.
.
№11. Сабақтың тақырыбы: Испания. Италия. Арабтармен күрес Испания. Италия. Арабтармен күрес
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1940 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
1. Испанияны арабтардың жаулап алып мемлекет құруы, арабтар мен испандықтардың реконкиста атты соғысы, испаниядағы күпірлерге қарсы күрес туралы баяндау. Италияның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерінің себептері мен салдарын ашып көрсету. Өткен сабақтағы Испанияның XV ғасырдың аяғына қарай бір орталыққа бағындырылған мемлекетке айналғандығын оқушылардың есіне сала отырып , ол елдің көршісі Италияның не себепті бытыраңқы күйде қала бергендігіне, дегенмен XI-XV ғасырлардағы Италияның экономикалық дамуынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болғандығын, қалалардың тәуелсіздік алып, жоғары дәрежеде дамығандығын айту.
Италияның XI-XV тарихын баяндай отырып, дүние жүзі тарихынан алған білімдерін жетілдіру. Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
ХІ-ХҮғғ. Германия жерлеріндегі саяси даму ерекшеліктері қандай болды?
Германия рыцарьларының мақсат-мүддесі нені көздеді? Мақсаттарына жету үшін рыцарьлар не істеді?
Германияның орта ғасырлардағы қалалары не үшін күресті?
Олардың өзара және шет елдермен байланыстары қандай болды?
Ой қозғау
Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы не айтқымыз келеді?
Италия дегенде көзіме етік елестейді.
Италияндықтар қызу қанды халық.
Өткен аптада Италия премьер министрі Бирлускони келіп кетті.
Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған.
Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей.
Макаронның отаны
Астанасы Рим. Рим архитектурасы өте жақсы дамыған қала.
Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә. Дінішев, Майра Мұхаммедқызы.
Су үстіндегі қала Венеция /«Анна» фильмінен көрген боларсыздар/
Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Италия
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Арабтармен күрес
Пиреней түбегіндегі араб мәдениетінің ықпалы
Кордова халифаты (756-1031)
Ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен
дамыды Қалалар
өсті Медицина, математика, география ғылымдары дамыды
2. Реконкиста. Испанияның бірігуі
3. Католик шіркеуі. Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес
4. Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері
5. Венецияның күшеюі
6. Флоренция
7. Медичилердің банк қызметі
8. Савонарола
Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері.
XI-XV ғасырларда Италия бытыраңқы ел болып қала берді.
Бірақ онда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсті. Қалалардың дамуына кресшілер жорығы себеп болды. Кресшілерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етуед Италия мол табысқа кенелді.Қалалар сауда мен қолөнер орталықтарына айналды.
Қалалар алғаш ірі феодалдардың жерінде орналасқандықан, оларға тәуелді болды. Феодал-мырза пополандар деп аталған қала тұрғындарынан алым-салық жинап, қолөнер мен сауданың дамуына кедергі келтіріп отырды. Қалалардың феодал-мырзаға қарсы күресіне көмектесетін король өкіметі болмады, сондықтан пополандар ұсақ феодалдар-вальвассорлармен одақтасты.
Тынымсыз күрестің нәтижесінде ХІ-ХІІ ғасырларды Венеция мен Генуядан басқа
қалалары дербестік алды. Тәуклсіздігін жеңіп алған қалалар коммуналар деп аталды.Олар өз үкіметтерін құрды.Ол үкімет Коммуналар алқасы деп аталды. Коммуналар алқасы заң шығарды, салық жинады, шаруашылықты басқарды. Салықтан және т.б. табыстардан жиналған қорлар енді феодал-мырзалардың қалтасына емес, қаланың қазынасына түсетін болды.
Ірі,бай қалалар маңындағы ұсақ қалаларды өзіне қосып алып, иеліктерінің шеңберін ұлғайтты. Мұндай ірі қалалар басқа қалалармен, тіпті басқа мемлекеттермен сауда жасау, соғысу, бітім жасау мәселелерін де өздері шеше бастады. Сөйтіп Италияда қала-мемлекеттер пайда болды. Олар Венеция, Генуя, Пиза, Равенна, Флоренция сияқты қалалар е
№ Венеция Генуя Пиза Милан
Саудамен айналысып, ірі сауда орталықтарына айналды. Қолөнер кәсібімен айналысты
олА Италияның оңтүстігіндегі қалалар феодалдардан тәуелсіздігін ала алмады. Олар орталық үкіметке бағынышты болып қала берді.
Бірінші бөлік бойынша қандай жаңа сөздерді меңгердік /терминдер/.
• Кресшілер жорығы-
• Бытыраңқы-
• Пополандар-қала тұрғындары
• Вальвассорлар-ұсақ феодалдар
• Коммуналар-
• Қала-мемлекеттер-
Венецияның күшеюі /Топқа бөлу//
Солтүстік–Шығыс Италияда орналасқан.
Еуропа мен Шығыстың арасындағы сауданың ірі делделдық орталығы болды.
ХІ-ХІІ ғасырларды теңізде үстемдік орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті.
ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап Венециядағы үкімет билігі бай көпестердің қолына көшті. Олар «үлкен кеңесті» сайлайтын.
Кеңестің басында бүкіл өмір бойына сайланған дож тұрды.
Венецияның шет елдерде елшіліктері болды.
XIV-XV ғасырлар Венецияның қуаттылығы жағынан ең жоғары сатыға көтерілген кезі болды. Саудадағы басты бәсекелесі –Генуя қала-мемлекетімен жүргізген күресі 1380 жылы Венецияның жеңісімен аяқталды.
Венеция батыс еуропалық сауданың басым бөлігін өз қолына шоғырландырды.
Венецияның жылдық табысы Франциямен бірдей болды.
1453 жылы түріктердің Константинопольді басып алуы Венеция үшін ауыр соққы болды.Сауда жолы Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысты. Түріктермен соғыста Венеция Балқандағы және жерорта теңізінің шығысындағы иеліктерінен толық айырылды. Ұзаққа созылған Венеция-Түрік соғыстары кейін Венецияның саяси және экономикалық құлдырауының басты себебіне айналды.
Флоренция /топқа бөлу/
Ортағасырлық Италияда өшпес із қалдырған қалалардың бірі Флоренция. Сауда жолдарының тоғысқан торабында орналасқан Флоренция ХІ ғасырдан бастап бінк ісінің, сауда мен қолөнер кәсібінің маңызды орталығына айналды. 1115 жылы Флоренция тәуелсіз коммуна құқығына ие болды.
ХІІІ ғасырдың ортасында пополандардың ықпалы күшейіп , гранттардың (ірі феодалдардың) рөлі төмендей бастады. 1293 жылы Еуропада бірінші рет дворяндыққа қарсы бағытталған әділеттілік ережелері деген конституция қабылданды. Қала халқы «қоңды халық», «жүдеу халық» болып екіге бөлінді.
1252 жылы Флоренция алтын флорин ақшасын шығара бастады. Ол жалпыеуропалық валютаға айналды. Флоренция банкирлері Рим папасымен байланыста болып, олардың шіркеулік салықтарын бүкіл Еуропа бойынша жинауға рұқсат алды.
XIV ғасырда Флоренцияда дүние жүзіндегі ең алғашқы мануфактура ашылды.
Онда негізінен жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылды. Қанаудың жаңа түрі 1345 жылы еңбекші халық наразылығының жаңа толқынын-тарихтағы Бірінші жұмысшы ереуілін туғызды.
1378 жылы Флоренцияда чомилердің (жалдамалы жұмысшылардың) көтерлісі болды. Олар алғашында жеңіске жетіп, өз цехтарын құрды. Қаланың өкімет басшылығына-сеньорияға өз өкілдерін сайлады. Чомпилер байлардың үйлерін, сарайлар мен кеңселерді өртеп, талан-таражға салды. Шеберханалар жабылып, олардың иелері қашуға мәжбүр болды. «Қоңды халық» өкілдері қалаға азық-түлік әкелуді тоқтатты. Көтерілісшілер сөйтіп әрі жұмыссыз, әрі азық-түліксіз қалды.Чомпилдердің сеньорияны толығымен өз өкілдерімен алмастырмақшы болғаны сәтсіздікке ұшырады.Кеңсе үйіне жиналған чомпилерді «қоңды халықтың» жасағы қырып салды. Көтерілісшілер құрған цех таратылып, оның басшылары өлім жазасына кесілді, қалған чомпилер қатаң жазаланды.
Савонарола /үйге?/
Флоренцияда медичилер билігіне наразы топтар да болды. Ол топтың мүддесін білдіруші діни-саяси қайраткер Джироламо Савонарола (1452-1498) болды. Әрі оқымысты, әрі әрі дәрігер атасының қолында туып-өскен Савонарола 23 жасында үйінен қашып, Болоньядағы доминикандық орденге мүше болып кірді. 1491 жылы Флоренцияға қайтып келіп, монастырь билігін қолға алды.
Өзінің діни уағыздарында Медичилер тираниясын (қатыгез, өрескел билік) сынады. Өзі билік еткен монастырьда құдайға адал құлшылық етуге бағытталған қатаң тәртіп орнатты. Рим папасының саясаты мен өмір салтын айыптады. Католик шіркеуіне қайта құрулар жүргізіп, діннің алғашқы тазалығына оралуды уағыздады.
1494 жылы француз әскері Италияға басып кіргенде Пьеро Медичи Флоренциядан қуылып, өкімет билігі уақытша Савонарола мен оның жақтастарының қолына көшті. Дінге жан-тәнімен берілген жастардан «әдептілік полициясын» құрды. Христиан дініне «қайшы келеді» деп табылған кітаптар, өнер туындылары отқа жағылып, қиратылды. Ойын-сауық біткеннің бәріне тыйым салынды.
Савонароланың папалықты айыптауы сол кездегі Рим папасы IV Александрға ұнамады. Папа Савонароланың уағызшылық қызметіне тыйым салды. 1497 жылы Савонарола шіркеуден аластатылды. Өз кезегінде Савонарола шіркеу соборын шақырып, папаны орнынан алуды ұсынды.
Риммен ара қатынасын үзгісі келмеген флоренциялық сеньория Савонароланы тұтқындап, оған діни-саяси сипаттағы айыптар тақты. Сеньорияның үкімі бойынша 1498 жылы Савонарола дарға асылды. Савонароланың католик шіркеуін қайта құру жөніндегі пікірлерін кейін реформацияның жақтаушылары пайдаланды.
Сабақты бекіту:
Реконкиста деген не? Ол қашан , немен аяқталды?
Испанияны кімдер, қашан, қалай біріктірді?
Католик шіркеуі реконкистаға не үшін қатысты?
Күпірлерге қарсы күрестің мақсаты қандай болды?
Инквизиция деген не?
Топтастыру «Италия»
Бетпе-бет «Венеция»
Венн диаграммасы «Венеция мен Флоренция»
Сабақты қорыту: Экономикалық жағынанқала-мемлекеттер дами отырып, XI-XV ғасырлардағы Италия бытараңқы ел күйінде қалды.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §16-17. «XI-XV ғғ. Италия» тақырыбына эссе жазып келу.
http://history.ucoz.co.uk/ сайтынан алынған
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.