.
.
Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1963 | Размер: | Автор: ТәрбиеСыныбы: 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХІІІ ғ. басында монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, империяның басқыншылық саясатының зардаптары, жаулап алушыларға қарсы халықтар күресі жайлы жан-жақты түсінік беру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен сезінуге баулу.
Дамытушылық: Өзіндік жұмыстар жасау, сұрақтар қойып оқушылардың пікірлерін сұрау арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қожа Ахмет Иасауи қандай шығармаларын білесің?
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген?
3. Махмуд Қашқаридің еңбектері атаңыздар.
4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім?
5. Әбу Райхан әл бирунидің қандай шығармаларын білесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақта кездесетін жаңа сөздер:
Ноян- ақсүйектер
Кешіктен- Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл
Құрылтай- жиналыс
Ұлыс- бөлініп берілген жерлер
Монғол империясының құрылуы.
Монғол империясының негізін қалаушы Шыңғыс хан Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Қоғамдық құрылысы
Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) деп аталды, ол екі бөлімнен тұрды.
«Жасақ» Яса заңының бөлімдері
«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет жаз айына шақырылды.Онда алдағы болатын соғыстың жоспары талқыланды. Басқа да ішкі мәселелер қаралды.
Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жорық жасайды. 1219 жылы 150 мың әскерімен Отиырар қаласын жаулап алуға келеді. Қараша атты сатқынның кесірінен Отырарды1920 жылы Монғолдар басып кіріп, жермен жексен етеді. Бұл оқиға тарихта «Отырар опаты» деген атпен белгілі. Сығанақ қаласы да 3 ай бойы , Ашнас қаласы 15 күндей берілмеген.1219-1224 жылдары Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.
Жаулап алудың зардаптары
Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
Мәдениеттің дамуына кедергі болды.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді.
ІҮ.Сергіту сәті «поэзия минуты»
М.Шахановтың «Отырар дастаны» мәнерлеп жатқа айту.
Ү. Кітаппен жұмыс.
Мына жылдардағы тарихи оқиғаны тауып, жаз.
1207-1208 ж
1207-1209 ж
1211-1215 ж
1217 ж
1218 ж
1219 ж
1219-1220 ж
ҮІ. Проблемалық сұрақ (ауызша): Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?
ҮІІ. «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы оқушылар Шыңғыс хан туралы өз ойларын ортаға салады.
ҮІІІ. Бекіту.
ІХ. Үйге тапсырма беру
Х. Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.