.
.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті, мәдениеті, өнері»
Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2863 | Размер: | Автор: Тәрбие№64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті,
мәдениеті, өнері»
7 Сынып
Тарих пәні мұғалімі: Беккулова Гүлбану Нұрмахановна
Шымкент 2012
Сабақтың тақырыбы: «Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті,
мәдениеті, өнері»
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға Қытайда феодалдық
қатынастың қалыптасуы мен дамуы туралы
түсіндіріле отырып, оқушыларға Қытайдағы
феодалдық қатынастың батыс Еуропа елдеріндегі
феодалдық елдеріндегі феодалдық қатынастардан
ерекшелігін түсіндіру.
ә) дамытушылығы: Оқушыларға қызықты қосымша
мәліметтер келтіре отырып, сабаққа деген
қызығушылығын арттыру. Тарихи деректерге сүйене
отырып, тұжырым жасай білуге дағдыландыру.
б) тәрбиелілігі: Отансүйгіштікке, өзге елдің тарихын
құрметтей отырып, өзіміздің төл тарихымызды толық
меңгеруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: *Қытай жерінің шаруашылық дамуындағы
ерекшеліктермен танысады.
*Қытай орталықтанған монархияның ішкі және
сыртқы саясаты жөнінде толық мағлұмат алады.
*Қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнектелігі: карта, тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
«Қызығушылығын ояту» Үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабаққа өту үшін «Ой қозғау» стратегиясы және «Жұмбақ хатты» талқылау.
«Ой қозғау» стратегиясы.
1. Орта ғасырларда біз қандай қоғамдық құрылыспен танысып жатырмыз?
2. Қай ғасырларда Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды?
3. Жер иеліктері қалай аталынады?
4. Ең ірі феодалды қалай аталынады?
5. Жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ?
6. VII ғ бастап ең жоғарғы билік және бар жер иелігі кімнің қолында болады?
7. Микадоның бірінші министрлігіне кімдер тағайындалды?
8. XI-XIII ғ аралығында Жапонияда мұрагерлік биліктің неше түрі болады?
9. 1532 жылы Жапонияның қай қалаларында кедейлер көтерілісі болады?
10. XVI ғасырдың соңында Жапонияда қалыптасқан тап?
11. Жапония неше аралдан тұрады?
12. Жапония қай материкте орналасқан?
Жаңа сабақ: «Орта ғасырдағы Қытай мемлекеті, мәдениеті,
өнері»
Жоспары:
1. Саяси құрылысы.
2. Діннің таралуы.
3. Мәдениеті мен өнері.
«Жұмбақ хат»
Оқылатын мәтін
Шығыс және орталық Азияда орналасақан бұл ел территориясы жөнінде әлемде үшінші орынға ие.
Оқ – дәрі мен оталып, улы газы бар капсулаларды ататын құрал
Елде мылтық дәрісімен қағаз жасаудың ойлап тапқан, ерте заманнан-ақ күріш өсірумен айналысқан халық тұрады. Бұл жерде адамдар сонау палеолиттен бастап мекендеген.
Ерте замандардан қалыптасқан иероглиф жазуы әлі күнге дейін қолданылады. Бір қызығы олар жоғарыдан бастап төменге қарай жазады. Б.з.б II ғасырдың ортасында дамыған. Ұлы Жібек жолының шығуында да бұл елдің ерекше маңызы бар.
Қытай ғалымдары Ұлы қорған беріктегінің сырын ашты. Химиялық зерттеу нәтижесінде қарағанда, қорған қабырғаларының тас бағандары күріш ботқасы аралас балшықпен сыланған екен.
Қазіргі таңда бұл ел дүние жүзі бойынша социалистік бағытта дамып келе жатқан мемлекет болып табылады.
«Мағынаны тану» «Әлемді шарлау» стратегиясы қолданылады.
Оқушылар үш топқа бөлінеді де әр топқа тапсырмалар беріледі. 1 және 2-ші топқа мәтін бөлініп беріледі де, 3-ші топқа алдан-ала берілген тапсырма бойынша мәліметтер жинақтау тапсырылады.
Бекіту: Қытай Джонкилері деген не?
Ұлы Қытай Қорғаны не үшін салынды?
Адамдар темірді алғаш қашан пайдалана бастады?
Қорытынды.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Будда, дао діндері туралы қысқаша мәліметтер жинап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.