Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Біз тарихымызды тағылым етеміз, біз – тарихтың жалғасы». -

«Біз тарихымызды тағылым етеміз, біз – тарихтың жалғасы».

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1636 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№8 орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі Муханова Өтебике Есенқызы

Тарихи-танымдық ойын
Тақырыбы: «Біз тарихымызды тағылым етеміз, біз – тарихтың жалғасы»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарих пәнінен білімін тексеру, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, танымдық үрдістерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған халқына, Отанына деген құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, портреттер, суреттер.

І тур “Көкпар”
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Тәуке ханның заңдар жинағы
2. Қазақстанда 2005 жыл қандай жыл болып жарияланды?
3. Қазақ хандығының алғашқы ханы?
4. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы?
5. Қазақстан автономиясының алғашқы астанасы?
6. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан?
7. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?
8. Ақтабанды-шұбырынды жылдары
9. Қазақтың тұңғыш академигі
10. Қазақстан күміс, қорғасын шығарудан нешінші орында?
11. Отырар қаласы басында қалай аталды?
12. Ноғай Ордасының астанасы
13. Астана қай өзеннің жағасында салынған?
14. 1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстан неше генерал губернаторлыққа бөлінді?
15. Тың игеру жылдары
16. Соғыс кезінде «шығыс кілті» деп қай қаланы айтты?
17. Малдың жаппай қырылуы
18. Мал шаруашылығының түрлері
19. Семей бекінісі салынған жыл
20. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған өлке.

ІІ тур “Тарихи тұлға”
Әр тарихи тұлғаға байланысты сөздер беріледі, оқушы сөздермен танысып кім туралы екенін айтып беру керек. Оқушы жауап берген соң тұлғаның портреті көрсетіледі.


ІІІ тур “Құпия ұяшық”
Оқушылармен «Құпия ұяшық» ойыны ойналады.


ІV тур “Тарихи көмбе” (терминдік сөздің мағынасын айту).
Әр оқушы санды өзі таңдайды, оны ашқан соңжазылған терминге анықтамасын айтып беруге тиіс.

Би – дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.
Революция – қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
Диаспора – басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан алып жерлерге қоныстанған адамдар.
Дуал - балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.
Пұт – салмағы 16 кг.
Отан соғысы – Отанды сыртқы жаудан қорғап қалуға бағытталған азаттық соғыс.
Арыс – бірнеше рудың бірлестігі.
Құшыр – жан басынан алынатын салық.
Інжу – ханның жері деген мағынаны білдіреді.
Ат тұлдау – қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу), асына сою.
Әмеңгерлік - ағасы қайтыс болса оның әйеліне інісінің үйленуі.
Медресе – Ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

V тур Хронологиялық тест
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.