Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы7 -

Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы7

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1568 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қазақстан тарихы пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар (5 сынып)

Күні
Сабақтың тақырыбы Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы
Сілтеме Формативті бағалау анықтамасы, диалогтік оқытудың ерекшелігі. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Қазақстан тарихы» 5-сынып Алматы «Атамұра» 2010ж
«Тарихи тұлғалар» энциклопедиясы.
Жоспар; оқулық, жұмыс дәптеріндегі 24 бет.
Жалпы мақсаты
« Шығыстың ұлы даналары» тақырыбы бойынша сыныптағы оқушыларға:
Әл-Фараби – шығыстың ұлы ғалымы туралы түсінік беру. Тақырып бойынша суретпен жұмысқа дағдыландыру. Диалог құрып сөйлесе білу дағдыларын дамытуда, жаңа әдістерді пайдалану. Бағдарлама бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексеру.
Күтілетін оқу нәтижелері Сыни тұрғыда ойлай білулерін арттыру. Топтағы балалар диалогты еркін пайдалана біледі.Сұрақ- жауап , диалогтік әдіс арқылы оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін артады. Өз ойларын қорытып айту арқылы топтық тапсырмалар орындау барысында оқушылардың білім деңгейі артады.
Түйінді идеялар Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар қойып, балалардың ақпаратты алғанда сұрақтар жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын айтып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Диалог арқылы өз идеясын, жауабын сенімді түрде білдіруге, өзгені тыңдауға мүмкіндік береді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.
Сабақта қолданылатын материалдар Постер, түсті қағаздар (стикерлер)
Карта, үлестірме қағаздар, атлас
Оқыту әдістері Сұрақ-жауап, әңгімелесу,
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Сыныппен жұмыс

Дерек көздері Қазақстан тарихы оқулығы бойынша берілген тапсырмалар, АКТ

Тапсырмалар Қазақстан тарихы жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар;
Ұйымдастыру, топқа бөлу, шаттық шеңберін құру негізінде
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой толғау
(10мин) Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру: «Сен сабаққа дайынсың ба?»
слайд арқылы сұрақ-жауап
ұйымдастыру (3сұрақ) Оқушылар топпен сұраққа жауапты дайындап, ниет білдірген топ мүшесі жауап береді.
1 жаттығу
(10мин) «Шығыстың ұлы данасы» тақырыбын постерге түсіруге тапсырма беріледі;
Оқушылардың үш тобына берілген үлестірме қағаздағы номерлі тапсырманы тез, нақты, жан-жақты ойлана, түсіне, талқылай отырып постерге түсіреді, ниет білдірген топ мүшесі қорғайды.
Сергіту сәті (2мин)
2 жаттығу
(10мин)
«Кім көп білер екен?»
Оқушыларға алдыңғы берілген тапсырма бойынша бір-біріне сұрақ қоюларын ұсыну
Әр топ оқушылары өздері дайындап келген сұрақтар топтамаларын бір-біріне қойып, жауап береді

3 жаттығу
(5мин) Сызбаны толтыруға тапсырма береді: «Әл-Фараби еңбектерін арнаған ғылым мен мәдениет салалары» Оқушылар алған білімі бойынша сызбаны толтыру арқылы өз ойларын ұштауға, есте сақтау қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады. Сындарлы ойлауға дағдыланады

Дарынды оқушыға: қосымша тапсырма беру (Өзіңді тексер, тест тапсырмалары);
Жас ерекшелігіне байланысты тапсырма беру: «Өз аты-жөніңді араб тілінің мәнеріне салып жазып көр»; Тапсырманы деңгейіне сәйкес орындайды.
Бағалау (5мин) Әр топтың көшбасшысы өз тобын бағалайды. Нені білдім? Нені білгім келеді? Нені білуім керек? сұрақтары бойынша рефлексия. Мұғалімнің бағалауы. Оқушылардың өзін-өзі бағалауына көшбасшының бүткіл топты бағалауына мүмкіндік алады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар Эссе (кішігірім шығарма) жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.