Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дүние жүзі тарихынан біріккен кластардың сабақ жоспары -

Дүние жүзі тарихынан біріккен кластардың сабақ жоспары

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2733 | Размер: | Автор: гость
. Бекітілді:
Мектеп директоры м.а: Тасбулатова М.С.

Дүние жүзі тарихынан біріккен кластардың сабақ жоспары

Сыныбы: 8

Тақырыбы: § 11. Иран.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: XVII - XVIII ғасырлардағы Ирандағы Сефевидтер әулеті билеген елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын айта отырып, халықтың феодалдық езгіге ұшырап, монархиялық тәртіптің орнағандығын әңгімелеу.
Ауған тайпаларының Қандағар жеріне келуін, Сефевид мемлекетінің әлсіреуін, Мир Махмуд басқарған әскердің шабуылы және оның билікке келуі жайлы әңгімелеу.
Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі - сыртқы саясатына шолу жасай келіп, ұзаққа созылған бақталастық күресте XVIII ғасыр соңындағы Каджар әулетінің таққа отырып билеген кезіндегі Иранның жағдайын оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін дамыту, өз бетімен ізденулеріне арналған қосымша материалдарды оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тестпен жұмыс, тірек - сызба, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, сызба кесте, тест жұмысы, семантикалық карта, интерактивті тақта.

Жетекші ұғымдар және негізгі түсініктер.
Сефевид мемлекеті, дивани, хассэ, уакф, мульк, арбаби, райяттар, иляттар, «ұлы уәзір», вилаеттер мен эялеттер, шариғат соты.

Дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 9
Тақырыбы: Иран, Ауғанстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бірінші дүниежүзілік соғыс соңындағы және соғыстан кейінгі Иранның ішкі және халықаралық жағдайын нақты фактілермен сипаттап, оқушылардың назарын Англияның Иранды басып алуына аудару;
Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктеріне тоқталып, Кеңес үкіметінің осында социалистік революция ұйымдастыру әрекетіне түсінік беру.
Иранның (1914-1945) және Ауғаныстанның (1918-1945 ) саяси экономикалық дамуын түсіндіргенде, Пехлеви үкіметінің және Нәдір әулетірнің іс-әрекеттерін ашып көрсету
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін дамыту, өз бетімен ізденулеріне арналған қосымша материалдарды оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1)Семантикалық карта (дұрыс жауапты белгілеу)
Оқиғалар 1400ж 1299ж 1475ж 1684ж 1696ж 1730ж
Түрік сұлтанына Қырым хандығы бағынышты болды.
Түріктер Константинопольге шабуыл бастады.
Осман империясының негізін қалаушы Осман бейдің билікке келуі.
І Петр Азов бекінісін түріктерден тартып алды.
Османдарға қарсы « Қасиетті лига» коалициясы құрылды.
Сұлтан үкіметі Патрон Халилді қолға түсіріп өлтірді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспар.
1. XVII ғасыр Ирандағы Сефевид әулетінің билігі кезіндегі әлеуметтік - экономикалық жағдайы.
2. XVIIІ ғасыр басында Сефевид мемлекетінің әлсіреуі.
3. Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі - сыртқы саясаты.
4. Каджарлар билігі кезіндегі Иранның жағдайы.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: (1слайд-ауызша) 1) лездік сұрақтар
1 ХХ ғасыр басында Үндістан қай елдің отары болды? Англия
2 Ағылшындар 1915-1916жж қандай үнді дәстүріне қол сұқты? Анадан қызына берілетін алтын бұйымдар жинау дәстүрі
3 Қала кәсіпкерлерінің тұрмысының нашарлау себептерін ата Түрлі салықтар, заттардың арзан бағалануы, табыстардың кемуі.
4 М.Ганди оңтүстік Африка одағынан еліне қай жылы оралып, ұлт-азаттық қозғалысты өрістетті? 1916жылы
5 Гандидің «Тұз жорығының» мәні неде? Жергілікті тұрғындарға тұз қайнатып, өндіруіне тыйым салуына қарсылық қозғалыс ашты.
Жаңа сабақтың жоспары:
І Хронологиялық кесте құру
Жылдар Оқиғалар
ИРАН 1914ж
1919ж 9 тамыз
1920ж 5маусым
1941ж 12шілде
1943ж 9қыркүйек
АУҒАНСТАН 1919ж 21ақпан
1921ж
1923ж
1929ж
1931ж 24 маусым


Сефевид мемлекетінің құрамына Иран жерінен басқа XVI - XVII ғасырларда жаулап алған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Мерв қаласына дейінгі Орта Азияның бір бөлігі, Ауғанстанның Герат, Фаррах және Қандағарды қосқандағы батыс жағы мен Белуджистан кірді.(картадан көрсетіледі)

Сабақты бекіту:
«Орнын тап» кітаптан термин сөздерді іздеу ойыны
1. Мемлекеттік меншіктегі жер ... деп аталды.
2. Отбасының меншігіндегі жер... деп аталды.
3. Ірі феодалдардың уақытша пайдаланатын жеке меншік жері... деп аталды.
4. Мұрагерлікпен мәңгі пайдалануға берілетін жерлер ... деп аталды.
5. ... ,... ,... , -діни орындар мен дінбасыларына меншікке берілетін жер.
6. ... егіншілікпен айналысатын отырықшы шаруалар.
7. ... мал шаруашылығымен айналысатын халық.

«КІМ? НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ойыны
1. ХVІІ ғасырда Иранды қай әулет биледі?
2. Иран қандай мемлекет болды?
3. Сефевидтер деген кімдер?
4. Мал шаруашылығында нелер өсірілді?
5. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі?
6. 1729-1735жж аралығында Иран жерін түріктер мен ауғандықтардан азат еткен кім?
7. Нәдір шах қай жылы өлтірілді?
8. ХVІІІ ғасырдың соңында Иранда қай әулет билік етті?

Бағалау:
Үйге тапсырма: §11, №4 тапсырмаға сипаттама беру.

ІІ 1) Бірінші дүниежүзілік соғыс соңындағы Иранның жағдайы
2) Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы.
3) Иранның 1921-1945 жылдардағы саяси –экономикалық даму жолдары.
4) 1918-1945 жылдардағы Ауғанстан. (картадан көрсетіледі)

Негізгі оқиғалар:
• 1920 жылғы 5 маусымда Гилян республикасы жарияланды
• 1925-1941 жылдары- Реза хан Пехлеви билігі орнады.
• 1943 жылғы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады.
• 1918-1928 жылдар-Ауғанстандағы Аманулла ханның реформалық әрекеттері.
• 1921 жылы құлдықты жою заңы жарияланды.
• 1923 жылы Конституцияның қабылдануы

Сабақты бекіту: Сәйкестендіру тесті
1917жылы Иран аумағын үш елдің басқыншылары басып алды. Иран елі ағылшындардың «қамқорлығына» ұшырады.
Ағылшын Иран шартына сәйкес 1919жылы... 1921жылы
1943жылы 9 қыркүйекте Иран соғыс жариялады. Англия, Ресей, Германия
Ауғанстанда жаңа Конституция қабылданды. КСРО
Нәдір хан Ауғаныстан патшасы болды. Германияға
Ауғанстан мен осы ел арасында достық, көршілік қатынастар жалғасты. 1923жылы
Ауғанстанда құлдықты жою заңы жарияланды. 1929жылы

Бағалау:
Үйге тапсырма: §15, №1,2 тапсырмаға талдау жасау.

Семантикалық карта (дұрыс жауапты белгілеу) 8-класс

Оқиғалар 1400ж 1299ж 1475ж 1684ж 1696ж 1730ж
Түрік сұлтанына Қырым хандығы бағынышты болды

Түріктер Константинопольге шабуыл бастады

Осман империясының негізін қалаушы Осман бейдің билікке келуі

І Петр Азов бекінісін түріктерден тартып алды

Османдарға қарсы « Қасиетті лига» коалициясы құрылды

Сұлтан үкіметі Патрон Халилді қолға түсіріп өлтірді


«Орнын тап» кітаптан термин сөздерді іздеу ойыны

1. Мемлекеттік меншіктегі жер . .. деп аталды.

2. Отбасының меншігіндегі жер ... деп аталды.

3. Ірі феодалдардың уақытша пайдаланатын жеке меншік жері... деп аталды.

4. Мұрагерлікпен мәңгі пайдалануға берілетін жерлер ... деп аталды.

5. ... , ... , ... , -діни орындар мен дінбасыларына меншікке берілетін жер.

6. ... егіншілікпен айналысатын отырықшы шаруалар.

7. ... мал шаруашылығымен айналысатын халық.

«КІМ? НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ойыны
1. ХVІІ ғасырда Иранды қай әулет биледі?
2. Иран қандай мемлекет болды?
3. Сефевидтер деген кімдер?
4. Мал шаруашылығында нелер өсірілді?
5. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі?
6. 1729-1735жж аралығында Иран жерін түріктер мен ауғандықтардан азат еткен кім?
7. Нәдір шах қай жылы өлтірілді?
8. ХVІІІ ғасырдың соңында Иранда қай әулет билік етті?

9-класс
Хронологиялық кесте құру

Жылдар Оқиғалар
ИРАН 1914ж

1919ж
9 тамыз

1920ж 5маусым

1941ж 12шілде

1943ж 9қыркүйек

АУҒАНСТАН 1919ж 21ақпан

1921ж

1923ж

1929ж

1931ж
24 маусым

Сәйкестендіру тесті
1917жылы Иран аумағын үш елдің басқыншылары басып алды
Иран елі ағылшындардың «қамқорлығына» ұшырады.
Ағылшын Иран шартына сәйкес 1919жылы...
1921жылы
1943жылы 9 қыркүйекте Иран соғыс жариялады
Англия, Ресей, Германия
Ауғанстанда жаңа Конституция қабылданды
КСРО
Нәдір хан Ауғаныстан патшасы болды
Германияға
Ауғанстан мен осы ел арасында достық, көршілік қатынастар жалғасты. 1923жылы
Ауғанстанда құлдықты жою заңы жарияланды
1929жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.