Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Христиан діні: христиан дінінің пайда болуы -

Христиан діні: христиан дінінің пайда болуы

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2408 | Размер: | Автор: гость
. Пәні: Дінтану Сыныбы: 9 Сабақ №: 10 Күні:

Cабақтың тақырыбы: Христиан діні: христиан дінінің пайда болуы
Сабақтың мақсаты: Христиан дініне анықтама беру, пайда болу тарихымен таныстыру
Міндеттері:
 Білімділік: Әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі – христиан діні туралы және оның бағыттары жайлы түсінік қалыптастыру.
 Дамытушылық: Оқушыларға түрлі танымдық тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту.
 Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке баули отырып, Отансүйгіш, рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, интерактивті,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, слайдтар
Пәнаралық байланыс: Тарих, адам және қоғам, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) «тілек білдіру» тренингі
ә)сабақтың мәнін ашып түсіндіру.
б)оқушыларды топқа бөлу
в)сабақтың мақсатын түсіндіру
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі:
Интерактивті тақтадан:
«Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен діни-сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам алдымен рухани жағынан жетілуге қадам жасайды да, содан кейін құдайды мойындайды, оған жақындай түседі.
Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал адамдарда оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиіс... Құдайға құлшылық ету жас кезде де, егде тартқанда да жарасады.» Н.Ә.Назарбаев
ІІІ.Ассосация әдісі:



• Оқушылар тақтаға өз түсініктерін жазады.
ІҮ.Жаңа мағынаны тану:
Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мүның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды..
II ғасырдан бастап қүл иеленуші жүйесінің дағдарысқа үшырауы салдарынан, империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағ-дарысқа түсіп, пессимизмге үшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының қүрамы өзгерді.. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адам-дардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары қүл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. басы кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдау жөнінде жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның бас-шылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қысқаша түрде каулы алды. Бүл қаулы Құдайға «сенудің - Никкейлік символы» деп аталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы қүрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды
Ү. Байланыстыру- салыстыру:
Будда Христиан

ҮІ.Бейнефильм Шәкәрім Құдайбердіұлы «Дін туралы»
ҮІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті...» - деп Абай атамыз махаббатпен жаралған адам бойында үш сүйіспеншілік болу керек деп өсиет еткен. Сондықтан, бірнеше діндер тоғысқан, көп ұлтты Отанымызда тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуы – сіз бен біздің қолымызда. Бір-бірімізді дінімізге, тілімізге, нәсілімізге қарамай «бауырым» деп сүйсек, адал жолмен жүрсек, аспанымыз ашық болып, мемлекетіміз гүлдене түсері хақ.

ҮІІІ. Кері байланыс «Бағдаршам»
• Оқушылардың сабақты қалай меңгергендерін анықтау.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып мазмұндау. Шағын эссе жазып келу: «Дін және мемлекет», «Менің дінге деген көзқарасым»
Бағалау

Толық бір жылға арналған (34 сағат) осы пәннен, тарихтан және басқа пәннен сабақ жоспарлары арзанға сатылады. Мына сайттан толық мағлұмат ала аласыз:
Sabaktar.mya5.ru
Sabaktar.ucoz.ru
Тел:+7 705 269 74 11
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.