Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы. -

Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2386 | Размер: | Автор: гость
. №8. Сабақтың тақырыбы: Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
 Еуропада орталықтанған мемлекеттердің құрылуының қажеттіліктері туралы айту;
 Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
 Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 Үш қауымдық топ теориясының басты қағидасы қандай?
 Шаруалар қандай топтарға жіктелді?
 Шаруалар қандай міндеткерліктер атқарды?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің құрылуы
І сословие ІІ сословие
дінбасылар Дворяндар
ІІІ сословие
шаруалар Ауқатты қала халқы
қолөнершілер Қала кедейлер
2. Еуропадағы сословиелік-өкілдік монархия
 Бірте-бірте мұндай өкілдік билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы – «бас штаттар», Чехия мен Полшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.
Сабақты бекіту:
 Бір орталықтандырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?
 Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтіріп отырды?
 Монархия деген не?
 Еуропа елдеріндегі өкілетті билік түрлері қалай аталды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §12. Қазақстан Республикасының парламенті туралы
http://history.ucoz.co.uk/ сайтынан алынған
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.