Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан». -

«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан».

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7763 | Размер: | Автор: Тәрбие
. 6 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Темір дәуіріндегі Қазақстанның тарихы, мал шаруашылығы, баспанасы, тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімін арттыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, қабілетін дамыта отырып, өз бетімен ізденуге, оқулықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа және де бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО старатегиясы - ой қозғау, топтастыру, қызығушылықты ояту, шығу парағы,бағалау парағы.
Сабақтың түрі: ашық сабақ, жаңа танымдық сабақ, интербелсенді сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта , слайдтар, карта, тірек-сызбалар, ермексаз, темір, ағаш, түрлі-түсті қағаз, кескін карта, т.б.
Пәнаралық байланыс: География , химия, биология, технология, сурет.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап,бағалау парағын тарату.
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме ? Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі қазақ тілі мен тарих апталығы аясында өткізіліп отырған, ашық сабағымызға қош келдіңіздер ! Ашық сабағымыздың тақырыбы «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» деп аталады. Сабағымызды бастамас бұрын 4 топқа бөлініп алайық: І-топ Кеншілер, ІІ-топ Археологтар, ІІІ-топ Тарихшылар, ІҮ–топ Сәулетшілер
Сабағымызды « Кім жылдам ?» ойынынан бастайық.
ІI.Қызығушылығын ояту кезеңі:
« Кім жылдам ?» ойыны.(әр топқа сұрақтар қойылады,тез жауап беруі керек).
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді? (3: тас дуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)
2. Тас дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б. 2,6 млн – б.з.б.3 мың жыл)
3. Тас дәуірі неше кезеңіге бөлінеді? (3: палеолит, мезолит, неолит)
4. Адамдардың ең алғаш қолданған металы? (мыс)
5. Мыс-тас ғасыры қалай аталды, кезеңі? (энеолит – б.з.б. 3000-1800 жыл)
6. Тас дәуіріндегі адамдардың негізгі шаруашылықтары? (аңшылық, терімшілік)
7. Малды қолға үйреткен кезең? (мезолит)
8. Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б.2 мың – б.з..б. 8 ғасыр)
9. Қола дәуірін зерттеген ғалымдарды ата (Қ.И.Сәтбаев, В.П.Алексеев, Ә.Х.Марғұлан)
10. Қола дәуірінің ескерткіштерін атап, картадан көрсет (Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Солтүстік Қазақстандағы Арқайым қонысы, Шағалалы қонысы, Жетісу, Таңбалы тас, т.б. )
11. Алғашқы адамдардың көзқарастары бойынша қандай түсініктер қалыптасты? (тотемизм, анимизм, фетишизм)
12. Жеке меншік қай дәуірде қалыптасты? (қола дәуірінде)
Ой қозғау: «Темір» дегенде ойымызға не келеді, көз алдымызға не елестейді? Әрқайсысымыз дәптерімізге жазып, топпен ақылдасып, «Жүзім шоғын жасаймыз» 1 мин, әр топ оқып, қабырғаға іледі.
III.Жаңа мағынаны тану:
Жаңа сабақты меңгерту. (Жаңа сабақтың жоспары слайдтың көмегімен интерактивті тақтадан көрсетіледі).
Жоспары:
1.Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері
2. Темір дәуіріне сипаттама
3. Ертедегі темір өндіру
4. Көшпелі мал шаруашылығы
5. Көшпелілердің баспанасы
«Адамды адам еткен еңбек» демекші адамдар еңбек ету арқылы сана-сезімдері жетіліп, ойлау қабілеттері артып отырды.
Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір – өте берік, әрі салмақты металл. Темірден жасалған құралдар тас және қоладан жасалған құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді. Темірді ертеде «Аспан тасы»не «жұлдыз тасы» деп атаған.
Бүгінгі таңда Қазақстан темір қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін 3 - орын алады.
Осы кендердің барлығы 3 кен байыту комбинаттарында өндіріледі: Соколов - Cарыбай, Лисаков, Қаражол.
Темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді: ерте темір дәуірі – б.з.б.ҮІІІ - ІІІ ғасыр, кейінгі темір дәуірі – б.з.б. ІІІ ғасыр- б.з. Ү ғасыр.
Темір дәуірі Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы мен көшпелі мал шаруашылығының дамуымен ерекшеленеді.
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар: сақтар, үйсін, қаңлы, ғұн, сарматтар.
Темір табиғи жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады.Темірді пеш-көрікпен өндірген-1530о.
Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, қыста – қыстауға үзбей көшіп жүрген.

Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады.
Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.
Топтарға тапсырма: орындауға -10 мин, қорғауға – 5 мин.
І - Кеншілер – темір металына сипаттама, темір өндіру(пеш көрік жасау)
ІІ- Археологтар – темір дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның қай жерлерінен табылды?
ІІІ – Тарихшылар – темір дәуірінің кезеңдері, көшпелілердің шаруашылығы
ІҮ – Сәулетшілер - көшпелілердің баспаналары
ІҮ. Ой толғаныс
Сабақты бекіту сәті.
БББ кестесін сызу.
Ү. Үйге тапсырма:
§ 11-12 оқу, кескін карта түсіру, БББ кестесін аяқтау, темір металына байланысты қызықты, қосымша деректеме әкелу.
Бағалау: Сабаққа қатысқан топтарды бағалайық. Топ басшылары қорытынды бағаларын айтып,бағалау парағын өткізіңіздер.
Шығу парағын толтыру. Бүгінгі сабақ бойынша шығу парағын толтырайық:
1.Нені үйрендік ?
2. Сұрақ,пікіріңіз
3.Ұсыныс.
Қорытынды
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді. «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.