.
.
Казталов ауданы, Жас ауылы Демократия-халық билігі.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1318 | Размер: | Автор: ТәрбиеЖас негізгі жалпы білім беретін мектебі.
АШЫҚ САБАҚ
Адам. Қоғам. Құқық
9-сынып
Пән мұғалімі: Байжанов Қ.С
Сабақтың тақырыбы: Демократия-халық билігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түрлі басқару жүйелерінің ішінде демократиялық билік жүйесінің алатын орнын көрсету. Оның өзіндік ерекшелігін негізгі қағидаларын ашу, түсіндіру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды демократиялық құндылықтарды құрметтеуге, саяси мәдениетке, саналылыққа, белсенділікке тәрбилеу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (түрлендірілген)
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: ҚР конституциясы, кесте сызба, топшама, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих, экономика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа білімге даярлық кезеңі
ІV. Жаңа білімді меңгеру кезеңі
V. Бекіту
VІ. Сабақты қорытындылау
VІІ. Үйге тапсырма беру
VІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпты ІІ топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Ой талқы» сұрақтар арқылы жүзеге асырылады
- саясат деген не?
- саясаттағы ең маңызды мәселе не?
- саяси мәселелердің сипаттары қандай?
- саясаттағы аса ыждағаттылықпен шешілуге тиісті ерекше мәселелер
- саяси жүйе дегеніміз не?
- саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар
- елдегі саяси ахуалды қалыптастыратын субьектілер
- билік деген не?
- адамдар билік не үшін қажет деп есептейді немесе қолында бар билікті қалай пайдаланады?
- халық пен тобырдың айырмашылығы неде?
2. Топшамамен жұмыс
- төмендегі мысалдардың ішінен билік байқалатын жерлерге «+» белгісін қой
А-тобы
1. Көрменің шешінетін жеріндегі кезекші миллиционердің сөзі:
«келесі секторға қарай өтіңіз, онда кеңірек»
2.Мемлекеттік ірі оқиғаға байланысты парламенттің рақымшылық туралы заң қабылдауы.
3. Президенттің соғыс мүгедектерінің зейнетақыларын екі есе көбейту туралы жарлыққа қол қоюы.
Б-тобы
1. Шығынды кәсіпорынды жабу туралы өкім.
2. Шешесінің ұлына айтқан сөздері: «Сенің бұл балалармен араласуыңа тыйым саламын, өйткені олардың тәрбиесі жаман».
3. Атасы немересіне: «Мен сенің орныңда болсам, бұл институтқа түспес едім»
3.Халық – билік қайнары болуы үшін қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?
ІІІ. Жаңа білімге даярлық кезеңі
Тұтқа болатын сөздер
- әділеттілік - құқықтың сақталуы
- халық билігі - сөз бостандығы
- еркіндік - сайлауға қатысу
ІV. Жаңа тақырып түсіндіру
Жаңа сабақ жоспары:
1. Демократия ұғымы
2. Халық еркінің байқалу тетіктері
3. Демократияның қозғаушы күштері
4. Саяси мәдениеттің тұрпаттары
5. Демократияның орнығуына қажетті шарттар
6. Демократиялық емес режимдер
V. Бекіту
1. Халық билігі жөнінде айтылатын конституция баптарын атау
2. Топтастыру стратегиясы (тоталитаризм, авторитаризм)
3. Мына суреттелген жағдайлардың қайсысында авторитарлық билік қолданылған
1. Автобус жүргізушісі есікті босатып, салонның ортасына қарай ығысуларын талап етті.
2. Шешесі ұлының көшеде сағат 9-дан кейін кешігуіне тыйым салды
3. Әкесі ұлына «Екілік» алып қалса, сойып салатынын ескертті
1. Атасы немересінің Заң институтына түсуін талап етті
2. Тексеруші жолаушылардан билеттерін көрсетуін сұрады
3. Министр шығынмен жұмыс істейтін кәсіпорындарды жабуға бұйырды
4. Қазіргі Қазақстан қоғамына, халқына қандай саяси мәдениет тән? (потриархалдық, бодандық, азаматтық)
Екі топ (А;Б) арасында пікірталас
VІ. Сабақты қорытындылау.
Қорытындылау тұтқа болатын сөздер арқылы жүзеге асырылады.
VІІ. Үйге тапсырма
§ 22 оқып мазмұнын айту. «Адамдар демократиядан не күтеді?» пікір жазу.
VІІІ. Бағалау
Байжанов Кайырлы Сагындыкович
Бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жас ауылы
Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.