.
.
Пән: Ежелгі дүние тарихы Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2092 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: 23.Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты мен таныстырып, Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі туралы мағлұмат бере отырып, б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлардағы Грекияның негізі кәсіптерімен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректермен, ақпарат құралдарымен таныстыра отырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Тәрбиелілік: Еңбек ету арқылы өнерді дамыту нәтижесінде гректердің өз кезіне лайық өнер ошақтарының салаларын дамыта отырып,дүниежүзілік өнердің көркеюіне үлес қосқандығына тоқталып, оқушыларды ізгі дәстүрлерге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: Тірек-сызбалар, презентация Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылаардың сабаққа қатысу даярлығын, оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақтың мазмұны
1.Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты. 2.Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі. 3.Б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлардағы Грекия
1. Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты. Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері – таулы жартасты. Онда жүзім мен зәтүн ағаштары жақсы өскен. Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр. Олар: Эгей, Иония және Жерорта теңізідері. Табиғат жағдайына байланысты Грекия үш бөлікке – оңтүстік, орта және солтүстікке бөлінеді. Оңтүстік Грекияны – Пелопонес, ал орта Грекияны – Аттика аймағы деп атайды. Теңіздерде аралдар көп. Олардың ең үлкені – Крит аралы.
2. Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі. Грекияда Крит-Ахей өркениеті б.з.б. 2000 жылдары қалыптасты. Криттегі ең ірі Кносс пен Фест болды. Археологтар Кносс қаласынан көп қабатты үлкен сарай қалдығын тапқан. Бұл сарайда Криттің ең атақты патшасы Минос тұрған.Сарайды сәнді салтанат өткізген залдарының қабырғалары фрескалармен (фреска – әшекейленген сурет, сылақ кеппей тұрып, қабырғаға салынған) өрнектелген. Сарай қабырғаларында суретшілер салған әр түрлі суреттер бар. Соның бірінде Критте киелі деп саналатын бұқамен шайқас ойыны бейнеленген. Ахей мемлекеті оңтүстік Грекиядағы Пелопонес аймағында орналасқан. Осы аймақта Крит мемлекетінен сәл кейін бірнеше ахейлік қала-мемлекеттер пайда болған. Олар: Микены,Пилос,Тиринф және басқалар. Микены ахейлік мемлекеттер ішіндегі ең ірі, әрі қуаттысы саналды. Микеныдағы қазба жұмыстарын белгілі археолог Генрих Шлиман басқарған.Грекияда мемлекеттер бір-бірімен жиі соғысып отырған. Ал кей жағдайда бірлесіп, басқа елдерге де басқыншылық соғыстар жүргіщ\зген. Б.з.б. 1200 жылы Микенының Агамемнон деген көсемі гректердің біріккен әскерін басқарып, Кіші Азия жеріндегі Троя қаласын басып алды.
3. Б.з.б. ХІ – ІХ ғасырлардағы Грекия. Б.з.б. ХІ – ІХ ғасырларда ежелгі Грекия бірте-бірте алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленушілік құрылыстың белгілері пайда болды. Б.з.б. ХІ – ІХ ғасырларда гректердің негізгі кәсіптері мал және геін шаруашылығы болды. Аттиканның егіншілері арпа екті. Арпа құрғақшылыққа төзімді әрі тез пісетін еді. Одан күлше мен ботқа пісірді. Грекияның орта және оңтүстік аймақтарында жүзім мен зәйтүн ағашын егу кең өріс алған. Зәйтүн ағаштарын өсіру қисапсыз еңбекті талап етті. Зәулім ағаш жемісін қолмен жинап отырған. Зәйтүн жемісінің дәні ерекше майлы болып келеді. Оның майының ең жақсы түрлері тамаққа, дәрі– дәрмекке, ал нашар түрі шырақ жағуға пайдаланылды.Грекияда б.з.б. ХІ ғасырдан бастап темір өңдей бастаған. Темірді өңдеумен бірге, әр түрлі темір құралдарын жасады. Ежелгі гркетер ағаштан кемелер жасаған. Олар үлкен қайықтарға ұқсаған. Гректер бұл кемелермен алыс сапарларға тек тынық күндері ғана, күндіз шығатын. Олар теңізден балық аулаған. ІІІ. Тест тапсырмалары Өтілген тақырыптарды қорытындылау негізінде оқушылар тест тапсырмасын орындайды. IV. Қорытындылау Жалпы сыныпқа төмендегі талдау сұрақтарын қою арқылы сабақты пысықтадым. 1. Картадан Грекияның орналасқан жерін көрсетіңдер? 2.Крит және Ахей мемлекеттері Грекияның қай бөлігінде орналасқан? 3.Ежелгі Грекияда шаруашылықтың қандай түрлері болған? 4.Криттегі ең ірі қалаларды ата? 5. Гомердің шығармалырын ата? V.Үйге тапсырма: 23.Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары оқып келу. «Илиада» және «Одиссея» тақырыбында реферат жазу. VI. Бағалау. Сыныптағы жеке тұлғаларды сабақ барысында жақсы қатынасқанын мадақтай отырып «жақсы», «өте жақсы» деген бағалармен марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.