.
.
Қазанатов Естай Тоқтыбайұлы Бірінші дүниежүзілік соғыс
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2669 | Размер: | Автор: гостьЖамбыл облысы Шу ауданы
Оразалы батыр ауылы
Ыбырай Алтынсарин
атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Күні__________ 9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1.Бірінші дүниежүзілік соғыс
Сабақтың мақсаты:
Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
Ұлттық рухы биік, бәскеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Еуропа мен Американың жетекші державаларына Азия мен Африка елдерінің отар және жартылай отарларға айналуының қандай себептері болды?
«Империя», «император», «империализм» терминдерінің арасында мағыналық байланыс бар ма?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі
2. Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы
3. Орыс-француз одағы
4. Ағылшын-орыс қатынастары
5. Балқан соғыстары
6. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
7. Марна шайқасы
8. «Верден қырғыны»
Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениетінің дағдырысы болды. Ірі монополистік капитал топтарының арасындағы экономикалық қайшылықтары мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленістіріп соғыстың себептерін туғызды.
Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында болды.
Соғыстың негізгі себептері соғыстың мақсаттарында айқындады. Англия мен Франция Германияның Африкадағы отарларын және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көздеді.
Франция-Германия, Германия-Ресей, Австро-Венгрия-Ресей қашылықтары да елеулі әсер етті.
Антанта Үштік одақ
1. Өндірістің соғыс жағдайына сай қайта құрылмауы. 1. Килль каналы қызметінің жақсаруы.
2. Францияның Бельгиямен екі арадағы шекерада бекінісінің болмауы. 2. Неміс артиллериясының күш қуатының артуы. Крупп зауыттарында зеңбіректердің жаңа түрлерінің шығарылуы.
3. Құрлықтағы әскердің әлсіздігі. 3. Германияның «қауырт соғысқа» дайындалуы
4. Әскери-теңіз флотының дайындығы едәуір жақсы болды. 4. Неміс армиясының сан жағынан артықшылығы. Австрия-Венгрияның әскери қуатының артуы.
Сабақты бекіту:
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?
Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.