Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны. -

«Білім биржасы» зияткерлік ойыны.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2044 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Н. МАТАЕВА
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы
«Ж.Құдайбергенов атындағы
орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі.
7 сынып Қазақстан тарихы (сыныптан тыс сабақ)
1.Сабақтың тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
2.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,зеректік,шешендік қабілеттерін қалыптастыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету;
Дамытушылық: Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға оқушыларды дайындау,табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру және оқушылардың танымдық қызығушықтарын арттыру. Ой-өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйрету. ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, информациялық білім беру;
3.Көрнекілігі: Интерактивті тақта. «ХХІ ғасыр көшбасшысы»,
«Миллион кімге бұйырады» зияткерлік ойындарының
желісімен.
4.Сабақтың түрі:Зияткерлік ойын.
5.Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті.
6.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (1-2минут)
Сабақ барысы:
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Тарихи көмбе. Әр көмбенің астында сұрақ жасырылған, сұраққа жауап берсе, тиісті қаржы жинақтайды, жауап бере алмаса сондай қаржы қайтарылады.

ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.

ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды.

ІV тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз атымен және ұранымен таныстырады).
«Болашақ» тобы
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Бәйтерек» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке ұшар қыранымыз.
Мұғалім: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Әзірше әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолыңызда.
Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 доллар. Топ капитаны бағаны 10 доллардан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

10-Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/
10- Ашина» атауы қандай мағынаны білдіреді? /қасқыр/
20- Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603 жылы/
20- Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды қалай атады? /тат/
30-«Диуани лұғат ат түрік» кітабының авторы кім?/Махмуд Қашқари/
30- Бумын қағанның мұрагерін атаңыз?/Қараеске және Мұқан қаған/
40- Түріктер қандай шаруашылықпен айналысқан?Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/
40- Алғаш рет түрік жазуы туралы деректер қалдырған кім?/Византия тарихшысы Менандр Протектор/
50-Сайрам қаласының қытай жылнамаларында атауы /Испиджаб/
50- Батыс Түрік қатынасының жазғы ордасы / Мыңбұлақ/

Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын эксперттер айтады. Жоғары капитал жинаған топ..........................................

Біздің екінші турымыз «Тарихи көмбе» деп аталады. «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафин сөзімен сайысты ең көп капитал жинаған топтан бастаймыз.
ІІ тур. Тарихи көмбе
1. Қаған - жоғарғы үкімет билеушісі
2. Тігіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер - ханның ұрпақтары
3. Уәзірлер – хан кеңесшісі
4. Орда – ханның мемлекеттік саяси –әкімшілік іс-жүргізетін орны
5. Иқта – жер иеленудің бір түрі
6. Иқтадар – жерді иеленушілер
7. Вақваттық – дін басыларға, діни мекемелерге ірі жер иленушілерге, көшпелі әскер басшыларға өсиет етіп қалдырған жер
8. Коммендация – қанаудың бір түрі. 2 түрі болады: үлескерлік, қамқорлыққа алу.
9. Қарахан кесенесі - Айша бибі кесенесі
Бабажа қатын кесенесі -
10. Қаңқаш – Оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құралған кеңес.
11. Руна жазуы – түркілердің көне жазуы
12. Ташнау – жуынды су ағатын құдық. Оны жер астынан қыш құбырмен қала сыртына да шығатын болған.

ІІІ тур. Эрудиттер сайысы.

№1 топқа арналған сұрақтар:
1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/
3. Тәуелсіздік күні /16 желтоқсан/
4. Рыцарьлардың басты кәсібі /соғыс/
5. Жүз жылдық соғыс қай мемлекеттер арасында болды /Англия мен Франция/
6. Король иелігі /домен/
7. Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы қашан болды? /1455-1485жж/
8. 1 км неше метр бар? /1000/
9. «Алтын булла» жарлығы қай императордыкі /ІҮ Карл/
10. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы. /принтер/
11. Тарих атасы кім? /Геродот/
12. Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі қамқоршысы. /атабек/
13. Ұлы Отан соғысы қашан болды? /1941-1945/
14. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым. /жаратылыстану/
15. Жердің су қабатын қалай атайды? /гидросфера/
16. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық/
17. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? /Жер/
18. Мемлекеттің Ата Заңы /Конституция/

№2 топқа арналған сұрақтар:

1. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот - Аман Уалихан ҚР - ның қай рәмізінің авторлары /Елтаңба/
2. Әріптердің рет ретімен тізілген жиыны /алфавит, әліпби/
3. Рыцарь болу үшін үміткердің .......?.......болу керек еді. / жер үлесі, яғни феоды/
4. Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар ...?......және....?.....болып екіге бөлінді. / басыбайлы және ерікті/
5. Жанна д,Арк қай соғыста үлкен рөл атқарады? /жүз жылдық соғыс, Орлеан үшін шайқас/
6. 1 сағатта неше минут бар? /60/
7. Латынның «үлкен үй»деген сөзінен шыққан – Франк мемлекетіндегі V ғ аяғы – ҮІІІ ғ ортасындағы сарай меңгерушісі /Майордом/
8. Ағылшынның, француздың «сөйлеу» деген сөзінен шыққан /парламент/
9. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы /сканер/
10. «Ұлы» сөзінің оған қосылуы шығыс пен батыс өлкелерді байланыстырып жатуынан...... /Ұлы Жібек жолы/
11. Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? /палеолит/
12. Жердің Күнді бір рет айналып шығуынакететін уақыт /жыл/
13. Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым. /археология/
14. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. /Ніл/
15. Жердің ауа қабаты қалай аталады? /атмосфера /
16. Ең кішкентай құс. /колибри/
17. Әл–Фараби дүниеге келген қала /Отырар/
18. 10-12 ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда болған қала саны /37/

№3 - топқа арналған сұрақтар:
1. ҚР Конституциясы қаааййй жылы қааабылданды? /1995 ж/
2. Ислам дінінің негізін қалаушы / Мұхамед/
3. 1 тәулікте неше сағат бар? /24/
4. 1358 ж. Жакерия көтерілісінің басшысы / Гильом Каль/
5. 1356 ж. ІҮ Карл қандай жарлық жариялайды? /Алтын булла/
6. 11-12 ғасырларда үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлердің атауы? / «қоржын үй»/
7. Халықтардың әдет - ғұрып, салт - санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. /этнография/
8. Андроновтықтардың тұрғын үйі неге ұқсас болды? /киіз үйге/
9. Х ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы мешіттердің салынуы туралы жазған /Әл-Макдиси/
10. Күннің шығып, одан соң батып, ертесі қайтадан шыққанға дейінгі аралық қалай аталады? /тәулік/
11. Оғыс қоғамында әскербасылардың аталуы. /сюбашы/
12. Сатұқ Боғра хан қай мемлекеттің негізін қалады? /Қарахан/
13. 9-мамыр қандай мереке? /Жеңіс күні/
14. Ежелгі адамдар аулаған аңдары /мамонт, бизон, аю, т.б./
15. Византияның алтын ақшасы / номисма /
16. Шөлге төзімді жануар. /түйе/
17. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал / король/
18. Қай айда күн бар? /барлық/

Мұғалім: Топ басшысы топ жауаптарын бағалап, ІІІ - тур қорытындысын шығарса. Енді «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. ІІІ турда әрбір топ таңдаған ұяшығы бойынша берілген тапсырманы орындайды. Бастапқы баға - 50 эвро. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.

ІІІ тур. Таңдау – табыс

Cалт-дәстүр
10. Қазақ жастарының сүйіп ойнайтын ойыны, бұл ойын ауыл сыртында
кешкі мезгілде ән-күй құшағында өткізілген.Бұл қандай ойын
(Алтыбақан)
20.Ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі (Асар)
30.Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға
берілуі Оны сақтау үлкен адамгершілік белгісі ретінде саналған
(Аманат)
40.Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе
жатқан күйде тігілген тиынды атып түсіру ойыны?
(Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды.)

Тұлғалар
10. «Қазақ вальсінің каролі» (Ш.Қалдаяқов)
20. «Алгебраның атасы» ( Мұхамед Әл-Харезми)
30. Еділ батырды европалықтар қалай атаған (Аттила)
40. Түркі сақ халықтарының әйел патшасы ( Томирис)

Мемлекет
10. Әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет?- (Ежелгі Мысыр)
20. Шумер-Аккад өркениетінің мұрагері- (Вавилон)
30. «Дон Кихот»шығармасының авторы Сервантестің отаны. ( Испания)
40. Ең алғашқы медициналық еңбектердің, жыл күнтізбесінің авторы
атанған ел (Шумер)

Еркін тақырып
10. Исламның қасиетті кітабы (Құран)
20. 1879жылы алғаш рет қазақ тілінде орыс алфавитімен
Ы.Алтынсариннің жазған оқулығы-
(Қырғыз хрестоматиясы)
30. Қайта өрлеу дәуірінде өнердің қандай түрі үстем болды?.
( Көркем сурет)
40. Орталық Азиядағы түрік тілдес халықтардың бір ұлт есебінде,бір
мемлекет болуға ұмтылу идеясын кім ұсынды. (Мұстафа Шоқай)
ІV тур. «Сыйлықтар аукционына»

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? /70 - ке дейін/

№ 1 лот.
Тілі бар, үні жоқ.
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/
№2 лот.
Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
№3 лот.
Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/ №4 лот.
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді
/қалам/
№5 лот.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында
/сызғыш/
№6 лот.
Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/
№7лот.
Күн - түн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/
№8лот.
Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағанды айтады.
/күнделік/

Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.



20 30 40 50
(Сауда жүргізіледі)
20-Жәнібек пен Керей – қазақ хандығының негізін кұрған хандар
30- Сұрағы: Әлемді адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті: түрі - түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен пішіні, нәсілдері бір – бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?
Жауабы: табиғат ерекшеліктеріне байланысты.
40- Ұлы тұлғалар галереясы.
Сендердің назарларыңа ұсынылып отырған «Ұлы тұлға – бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғанда айтқан сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл ұлы адам кім? Әйтеке би (1683 - 1722)
50- Қазақстан тарихы: Бұл тарихи - мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Жауабы: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі,

ІV тур. «Сыйлықтар аукционына»

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? /70 - ке дейін/

№ 1 лот.
Тілі бар, үні жоқ.
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/
№2 лот.
Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
№3 лот.
Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/ №4 лот.
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді
/қалам/
№5 лот.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында
/сызғыш/
№6 лот.
Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/
№7лот.
Күн - түн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/
№8лот.
Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағанды айтады.
/күнделік/

Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.