Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Римнің мәдени өмірі. -

Римнің мәдени өмірі.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1612 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Райса Қыстаубаева,
Бейнеу гимназиясының тарих пәні мұғалімі.
Бейнеу ауданы,
Маңғыстау облысы
C а б а қ т ы ң ж о с п а р ы
Сыныбы: 6
Пәні: Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §32. Римнің мәдени өмірі
Сабақтың мақсаты: Рим қалаларының мәдени орталыққа айналуын, сурет, мүсін өнерінің дамуын анықтап, христиан дінінің қалыптасуы туралы түсіну
Сабақтың міндеті:
1. Рим мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін ұғыну.
2. Мәдени мұраларды қорғау, оларға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
3. Әсемдікке, эстетикалық талғамдарға баулу.

Сабақтың нәтижесі:
1. Ежелгі Римдік қалалар мен қала өмірін қазіргімен ұқсастықтарын салыстырып
біледі, сәулет өнері мен мүсін өнерінің ерекшеліктерін анықтайды.
2. Христиан дінінің шығу тарихымен танысады. Әлемдік 3 діннің бірі екендігін
біледі. Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызын түсінеді, оқып-біледі.
3. Жаңа тақырыпты игеру барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды, топта оқушының жұмыс жасай білуі анықталады, белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады.

Сабақтың көрнекілігі: 1. «Ежелгі Рим» картасы.
2. Дүние жүзінің саяси картасы
3. Интерактивті тақта, слайдтар

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топқа
бөліп отырғызу.Топ жетекшісін сайлау. Бағалау парағын
үлестіру.

Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы тексеру.
1. Ежелгі Римде балалар неше жастан бастап оқыған ?
2. Білім берудің екінші сатысында оқытылған ең басты пәндерді ата ?
3. Цицерон “римдіктер геометрияны не үшін оқып үйренген” деп жазды ?
4. Рим поэзиясының “алтын ғасыры” деп қай кезеңді айтамыз ?
5.“Энеида” поэмасының авторы кім ?
6. Қай ақын өз шығармаларында Августың жеке басын, қызметін мадақтаған, Рим
қаруын дәріптеген, достықты уағыздаған ?
7. Цицеронның қанша трактаттары мен хаттары, шығармалары сақталған ?
8. Цицерон кімнің шығармаларын жоғары бағалаған ?
9. Римде қабылданған қай жылғы заң нормалары халықаралық қатынастарды да
қамтыды ?
10. Римде б.з.б. II және I ғасырларда жаңа заңдар мен ережелер неге сүйеніп
жасалды ?

Үйге тапсырма мен жаңа сабақты байланыстыру.

Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Қалалар мен қала өмірі
2. Сәулет өнері
3. Мүсін өнері
4. Христиан дінінің шығуы
5. Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызы

«Топтастыру стратегиясы» арқылы мағынаны ашу
Әр оқушыға жеке мәтін беріледі. Оқушы INSERT әдісін пайдаланып оқу.
1.Іштей оқиды. Түсінеді. Ойланады. v білемін
2. Өзінің оқығанын топта талқылайды. + жаңа білім
? тереңірек білгім келеді - менің пікіріме қайшы
Әр топтағы 4 оқушы 4 жоспарды кезекпен бір-біріне түсіндіреді.Топтағы талқылау аяқталған соң, экраннан суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға кітаптан оқыған мәліметі бойынша жауап беріледі.Экраннан қосымша мәліметтер де көрсетіледі.







Т а п с ы р м а л а р :
1-топқа “Қала өмірі” (РАФТ әдісін пайдалану)
2-топқа “Мен ежелгі Рим театрында болдым” (әңгіме құрастыру)
3-топқа
Не таңқалдырды? Неліктен? Сұрақ


4-топқа “Тарихи сынақхат”
Қорытындылау: «Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызын» айту.
Бағалау критериі бойынша бағалау. Шығу парағын толтыру.
Үйге тапсырма: Венн диаграммасын пайдалана отырып, Римнің мәдени өмірі мен
Грекияның мәдени өмірін салыстыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.