Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. -

Дін және мәдениет. Исламның таралуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3908 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Пәні: Қазақстан тарихы
Өтетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Дін және мәдениет. Исламның таралуы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Орта ғасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни –наным .
Дамытушылық: Оқушылардың рухани дүниесін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу, тірек сызба
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Ұлы Жібек жолының карталары, Айша бибі мазарының суреті
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасы
3. Өткен сабақты қорытындылау
4. Жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың жоспары: 1. Ислам дініне дейінгі діни –нанымдар
2. Мұсылман дінінің енуі және таралуы
3. Мұсылман дінінң мәдениет дамуына тигізген әсері.
4. Картаны пайдаланы отырып оқушыларға діннің пайда болуы, діни әдет –ғұрыптар туралы бірнеше сұрақтар қоюға болады. Мысалы:
Зымыран сұрақтар:
1. Алғашқы адамдар арасында діни наным –сенімдер қалаай пайда болды?
2. Көп құдайға табынушылық қалай пайда болды?
3. Ислам діні қай жерде қашан пайда болды?
Ислам дәініне дейінгі әр түрлі діни –нанымдарды түсіндіргенде археологиялық дерекиерге сүйенеміз.
Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік- Шығысындағы қалаларына зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қала тұрғындарының арасында түрлі діни наным-сенімдердің болғаны байқалады.Сырдария боиындағы қалалаларды
Қазғанда қошқар мүйізіне, құс айдарына ұқсас қыш құмыралар табылған. Оқушыларға зороастыралық фарын,
тотемге табыну белгілері жайлы баяндай келіп, отқа табыну әдетіне кеңірек тоқталу қажет.
Құйрықтөбе және Отырар қалаларына қазба жұмыстарын жүргізгенде ХІ-ХІІ ғасырлардағы Отырар қаласындағы
үйлердің ошақтары ерекше безендірілгені байқалған.Мұндай отқа табыну белгісі қырғыз халқында да бар,
олар отқа табынуды «қасиетті Ұмай анамен»байланыстырады. Ал қазақ халқы отқа қасиетті дүние ретінде табынады.
Соған байланысты дүниеге келген «отқа түкірмеу», «от жанған жерді баспау », «түнде от жарқылдатпау» сияқты
әр түрлі ырымдар, жас келін түскенде отқа май тамызу ғұрпы әлі күнге дейін сақталған.
Жетісу аймағында кен тараған діни-наным дәстүрлері заростризм, несториандық түсініктегі христиан діні, буддизм діндерінің салт-дәстүрлері де назардан тыс қалмауға тиіс.


Екінші мәселеде Х-ХІ ғасырлардағы қала мәдениетінің дамуындағы жаңа дін ислам дінінің әсеріне тоқталамыз. Хғ бас кезінде Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ ханның ислам дінін қабылдап, оның баласы Боғра ханның 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жаялағаны белгілі. Оқушыларға түсінікті болу үшін ислам дінінің таралуы туралы деректер келтіреміз. Сондай-ақ әл-Макдисидің орта ғасыр қалалардың мешіттердің көптен салынғаны жайлы хабары да ислапм дінінң орныға бастағанын көрсетеді.
Сонымен қатар ислам дінінің орнығуына байланысты жерлеу дәстүріндегі өзгерістерді айта кету қажет.

Сабақты қорытындылау:
1. Ислам дініне дейін қазатардың сенген діни-сенімдері?
2. Тәңіршілдік дегеніміз не?
3. Отқа, суға және т.б. заттарға сену. Түсіндір.
4. Ислам діні туралы не білесіздер?
5. Ислам дінінің қасиетті кітабы?
6. Ислам дініндегі парыздар?

Үйге тапсырма: 19-параграфты оқу. Ислам діні туралы қосымша деректер жазып келу.

Пәні: Қазақстан тарихы
Өтетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Х-ХІІ ғасырлада ғылымның даму себептері көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың рухани дүниесін дамыту.Ғылыми еңбектерді , көркем шығармаларды түсініп оқуға , ізденіске дағдыландыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа, кішіпейілділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу, тірек –сызба, зымыран сұрақтар
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Ұлы Жібек жолының карталары, ҚР картасы, Әл Фараби, М. Қашғари, Ж. Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауидің портреттері
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасы
3. Өткен сабақты қорытындылау
4. Жаңа материалды түсіндіру

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар
1.Ислам дініне дейін қазатардың сенген діни-сенімдері?
2.Тәңіршілдік дегеніміз не?
3.Отқа, суға және т.б. заттарға сену. Түсіндір.
4.Ислам діні туралы не білесіздер?
5.Ислам дінінің қасиетті кітабы?
6.Ислам дініндегі парыздар?
Сабақтың жоспары:
1. Ғылымның дамуы
2. Тіл білімінің дамуы
3. Әдебиет.
Жаңа сабақты бастау алдымен сабақтың мақсатымен жоспарымен таныстырамыз.
Х-ХІІғасырларда қала мәдениетінің дамуы,ислам дінінің қанат жаюы Қазақстан жерінде ғылыммен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлденгеніне тоқталамыз.
Шығыстың дүние жүзіне әйгілі көрнекті ғалымы Әл Фараби туралы баяндағанда оның суретін картаны пайдалана отырып, өмірі , ғылыми еңбектері жайлы толық мағлұмат беру керек. Тірек кестені пайдалануға болады.



Келесі мәселеде тіл білімінің дамуы ерекшеліктеріне тоқталамыз. Х ғ. Дейін түркі тілдес халықтардың бірнеше қоғамдық мемлекеттік құрылыстардың бастан кешіруі тілдің дамуына кедергі болғаны сөсіз.
Тіл білімінің дамуы туралы түсіндіргенде оқушыларға түсінікті болу мына тірек сызбаны қолданамыз.
Х-ХІ ғасырладағы тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар.

Аты-жөні Еңбектері Не айтылатыны?
1. Махмуд Қашғари (1030-1090) «Диуани лұғат ат- түрік» (Түрік тілдерінің сөздігі) Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Тіл тарихы түрік мекендерінің аталуы, тарихи, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар.
2. Жүсіп Баласағұни (1021-1075) «Құтадғу білік» (Құт негізі- білік) Онда түрік тілдес халықтарымен қөоғамдық-саяси өмірі , әдет-ғұрып, наным-сенімдерінен мағлұмат береді. Философия мен астрономия, алгебра сияқты ғылым салалары да қамтылған

Үшінші мәселеде жазба әдебиетінің даму барысында жазба әдебиетінің көрнекті өкілдеріне тоқталамыз. Көзінің тірісінде- ақ «Ақындардың ақыны», «Даналардың көшбасшысы» деген атқа ие болған әйгілі ақын Ахмед Иугнеки туралы айта келіп, оның бізге жеткен еңбегі «Ақиқат сыйына» тоқталуға болады. Қарахан халқыны түсінікті түрік тілінде жазылған бұл дастанында ақын халықты инабатты болуға, әділеттілікке, білімді болуға жағымсыз қасиетттерден аулақ болуға шақырады.
Оқушыларға шығыстың ұлы ғұламаларының бірі Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаяны, білім алған қалалары жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, олардың А. Яссауи туралы, оның Түркістандағы кесенелері туралы не білетінін сұрап, толықтыра түскен жөн. «Диуани хикмет».
ХІ ғасырда жазылған Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» және М. Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбектерімен таныстыра отырып, осы еңбектерден үзінділер оқылып, оған әдеби талдау жасалуына жағдай туғызса оқушының әдеби білімі, тарихи танымымен ұштасып, онды нәтижеге қол жеткізуге болар еді.

Сабақты қорытындылау:

1. Х-ХІІ ғ.ғ. ғылымның дамуына не себеп болды?
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл Фараби қай жылдары өмір сүрген?
3. Әл Фарабидің қандай еңбектерін білесің?
4. Түрік тілінде алғаш еңбек жазған ғалым кім? Ол еңбек қалай аталады?
5. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім?
6. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Қарахан мемлекеті кезінде ақын кім?

Үйге тапсырма: 20-параграф. Тест, сөзжұмбақтар құрастыру.

Пәні: Қазақстан тарихы
Өтетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ ғ. ортасы-ХVортасы).
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алтын Орда мемлекетінің құрылуы күшейіп, саяси және экономикалық дамуы, әлсіреуц барысын жан-жақты талдап, түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, күшею, ыдырау кезендерінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.Ізденіске дағдыландыру.
Тәрбиелік: АдамгершіліккеОқушыларды елінің тарихына құрметпеумен қарауға,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу, тірек –сызба, зымыран сұрақтар
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасы
3. Өткен сабақты қорытындылау
4. Жаңа материалды түсіндіру

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар

1.Х-ХІІ ғ.ғ. ғылымның дамуына не себеп болды?
2.Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл Фараби қай жылдары өмір сүрген?
3.Әл Фарабидің қандай еңбектерін білесің?
4.Түрік тілінде алғаш еңбек жазған ғалым кім? Ол еңбек қалай аталады?
5.Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім?
6.Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Қарахан мемлекеті кезінде ақын кім?
Сабақтың жоспары:
1. Алтын Орданың құрылуы
2. Алтын Орданың күшеюі
3. Алтын Орданың әлсіреуі
4. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы

Шыңғысханның жаулап алушылық саясаты туралы не білеміз? Еске түсірейік. Картадан Батый ханның кезіндегі Орда аумағын, астанасының қай жерде орналасқанын көрсетеміз. «Алтын Орда» деген атаудың қалай пайда болғанын білу үшін оқушылар оқулық мәтінімен жұмыс істейді.

Алтын Орданың билеушілері Негізгі оқиғалары
Батый хан (1227-1255) Батысқа жорық жасап (1236-1242), көптеген елдерді жаулап алды. Алтын Орда шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түсті. Солтүстік Кавказ, Қырым мойы, орыс княздіктері, шығыс Еуропа елдері Алтын Ордаға алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды.
Берке хан (1256-1266) Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Саяси және экономикалық жағынан дамырп, Египет сұлтаны Бейбарыс пен байланыс күшейе түсті. Мұсылман дінін қабылдады. Ислам дінін мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту мақсатында қолданды.
Мөңке Темір (1266-1280) 1271 ж. Алтын Орданың Египетпен байланысына кедергі келтіруіне тырысқан Византияға жорық ұйымдастырып, бейбіт келісімгі келген. Сауда қатынасы жақсарған.
Тоқты хан (1290-1312) Иран, Кавказ елдерімен сауда қатынасы дамыды. Египет мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста болған.
Өзбек хан (1312-1342) Қалалық өмірдің дамуына көп қөңіл бөлген. Бұл кезеңде мұсылман діні мемлекеттік дін деп жарияланды.
Жәнібек хан (1342-1357) Ғимараттар, мешіттер, медреселер салынып, сауда дамыды.
1357-1380 ж.ж. 20 астам адам хан болып, тақ үшін таластан бірін-бірі өлтірген. 1380 ж. Алтын Орданы Мамай қолбасшылық еткен әскері Куликова даласында Д. Донской бастаға орыс әскерлерінен жеңіледі. Алтын Орда мүлдем әлсірейді.
Тоқтамыс хан Әмір Темір көмегімен Алтын Орда тағына отырған Тоқтамыс 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп қаланы өртеп жібереді. Мауреннахрмен Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды.

Сабақты қорытындылау: Сен-маған, мен- саған ойыны (оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.)
Үйге тапсырма: 22-параграфты оқу. Кестені жаттау

Тілек .

Нұрболатым білімді шәкіртім ,
Сені ешкімге теңемедім,
Алтын асықтай балам едің ,
Сенде бүгін ержетіпсің .

Адыма келгенде қандай едің
Сүп - сүйкімді , аппақ балдай едің
Тап – таза жүрегіңнің соғысынан ,
Ұстазыңды баурап алған едің .

Білімің ұшан – теңіз білемін мен ,
Ақтадың оқуыңмен өзіңде сен ,
Қосағыңмен қоса ағар, бақытты бол .
Ұстазыңның шын жүректен тілегі сол !

Алғашқы ұстазың : Қайырбекова Кұлғайша

6 . 05. 2009 жыл
Қызылтау орта мектебі
Ақшоқы ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.