.
.
Мұнайлы ауданы «Көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық».
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3880 | Размер: | Автор: Тәрбие№ 11 жалпы білім беру
орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық»
Пәні: Қазақстан тарихы
6 «б» сынып
Пән мұғалімі: Жүсіпов Ербол
Өткізілген күні: 10.12.2014 ж.
2014-2015 оқу жылы
Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Күні: 10.12.2014ж
Сыныбы: 6 «б»
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы өнімді шаруашылық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Темір дәуіріндегі тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып,оқушылардың білімін арттыру
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін,қабілетін дамыта отырып,жаңа тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Жаңа білімді игерту,баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, кесте.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
А) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Б) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
В) сыныпты топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасы (8мин)
Қола дәуіріндегі Қазақстан тақырыбын қайталау.
Сыныпты 2 топқа бөліп, әр топқа 8 сұрақтан қоямын.
“Қатесін тап, жалғастыр”
«Андронов» тобына
1. Қола мыс пен темірден жасалады?
2. Қ.Сәтбаев Солтүстік Қазақстанды зерттеді
3. 1млн т.кеннен 250 мың тонна мыс өндірілді
4. 1100 т.қалайы шығарылған Шығыс Қазақстандағы кен орындары – Қоңырат пен Ақсу
5. Қазақстанда қола бұйымдарды жасау б.з.б. 3 м. басталды
6. Андрон мәдениеті тек Сібірге таралды
7. «Андрон мәдениеті» Арқайым қаласынан табылды
8. Солт.және Батыс Қазақстаннан 80-ге жуық қоныс табылды
«Беғазы-Дәндібай» тобына
1. Солт.Қазақстандағы қоныстар- Петровка мен Зыряновск
2. Оңт. Қазақстан мен Жетісудың Таңбалы тас пен Қаратаудан суреттер табылды
3. Сырдарияның төменгі ағысындағы кесене- Айша Бибі кесенесі.
4. Андрондықтар негроидтық нәсілге жатады
5. Андрондықтардың сырт бейнесін сипаттаған ғалым – Қ.Сәтбаев
6. Б.Дәндібай мәдениетінің Андрон мәдениетінен ерекшелігі – оның тұрғындарының санында.
7. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1985 жылдан басталды
8. Б.Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым - Алексеев
ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)
§ 12 . Көшпелі мал шаруашылығы өнімді шаруашылық.
Жоспары:
1. Темір дәуіріне сипаттама
2. Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу
3. Тебіндік жайылым
4. Төрт түлік мал
Адамзат дамуының тарихи үш кезеңі
Тас дәуірі Қола дәуірі Темір дәуірі
Б.з.б 5мыңжылдықта жаңа тас ғасыры неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратуды, тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін үккіш келі, балта, қайланы т.б ойлап тапты.
Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі деп атайды.
Ерте темір дәуірі б.з.б 8 ғасырдан б.з-дың 5 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.
Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді
дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір берік әрі салмақты металл.
Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды. Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.
Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін – көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты. Олар бірте-бірте көшпелі өмір салтына көшті.
Көшпелі мал шаруашылығы
Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
Себептері
Көшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе
Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
Төрт түлік мал
Жылқы – суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ.
Түйе – жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Сиыр – тебіндеп жайылуға икемсіз, арнайы жемшөп әзірлеуді қажет етеді.
Қой – көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Суық пен ыстыққа төзімді.
Төр түлікке қатысты мақал-мәтелдер.
1.Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2.Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Әрі қарай оқушылардан сұраймын.
IV. Жаңа сабақты бекіту.Ой қорыту (6мин)
Сәйкестігін тап:
Түйелер Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.
Олар суық пен ыстыққа төзімді
Қойлар Тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.
Жылқылар Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Сиырлар Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.
І-топ. Тиісті сөздерді тап. (3мин)
1. .................берік әрі салмақты металл
2. Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі..................................
аралықты қамтыды
3. Мал басының көбеюі ......................................... қажет етті?
4. Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. ............................................соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды.
5. Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар ...............................................................ойлап тапты.
ІІ- топ. Сұрақтарға жауап бер. (3мин)
1. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі?
2. Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған?
3. Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны не ретінде пайдалануға мүмкіндік берді?
4. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында өсірілетін түлік?
5. Тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік?
Ү. Үйге тапсырма (1мин)
§12 . Көшпелі мал шаруашылығы
ҮI.Оқушыларды бағалау (1мин)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.