтап көп – көп
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш

ҮІІ. Рефлексия
РАФТ әдісі (бойынша)
Р –рөл, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып
Рөл ретінде мұғалім тақырып айтады. «Бөкей хандығының Қазақстан тарихында алатын орны»
1 – топ. Аудитория (тақырыпқа сипаттама береді)
2 – топ. Форма (осы тақырып бойынша хат, өлең, шығарма т.б жазады)
3 – топ. Тақырып (берілген тақырыпта өздерінің шығармашылығына байланысты өзгертуге болады, тапсырмаға тақырып қойып қорғайды)

ҮІІІ. Тарихи диктант (сөйлемді аяқтау)
1. Ішкі ОРда деп--------------------------------------
2. ---------------- орыс, араб және парсы тілдерін білді.
3. 1827-----------------------------------------------
4. 1832---------------------------------------------
5. 1841------------------------------------------------
6. 1845------------------------------------------------
7. 1872----------------------------------------------
ІХ. Сабақты қорытындылау (экипаж ойыны арқылы)
1 – топ «Сайлау» (мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді)
2 – топ «Барлығы» (мұғалім топтың барлығынан сұрайды)
3 – топ «Делегат» (топ өз іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сұрақтарға жауап беруге жібереді)
Қойылытын сұрақтар:
«Сайлау» тобына
Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады?
«Барлығы» тобына
Бөкей хандығының қазақ тарихында алатын орны.
«Делегат» тобына
Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшуінің негізгі себептерін атап шық.
Х.Үйге тапсырма : Бөкей хандығының құрылуы
Мына терминнің мәнін анықтаңдар (сөздікпен жұмыс): «Бөліп ал да , билей бер» принципі, автономия, салық, мал басына алым алу, аренде (жалға беру), жеке меншік, жер иелену түрі, зайырлы мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.