Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Елім менің» интеллектуалдық білім сайысы. -

«Елім менің» интеллектуалдық білім сайысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1696 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Елім менің» интеллектуалдық білім сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білу, тарихи шежірелер мәдениетінің ұлттық рухани танымдық, қасиеті киелі мұралардың қазынасын жас ұрпақтың сана сезіміне сіңіру.
Көрнекілігі: «Елім менің » интеллектуалдық жарыс сабағы
Сәйгүлікті құйрық жалы таралған
Сүйетұғын қазақ осы қараңдар
Қазақ осы күй шығарып, ән салып, көкпар тартып қыз қуға жаралған
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар «Елім менің» интеллектуалды жарысына қош келдіңіздер.
Ойынға 11 а,б сыныптарынан 2 топ қатысады.
«жас түлек» 11 б сынып. «тапқырлар» 11 а сынып
Топ жетекшісі:Әуесбекова М Топ жетекшісі: Қалмұратова А
Топ жетекші өз тобындағы мүшелерін таныстырады.
1.«Бейне ролик»
Экраннан балалық шағымның аспаны фильмінен үзінді .К ілемді көршісі балғар ұлтына берді. Дұрыс жауап 30 ұпай.
«Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасының бекітілуі. 2004 ж 13 қаңтар
Дұрыс жауап 30 ұпай
2. «Жылдар құпиясы» дұрыс жауап 10 ұпай
1465-1466 ж -қазақ хандығы құрылды
1511-1518 ж -Қасым ханның билік құған жылдары
1538-1580 ж -Хақназар ханның билік құрған жылдары
1582-1598 ж -Тәуекел ханның билік құрған жылдары
1598-1628 ж -Есім ханның билік құрған жылдары
1628-1652ж -Жәңгір ханның билік құрған жылдары
1680 ж -Жоңғар шапқыншылығынан аман қалған қала Түркістан
1710 ж-Қарақұмда бас қосты

3. «Ұяшық таңдау» 10,20,30,40,50 балл жинақтайды.
Тіл
10-қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер,оның ішінде қыпшақ тілдеріне)
20-Қазақ тілі тарихында қандай алфавиттер қолданылады? Қашан? (қазақ тілі тарихында үш алфавит болған 1 араб алфавиті1929 ж дейін,2 латын алфавиті 1929-1939 ж ж, 3 орыс алфавиті 1940 ж бүгінге дейін)
30-тіл туралы мақал мәтел айт? Өнер алды қызыл тіл, тіл жоқ жерде ұлт жоқ,
Тәрбие басы тіл
40-Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар қандай? (құтадғу білік-Ж.Баласағұн, Диуани –лұғат-ат түрік –М.Қашқари)
50-Мемлекеттік тіл қай жылы қабылданды? (1993 ж 28 қаңтар)
Әдебиет
10 – «Қыз Жібек» жыры не туралы? (жыр махаббат туралы)
20- «Абай жолы»роианын кім жазды? ( М.Әуезов)
30-В.В.Радлов қандай әдеби ескерткіштерді зерттеген? (Орхон-Енесей)
40- «Ақ жайық» романының авторы кім? (Х.Есенжанов)
50- Кім қайда туған? А.Құнанбаев 1845-1904 ж Ы.Алтынсарин 1841-1889 ж
М.Әуезов 1897-1961 ж
Тарих
10-Ханның кеңесшісі кім болған? (би)
20- 1991 ж ғарышқа ұшқан ғарышкер? (Т.Әубәкіров)
30- Не артық? 1 Тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты, кішкентай
2 Ту, елтаңба, астана, әнұран
3 Ресей,Қытай; Франция, Қырғызстан
40- 1917 ж қазақтардан тартып алынған десятиналық жер көлемі? ( 45 млн)
50-Бұл жылдар не болды? 1992 ж 4 наурыз-Қазақстан БҰҰ кірді
1998 ж 6 мамыр-Ақмола Астана деп аталды
2010 ж 1-2 желтоқсан- Қазақстан ЕЕҚҰ басқарды
2011 ж 6 ақпан-қысқы Азиада өтті
Өнер
10- Қазақстанның тұңғыш суретшісі кім? (Ә.Қастеев)
20- М.Әуезов атындағы драма театр қай қалада? (Алматы)
30-Ойды жалғастыр ? Қазақстанның тұңғыш киносы «Амангелді»-бірінші дыбысты фильм «Амангелді»түсірілді 1938 ж
40-Не артық? 1 шаңырақ, терезе, кереге ,уық
2 Мүсінші, зергер, мұғалім, суретші
3 Ғылыми,мультипликаациялық, білімділік, деректі, көркем
50- 70-80 ж халықаралық сайыстар лауреаты атағына ие болып,көптеген шет елдерге танылған әнші? (Р.Рымбаева)
Спорт
10-Балуан шолақ кім? (күрескер,палуан)
20-Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион қай қалада? (Астана)
30- Не артық? 1 коньки,шаңғы, кітап, шана
2 жүгіру, оқу, секіру, ойнау
3 футбол, волейбол, баскетбол, бокс
40- Денсаулық жылы қай жылы болып белгіленді? (2002 ж)
4. «Отан туралы мақал » екі топтан қайсысы көп айтады. 1 ұпай
5. «Жорға» бөлімінде 1 минут ішінде неше сұраққа жауап береді.1 ұпай
1 топ
1 А.Байтұрсынов Орынборда тұрған жыл -1910-1971 ж
2. А.Байтұрсыновтың өлеңдер жинағы –маса
3. Алаш үкіметі таратылды-1920 ж9 наурыз
4. Біржан-Сара операсын қойған сазгер –М.Төлебаев
5.Бүкіл Түркістанның бас діни орталығы- Түркістан
6. Гередот сақтарды атады- массагеттер
7. Гурьев қаласының атауы- Атырау
8.Ғұн державасының негізін қалаған –Мөде
9. Дәулеткерейдің бізге жеткен күйлерінің саны-40 жуық
10. Дөңгелектері бар қозғалмалы үй-күйме
11. Дутовқа қарсы бүкіл әскерді басқарған кім-Фрунзе
12.Еділ қайтыс болған жыл-453 ж
13. Ералы кіші жүздің ханы болып сайланды-1791 ж
14. Естайдың әні- Майда қоңыр
15. Жас қазақ ұйымы құрылды-Ақмолада
16. Жаяу Мұсаның туған жері-Баянауыл
17. Жоңғар аймағын кім жаулап алды-Қытай
18. Көшпелілердегі күзгі жайылым-күзеу
19. Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілген жыл-1929 ж
20. Қазақтың атақты кинорежиссер-Ш.Айманов
2-топ
1 А.Құнанбаев орыстың ақыны Пушкиннен аударған шығармасы-Евгений Онегин
2. Абылай жоңғар тұтқынына түсті-1741ж
3. Алаш партиясы құрылды-1917 ж
4. Бірінші бес жылдық-1928-1932 ж
5. Бірінші қазақ-бұқар соғысы болған жер –Айғыржар
6. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы-епті адам
7. Ғұлама әлФараби туған қала-Отырар
8. Ғұн тайпаларының атауы-Шаньюй
9. Дина Нүрпейсованың күйі-Көңілашар
10. Дүниежүзіндегі этностардың саны-3 мыңдай
11. Діни жер иелігі-вақф
12. Ежелгі адам- епті адам
13. егіншілердің жер жырту құралы-тесе
14. Жалғыз аяқ жарым патша күйлерінің авторы-Ықылас
15. Жас арбакештер одағы құрылды- Петропавлда
16. Жаяу Мұсаның туған жылы -1835 ж
17. Жетісу өлкесіндегі ірі жәрмеңке-қарқара
18. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары-Жайлау
19. Кіші жүздің соңғы ханы-Шерғазы
20. Майдақоңыр әнінің авторы-Естай
6. «Сөз құрау» берілген әріптерден сұраққа байланысты сөз құрау 1 ұпай
1 топ АРАЖОЛЫБ әріптерінен сөз құрау (Арба, обал, ажал, обыр, жара, бала)
2 топ ҚҢЫТАЛАШ әріптерінен сөз құрау (алаш , шала, тана, алшы, шана, атан, тала)
7. «Сипаттау» екі топқада екі түрлі зат әкеледі
1-топқа –қамшы (6,8,12,24 өрмелі,алақаны-теріден жасалады,сабы)
2-топқа –асық (алшы, мал сүйегі)
Жарыс соңында екі топтың ұпай сандары есептеледі.Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Қорытынды: жеңімпаздарды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.