.
.
Сабақ тақырыбы: Египеттегі ғылыми білім негіздері Египеттегі ғылыми білім негіздері.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1893 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақ мақсаттары:
Білім берушілік: Египетте ең жоғарғы дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің
негізгі заңдылықтарын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан
денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық
ғылыми білімдердің болғандығын баяндай отырып, ой-өрістерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың білім-біліктіліктерін, ойлау дағдылары мен
іскерлік қабілеттерін қалыптастыру. Білім мен ғылымның
Египеттен бастау алғаны туралы әңгімелей отырып,
оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақ әдісі: Жаңа сабақты баяндау, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі Египет картасы, мултимедиалық тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
1. Египетте жазудың шығуы мен дамуы
2. Матеметикалық білімдер
3. Геометрияның дамуы
4. Аспан әлемі
5. Египеттегі медицина
6. Ежелгі Египеттегі мектеп
-Балалар, Ежелгі Египеттің қалай мемлекет болғанын, оның басшыларын, елдегі әлеуметтік жағдай туралы біз өткен сабақтарымызда баяндап, танысқан болатынбыз. Ал, бүгін біз Египеттің ғылыми білімдерімен танысамыз. Ғылым мен білім Египеттен бастау алған екен.
Египетте жазу өнері б.з.б. IV м.ж. пайда болды. Ең алғаш жазулар сурет ретінде салынған. Ең алғаш жазуларды таңбалар мен суреттер құрады. Бұндай таңбалар иероглифтер деп аталды, ал египеттік жазу иероглифика деп аталады. Олардың саны 700-ден аса болды, ал кейінірек тіпті бірнеше мыңға дейін жетті. Иероглифтер ондағы бейнелер қайда қарап тұр, солай оқылады. Оңнан солға немесе солдан оңға. Бірақ иероглифтер адамның бар ойын бейнелей алмады, адамдардың, жердің аттарын суретпен таңбалау мүмкін болмады. Сондықтан бірте-бірте күрделі сөздерді белгілейтін дыбысты таңбалар пайда болды. Египетте 24 дыбысты таңбалайтын алфавиттік жүйе пайда болды. Египеттіктер тасқа, ағаш қабығына, балшыққа, теріге жазған. Соның ішінде ең көп тарағаны папирус өсімдігінен жасалған қағаз-папирус болды. Папирустан жасалған жазуға арналған ленталардың кейбіреуінің ұзындығы 45 метрге жеткен.
Математикалық білімдер. Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығын «математикалық папирустар» дәлелдейді.
Математикадағы жетістіктер:
- Пирамидалар салғанда оның көлемін есептеп отырған.
- Күрделі геометриялық құрылыстар салған.
- Архитектура мен сурет өнерінің бірлестігін анықтап, ұтымды пайдалана
білген.
- Дөңгелек көлемін қандай әдіспен анықтау керектігін білген.
- Түбірасты квадраттарын анықтай білді.
- Кез келген заттың көлемін есептей алған.
-Арифметикалық және геметриялық прогрессия туралы білді.
Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің де бет көлемін есептей білген.
Аспан әлемі. Египеттіктердің астрономия саласына қызығушылығы жоғары болды. Әр түрлі планеталар мен жұлдыздарды айыра білген. Өз білімдерін күнтізбе жасауға жұмсаған. Ең негізгі жұлдыз Сириус болды, египеттіктер оны Сопдет деп атады. Ең алғашқы египеттік күнтізбенің шығуын осы жұлдызбен байланыстырған.
Астрономиядағы жетістіктер:
365 күннен тұратын күнтізбені құрастырды.
Суда ұстайтын шыдамды сағатты ойлап тапты.
Жұлдыздарды жұлдыздар бірлестігіне біріктіріп, оларға атау берді.
Күн сағаттары арқылы күндізгі уақытты анықтады.
Түнгі уақытты анықтайтын жұлдыздар кестесін жасады.
Медицина. Египеттіктердің медициналық жетістіктері біздің күнге дейңн жеткен. Олардың дәрігерлері әр сала бойынша маманданған: біреулері көзді қараған, екіншілері-тіс, енді біреулері-аяқ.
Жетістіктері:
• Әр түрлі аурудың емі жазылған Эберстің папирусы табылған.
• Сүйек ауруларының сипатын жазған Херст папирусы.
• "Книга сердца" кітабында жүрек ауруларының сипатын және оны емдеу жолдары берілген.
• "Книга глазных болезней" көз ауруларының емі жазылған.
Медицина дінмен тікелей байланысты болды. Ауруды емдеуде дұға оқу ерекше орында болды. Храмдарда дәрігерлер өмір сүрді, олар абыздар қызметін де атқарды.
Ежелгі египеттік дәрігерлер адам денесінің құрылысын жақсы білген. Олар дінмен байланыстыра отырып ежелгі адамның денесін келесі жаңа өмірге дайындап, бальзамдап, арнайы ақ матамен ораған (мумиялаған).
Египет балалары білімді мектептен алған. Мектеп сарай маңында және храм қасында орналасты. Мектепте қатаң тәртіп болды. Ережеде мынадай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білгенмен ақылдас».
-Ал, енді балалар алған білімімізді тексеріп көрелік. Ол үшін біз екі топқа бөлініп жарысайық.
Сынып екі топқа бөлінеді. Бір топ «Археологтар», екінші топ «Этнографтар»
- Біз «Пирамида шыңы» деп аталатын ойын ойнаймыз. Пирамида шыңына шығу үшін бес түрлі тосқауылдан өтесіңдер. Қай топ тапсырмаларды тез орындап, көп ұпай жинайды, сол топ жеңімпаз атанады.
Бірінші тапсырма: «Тарихи домино» Екі топқа сөздер жазылған домино беріледі. Сол сөздерден белгілі мағына беретін сөйлем шығарып, ол сөйлемнің қай салаға қатысты екенін айту керек. Ең жоғарғы ұпай 10.
Екінші тапсырма: «Тапқыр болсаң шешіп көр!» Екі топқа екі ребус беріледі. Оқушылар ребусты шешіп, одан шыққан ғылым саласының Египетте қалай дамығаны туралы түсініктерін айту керек.
Үшінші тапсырма: «Ойлан, тап!» Топтарға әріптерінің орындары ауысып кеткен үш сөзден беріледі. Топ мүшелері сөзді дұрыс тауып, ол сөздердің мағыналарын түсіндірулері тиіс.
Төртінші тапсырма: Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты бірінші болып дұрыс шешкен топқа 10 ұпай беріледі.
Бесінші тапсырма: «Тарихи диктант.» Екі топқа бірдей мәтін беріледі. Диктант тарихи болғандықтан онда жылдар, адам аттары, жер аттары қалдырылып кеткен. Оқушылар мәтінге байланысты жыл, адам және жер аттарын дұрыс тауып жазулары қажет.
Тапсырмаларды орындау барысында топтарға берілген ұпай саны есептеліп, көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың бүгінгі алған білімдері мен үй тапсырмалары қатар тексеріледі.
Қорытындылау: -Сонымен балалар бүгін біз Египеттіктердің ғылымы мен білімі қалай, қашан дамығаны туралы мәлімет алдық. Осы Египеттіктердің мектеп ережесіндегі: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білгенмен ақылдас» деген сөзін сендер де өз өмірлеріңнің ұстанымы етіңдер дегім келеді.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: §7. Сұрақтар мен тапсырмалады орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.