.
.
Сабақтың тақырыбы: §27. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1924 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: тақырып бойынша оқушылар мәлімет алады, білімдерін бекітеді.
2. Дамытушылық: оқушылардың материалды тұжырымдап аяқтап, жүйелі ойлау,
өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын дамытады.
3. Тәрбиелік: туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, суреттерер, карта, сызба, кесте.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, іздену, мәселені шешу.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту. /2 минут/
Ой қозғап, әсер ету кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
«Дұрыс – бұрыс» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. /7 минут/
Оқиғаның дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар дұрыс бұрыс
1. Әбілқайыр хандығының аумағы Жайықтан Балқашқа дейінгі, Сырдарияның төменгі ағысы мен Ертіске дейінгі жерлерді алып жатыр. +
2. 1428 жылы Әбілқайыр хан болып сайланды. + +
3. Шығыс Дешті Қыпшақтың халқы қазақтар деп аталды. өзбектер +
4. Әбілқайыр дербес хандық құрып, 30 жыл бойы билікті ұстай алды. 40 жыл +
5. Сығанақ мемлекеттің жаңа астанасына айналды. +
6. Әбілқайыр әскерлері мен ойраттар арасындағы шайқас 1455 жылы Сығанаққа жақын жерде болды. 1457 +
7. Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілқайырдан батыс Мауараннахрға көшіп кетті. Моғолстанға +
8. Әбілқайыр хан 1468 жылы қайтыс болды. +
9. 1500 жылы Мұхаммед Шайбани Самарқанд пен Бұхараны басып алды. +
10. Мауараннахр XV ғасырдың соңына дейін Әбілқайыр ұрпақтарының қолында болды. XVI ғ. +
Өткен тақырыпты жинақтай келе, жаңа сабаққа көшу
Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Алтын Орданың ыдырауы және Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде құрылған мемлекет Ноғай Ордасы туралы оқып білеміз.
Сабақтың мақсаты: Ноғай Ордасы мен Сібір хандығының құрылуы, тарихи маңызын ашып көрсету, алған білімді бекіту.
II.Мағынаны тану. Білімді кеңейту, тақырыпты ашу /20 минут/
Әрекеттік кезеңі.
Тақырыпты топқа бөліп зерттеу тапсырылады. Сынып 4 топқа бөлінеді.
1- тапсырма: мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары. Осы берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты ашу.
1-топ: Ноғай Ордасының құрылуы.
2- топ: Ноғай Ордасының ыдырауы.
3-топ: Ноғай Ордасының саяси тарихы.
4-топ: Сібір хандығы
Оқулықтың берілген тақырыбын оқып, материалдың ең негізгісін түйіндеп жұмыс дәптеріне жазады және әр топ өз жобаларын қорғайды. /Қорғауға әр топқа 4 минут уақыт беріледі. Қорғау көрнекілік, сызба, слайд ретінде болуы мүмкін/
Мұғалім толықтырады.
III. Ойтолғаныс. Білімді толықтыру, ортаға салу. /Әр топқа-2 минут/
Әр топқа тапсырмалар беріледі. Топтағы оқушылар жеке жұмыс жасап, содан соң жұппен, топпен талқылайды. Әр топ тақтаға шығып берілген тапсырмаларына жауап береді.
1- топқа тапсырма: Датамен жұмыс. Тақтаға даталарды жазу және қысқаша қандай оқиға болғанын айту.
2- топқа тапсырма: Картамен жұмыс.
Ноғай Ордасының шекараларын, жаулап алған аумақтарын картадан көрсету.
3 – топқа тапсырма: Венн диаграммасы.
Салыстырмалы талдау кестесін ватман қағазға толтыру.
Топтан 2 оқушы шығып, Ноғай Ордасы мен Сібір хандығының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру. /Берілетін уақыт 2- минут/.
4- топқа тапсырма: сематикалық картамен жұмыс.
№ оқиғалар XVғ. I ж. XVғ. I ж. XVғ. соң. XIIIғ. II ж. XVIғ. соң. XVIғ. бас. XVғ. II ж. XVIғ. II ж.
1 Сарайшық қаласының іргесі қаланды
2 Маңғыт жұртының бекуі аяқталды
3 Ноғайлар «өзбектердің» аумағын басып алды
4 Орыс мемлекетімен қатынасы нығайды
5 Ноғай Ордасында құлдырау басталды
6 Сібір хандығының астанасы Іскер қаласына көшірілді
7 Шайбани ұрпақтарының тармағы өз тарихын аяқтады
8 Орыс-түрік бірлестігі пайда болды
Оқыта үйрету ойыны «Даналық ағаш» /4 минут/
Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан біз не білдік? Сабақтағы ең негізгі мәселе не деп ойлайсыз? Неліктен олай ойлайсыз? Негізгі мәселені бір сөзбен айқындап, сол сөзді тақтаға жазу. Осы сұрақтар төңірегінде әр оқушы бір сөйлеммен өз пікірін жапсырма қағазға жазып, даналық ағашына барып іледі
Бағалау: топбасшылары бағалау парағы арқылы тобындағы оқушыларды бағалайды.
Үй тапсырмасы: §27- ні мазмұндау, тақырып соңындағы тест тапсырмаларын орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.