.
.
Нәтижелі өзгеріс Нәтижелі өзгеріс.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1375 | Размер: | Автор: ТәрбиеМұғалім- болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына білім мен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін ашатын әрі нұрландыратын адам болып табылады. Ең бастысы мұғалім адами касиеті мол, басқаға көмегін тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі екені сөзсіз. Ал, шәкірт тәрбиелеу- ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата-анадан кейінгі жауапты адам мұғалім болса, қоғамға пайдалы жеке тұлғалар тәрбиелеп, болашаққа бағат-бағдар беруші ұстаздардың, яғни мұғалімдердің басты мақсаты.
Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай: «Мұғалімдік мамандық –бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер –ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деп өз мамадығымды шыңдау үшін Көкшетау қаласындағы қайта даярлау институтына үш айлық курс оқу үшін беттеген едім. Бастапқы өзімді мазалаған көп оймен жеткен бұл курстың маған бергені өте көп. Білімімді үш айлық курс бойынша жетілдіре түскеніме еш өкінбеймін. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, нұсқаушы, көшбасшы әрі ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл, жан-жақты болу керек. Аталмыш курс маған осы жағынан көп көмегін берді деп ойлаймын.
Бүгінгі күні мектепте өзімнің оқып келген жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасаудамын. Сабақ беру барысында мен өзімнің көп жағдайда өзгергенімді байқадым. Әрбір сабақтарда бұрынғыдай көп сөйлеуді қойып, неғұрлым оқушылардың сөйлеуіне, олардың топпен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білуіне, өз топтарында пікірлесіп, өзімен қатар өзгенің де пікірін тыңдауға, достарына көмек беруге жағдай жасап отырдым. Әр оқушының жетістігін бағалай отырып, олардың сабаққа деген ынтасын, сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік беріліп отырды. Сонымен қатар сұрақтардың түрлерін қолдана отырып түрткі болуға арналған сұрақтар қою арқылы жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін де сұрақтардың жүйелілігін саралай отырып, әр оқушыныы сабаққа тартуға тырысып отырып, олардың өздік ойлау, саралау, пікірлесу, өз ойын жеткізе білу сияқты қабілеттерін дамыту үшін жұмыстар жасай білу қажет екенінтүсіндім.
Сабақтарымда диалогтік оқыту тәсілдері пайдалану арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтауға, білімге құштарлықты дамытуға, зерттеуге ынталандыратыны, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануға көмектесетінін байқадым. Осындай жұмыстар жүргізу барысында, мен оқушыларымның бойынан оң өзгерістерді байқай алдым. Олардың бұрынғы байқала бермейтін қасиеттерін, мінез-құлықтарын, ерекшеліктерін байқай алдым. Мұғалімнің сабақты түсіндіруін қажет етпей-ақ олардың өзін-өзі және өзгені оқыта алатынын аңғару қиын емес болды. Әрине , мұғалім бұл жерде бақылаушы әрі нұсқаушы қызмет жасайды.
Топпен жұмыс жасаған кезде оқушылардың бірін-бірі тыңдай білуі, оған өз пікірін қосуы, жанындағы достарын бағалай білуі менің сабақтарымда байқалып, көрініп тұрғандықтан мен бұл өзгерісті оқушымның бойынан көре білгендіктен жаңа бағдарламаның маған тигізген үлкен әсері әрі менің нәтижелі өзгеруім деп нақты түрде айта аламын. Осындайда «Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме түседі. Себебі, менің үш айлық курста алған білімімнің нәтижесі алдымдағы оқушыларымның бойынан табылып жатса, оларға өз нәтижесін беріп жатса мен үшін бұл ұлы бақыт. Әрқашан осындай жұмысыңның нәтижелі болуы, жақсы шәкіртің алдыңнан шығып жатса әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты мен арманының орындалуы деп білемін. Армандар орындалып жатса оқушының да, мұғалімнің де, мектептің де, тіпті мемлекеттің болашағы жарқын болмақ.Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім саласына ерекше көңіл бөле отырып, «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар, Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер Қазақстан сол деңгейде болады»деген сөзі ойға оралады. Олай болса, жоғарыда Елбасы айтқандай, білім сапасын өзгертуге оң нәтижесін беретін біліктілікті арттыру бағдарламасы – Кэмбридж бағдарламасының Қазақстан мұғалімдеріне көмек көрсету мақсатында ашылған курсының көздеген мақсаты орындалмақ. Әр оқушының бойынан нәтижелі өзгерістер байқалып жатқан болса, бұл бағдарламаның мақсатының орындалатынына мен кәміл сенемін. Сенімім зор.
Сол себептен өз ойымды тағы да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырымымен аяқтағым келеді. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Ал педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Үйрену мен ізденуге жағдай жасаушы, нұсқау беруші әрі көмек көрсетуші ретінде менің ойымша біз оқыған үш айлық курстың да үлесі бар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.