.
.
Қазалы ауданы №91 Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық.
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2561 | Размер: | Автор: ТәрбиеІ-санатты тарих пәнінің мұғалімі: Жалимбетова Базар Қаршығақызы
Пән: Қазақстан тарихы
Сабақ жоспары:
Сабақ тақырыбы: § 3-4. Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық
Сабақ мақсаты:
• Қола дәуірі туралы түсінік бере отырып, б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың басында далалық өңірде көшпелі мал шаруашылығының дами бастағынын көрсету.
• Адамдардың қоғамдық қатынастырының өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткештеріне тоқталу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілікке карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Соңғы тас дәуірінің кезеңдерінің хронологиясын анықтап, қысқаша айтып беріңдер.
2. Мезолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?
3. Мезолит кезеңінің тұрақтары қай жерден табылды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері қандай?
4. Неолит кезеңі адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?
5. Ботай мәдениеті туралы не білесіңдер?
Сабақтың жоспары:
1. Қола дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері
2. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелуі
3. Орталық Қазақстандағы ру-тайпаларының қола дәуіріндегі ескерткіштері.
4. Солтүстік және Батыс Қазақстан ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері
5. Шығыс Қазақстан ру-тайпаларының қола дәуіріндегі есерткіштері
6. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Оқушылардың назарын бұл кезде өмір сүрген тайпалардың металлургия мамандығын жақсы меңгергендігіне, қола еңбек құралы мен қару-жарақ жасаудың негізгі шикізат көзі болғандығына аударып, бұл кезеңдегі шаруашылықтың даму ерекшеліктерін, қоғамдық қатынастағы өзгерістерді атап өтемін.
Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында оқушыларды қатыстыра отырып, төмендегі сызбаны жасау.
Қару-жарақ
Металлург мамандығының жетілуі Мүлік теңсіздігінің өсуі
Еңбек құралдары
Қола дәуірінің ерекшелігі
Өндірістік өнім өндіру
Отбасылық меншіктің кеңеюі
Мал шаруашылығының дамуы Көшпелі мал шаруашылығы Аталық рулық қатынас
Әрі қарай «Андронов мәдениеті» қай дәуірде қалыптасқан?
• Бұл мәдениетті жасаушы ру-тайпалардың Қазақстанмен қандай байланысы бар?» т.б. сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың білім деңгейін таразылап, төмендегі сызбаны пайдалана отырып, жоспардағы екінші мәселені түсіндіремін. Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құндылығын ащқан археолог-ғалымдар еңбегіне тоқталып қорытындылаймын.
Жоспарда көрсетілген Орталық, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Оңтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін, олардың әр кезеңінің ерекшеліктеріне тоқталамын.
Сабақты бекіту:
• Қола дәуірі және оның ерекшеліктері туралы не білесіңдер?
• Қоланың пайда болуының адам өмірінде тарихи маңызы қандай?
• Андроном мәдениеті туралы не білесіңдер?
• Беғазы дәндібай мәдениеті Андроном мәдениетінен несімен ерекшеленеді?
• Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері туралы айтып беріңдер.
• Солтүстік және Батыс Қазақстандағы ескерткіштердің ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер.
• Шығыс Қазақстандағы ескерткіштердің зерттелу тарихы туралы не білесіңдер?
• Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы ескерткіштердің маңызы неді?
Тірек-сызба
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3-4
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.