Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Елім менің. -

Елім менің.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1346 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Елім менің.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тарих пәнінен алған білімдерін жинақтау, саяси өмірдегі оқиғаларды дұрыс талдап, тұжырым жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: өз елінің тарихын тануға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, плакат т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 2 топқа бөлу:
“олжа”тобы, “береке”тобы
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Бейне сұрақ
3. Сөз саптау
4. Салт- дәстүр
5. Ойлан, тап!
6. Сұрақ бізден- жауап сізден
7. Картамен жұмыс
8. Кім жылдам?

1-тур. Таныстыру (екі топ өздерін таныстырады)
2-тур. Бейне сұрақ:(суреттегі тұлғаларда атау)
«Олжа» тобына: Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы,
Мұқтар Шақанов
«Береке» тобына: Нұрғиса Тілендиев, Әлихан Бөкейханов,
Қайрат Рысқұлбеков
3-тур. Сөз саптау:
«Олжа» тобына: сәнқой, қиянкескі, шүбәлану
Балапан басына, тұрымтай тұсына- өз бетімен кетті.
Аузы аппақ болды- барынан айырылды.
Сырттан тон пішті- құр дорбаланды.
Бәжі басу:
 таңба басу
 киіз басу
 тоқ басу
«Береке» тобына: жұлдызша, жерұйық, қосшы.
Етпен қайнап, сүйекке сіңген- қалыптасқан.
Мысық көмбесі жоқ- бүгері жоқ, ақкөңіл.
Табан жолын көрмеді- аяқ астын көруден қалды, қартайды.

Арамза:
 итке тамақ беретін ыдыс
 мезгілсіз туылған төл
 ашыған сүт

Ән: Ауылым аңсағаным- Жұбаныш Жексен (музыкасы ойналады, қандай
ән екенін оқушылар табу керек)
4- тур: Салт- дәстүр(суреттегі заттардың атын атау)
«Олжа» тобына: қапсырма, торсық, сазсырнай
«Береке» тобына: білезік, жүкаяқ, сыбызғы
5- тур: Ойлан, тап!(топбасшылары жазылған тұлғаларға бағыттап
жанама сөз айтады, тобы жауап береді)
«Олжа» тобына:
1. Абай Құнанбаев
2. Абылай хан
3. Шоқан Уәлиханов
4. Исатай батыр
5. Әл-Фараби
6. Ыбырай Жақаев
7. Құрманғазы
8. Әлия Молдағұлова
9. Наурызбай батыр
10. Төле би

«Береке» тобына:
1. Ыбырай Алтынсарин
2. Әбілқайыр хан
3. Шәкен Айманов
4. Махамбет батыр
5. Қожа Ахмет Йассауи
6. Шығанақ Берсиев
7. Қорқыт ата
8. Мәншүк Мәметова
9. Қабанбай батыр
10. Әйтеке би
Ән: Жаса, Қазақстан- Асқар Жүнісбеков (музыкасы ойналады, қандай ән
екенін оқушылар табу керек)
6- тур: Сұрақ бізден- жауап сізден(сұрақтарға жауап беру)
«Олжа» тобына:
 Қазақстанның тұңғыш астанасы
 ҚР-ның жер көлемі қанша?
 Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
 Қазақстанның рәміздері қашан қабылданды?
 Тудың авторы кім?
 Туларды зерттейтін ғылым
 Тәуелсіздік күні
 Астанамыз Ақмолаға қашан көшірілді?
 Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?
 ҚР-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды?
«Береке» тобына:
 Қазақстанның екінші астанасы
 ҚР-ның халқының саны қанша?
 Қазақстан Каспий теңізі арқылы қандай
мемлекетпен шектеседі?
 Ұлттық теңге қашан айналымға енгізілді?
 Елтаңбаның авторлары кімдер?
 Елтаңбаларды зерттейтін ғылым
 Тұңғыш президент күні
 Ақмола «Астана» деп қашан өзгертілді?
 Қазақстан қай материкте орналасқан?
 ҚР Конституциясы неше бөлім, баптардан тұрады?
Ән: Атамекен- Роза Рымбаева (музыкасы ойналады, қандай ән
екенін оқушылар табу керек)
7- тур: Картамен жұмыс:(жасырылған қалаларды табу)
«Олжа» тобына: Қостанай қаласы
«Береке» тобына: Алматы қаласы
8- тур: Кім жылдам?(жасырылған сөздерді тауып, әріптерден сол сөздерді
құрастыру)
«Олжа» тобына: ерен, елік, келі, ерке, кері, ерік
«Береке» тобына: алты, пана, апан, нала, ақыл, алан,
Ән: Сәлем саған, туған ел! – Маржан Арапбаева (музыкасы ойналады,
қандай ән екенін оқушылар табу керек)

 Қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.